Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Ағылшын тілін жаңарта оқыту- заман талабы


2 сентября 2016, 11:45 | 304 просмотра



Бүгінгі таңда ағылшын тілін оқытудың жаңа бағдарламасын оқыту білім мекемелерінде жүзеге асырылып жатыр. Осы бағдарлама бойынша аудан мектептерінен келген мұғалімдер Талдықорған қаласындағы №2 орта мектепте курстан өтуде.

«Жаңартылған білім беру бағдарламасы» тақырыбында өтіп жатқан курсты білікті мамандар өткізуде. Атап айтар болсақ ,біздің тобымызға Ахметова Гайни Хасенқызы жетекшілік етуде.

Курстың негізгі мақсаты;жаңартылған оқу бағдарламасы аясында ағылшын тілі пәнінен мұғалімдердің педагогикалық дағдыларын жаңарту. Жаңартылған бағдарламаның түсіндірме жазбасында көрсетілгендей қазіргі кезеңде оқушының өз бетімен білімге ие болу барысында оның белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу үрдісіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады.

Бұл тәсілдеме пәндік білімді,әлеументтік және коммуникативтік дағдыларды ғана емес,сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуге,сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді.Мұғаліммен бірлесіп шығармашылықпен айналысу және серіктестік,кеңесші ретінде мұғалімнің қолдауы кезінде оқушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие болады.

Тұлғалық-бағдарламалық білім беруді осындай сипатта жаңарту білім беру үрдісіне барлық қатысушылардың өзара қарым-қатынастарында өктемшілікке жол бермей, ынтымақтастығы үшін алғы шарттарды құрайтын оқытудың алуан түрлі интерактивті әдістерін қолдану кезінде мүмкін болады.Диалогтық және рефлексивті технологияларды қолдану оқушылардың жоба және зерттеу жұмыстарын ұйымдастырумен сабақтасады.Оқу үрдісін ұйымдастыру барлық инновациялық тәсілдемелері оқытуды білім,идеялар және іс-әрекет тәсілдерімен белсенді түрде алмасуды көздейтін оқушының шынайы шығармашылық үрдісіндегі қарым-қатынас моделіне айналдырады.

Ағылшын тілін жаңаша оқыту тіл үйренудің негізі болып табылатынына көз жеткіздік.Курс барысында кең ауқымды дағдылардың бағытталған іс-әрекеттерді үйрендік.Сонымен қатар топпен және жеке дара жұмыс істей алу,мәселелерді шешуді және шешім қабылдай білуді,қарым-қатынас жасаудың түрлерін,зерттеу жұмыстарын жүргізуді үйрендік.Осы үйренген әдіс-тәсілдерді сабақ беру барысында қолдансақ,үш тілді меңгерген,патриоттық сезімдері жоғары,сапалы азаматтар тәрбиелейтінімізге кәміл сенемін!

Автор:
Досаева Айсұлу, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі №29 орта мектебі Талғар ауданы Бесағаш ауылы.


Комментарии


Комментариев нет.

Контент устарел, комментирование закрыто