Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Негізгі және туынды зат есім


2 сентября 2016, 11:43 | 750 просмотров



Сабақтың мақсаты: Білімділігі:  Зат есім туралы оқушылардың білімдерін бекіту. Негізгі және туынды зат есім туралы түсінік беру, сөйлем ішінен зат есімді табу.Дамытушылық: Зат есім туралы білімдерін толықтырып, балалардың ойлау қабілетін, белсенділігін арттырып, сауатты жазу дағдысын қалыптастыру

Тәрбиелік: Ізденімпаздыққа, еңбекқорлыққа, адамгершілікке тәрбиелеуСабақтың әдісі: Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың көрнекілігі: оқулық, суреттерСабақтың барысы: Ұйымдастыру1 Психологиялық дайындық Қайырлы күн балалар! Күннің көзі сіздерге жылылық сыйлайды. Бәріміз бірге қуанайық, Бәріміз бірге дос болайық!

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: 5-жаттығу.

Түбір сөздердің қай сөз табы екенін айту.

Ұзын , көр,  біл, ем, жол, өшір, тату, әдемі.

 Берілген сөздерді зат есімге айналдырып жазу.

Жаттығуды оқыту арқылы тексеремін.

Ой қозғау: Ынталандыру сұрақ Мен кіммін? (оқушылардың ойын таңдау) Адам - мамандық иесі. Мамандық түрлері көп.«Ең жақсы» ойыны 1 Ең тәтті мамандық 2 Ең сақ 3 Ең нәзік 4 Ең шығармашыл 5 Ең жауапты 6 Ең салмақты 7 Ең ауыр 8 Ең алдамшы - Бұл сөздердің бәрі қай сөз табына жатады? - Зат есім деген не? - Зат есім нешеге бөлінеді? Тірек сызбамен жұмысІІІ. Мағынаны ашу: Жаңа сабақ Зат есім негізгі және туынды болып бөлінеді. Негізгі түбірден болған зат есімді негізгі зат есім дейміз, күн, дос, үй Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есімді туынды зат есім дейміз. Жұмысшы, жыршы, әншіIV. Оқулықпен жұмыс: 1 - жаттығу Өлеңді түсініп оқу. Туынды түбірлерді теріп жазу. Олар қай сөз табы?

Қарамен жазылған сөздерді теріп жазып, сөз құрамына талдау. Осы туынды сөздерді қатыстырып, 2-3 сөйлем құрап жазу.

Туынды зат есімдерді мағынасын түсіндіру.

Жазылуын есте сақтау.

І топ тапсырмасы.

2 – жаттығу. Төмендегі жұрнақтарды пайдаланып бірнеше туынды зат есім жазу.

 ІІ топ

3-жаттығу. Бір сөзден бірнеше туынды зат есім жасап жазыңдар.

V.Сергіту сәті:

Жазып-жазып бәріміз,

Талып қалды қолымыз.

Бір, екі, үш,

Бойға жинап күш,

Отырамыз біз тыныш.

ІІІ топ4-жаттығу. Жаңылтпашты көшіріп жазу. Туынды  зат  есімдердің астын сызыңдар.

Заңгер мен дәрігер мамандықтары туралы не білесіңдер?

VІ.  Ой қозғау:Тарағы бар қолында Кімді айттым ойымда

VІІ.  Шығармашылық тапсырма: «Шаштараз»VІІІ.Қорытынды: Не үйрендік? Не білдік?ІХ. Үйге тапсырма: 5-жаттығу.

Бағалау, мадақтау.

Автор:
Зухра Дюсюпжанова, «Сарыбастау орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі. Кербұлақ ауданы.


Комментарии


Комментариев нет.

Контент устарел, комментирование закрыто