Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Ұзынсары


9 сентября 2016, 16:14 | 655 просмотров



Мақсаты

Күтілетін нәтиже.

  1. Қабдеш Жұмаділовтың «Ұзынсары» әңгімесімен таныстырып, «ұзынсары» сөзінің мағынасын түсіндіру.

2.Оқушылардың  танымын  арттырып,  ой-өрісін дамыту.

  1. Адамгершілікке,  ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:  сұрақ-жауап,  оқу,  мазмұндау, мақал-мәтел айту

Көрнекілігі: суреттер, нақылсөздер

Психологиялық ахуал.

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Үй тапсырмасын тексеру.

Миға шабуыл.

-Балалар қазір жылдың  қай мезгілі? Көктем

-Қазір көктемнің қай айы?  Наурыз

-Наурыз айында қандай мерекелер болады? Аналар күні, Наурыз мерекесі

-Адамдардың бәрі қалай киінеді?

Қызығушылықты ояту.

III  Кіріспе.

22 наурыз- Ұлыстың ұлы күні.

Балалар  22 наурыз  жалпы мұсылман  халқының оның  ішінде қазақ халқының жаңа жылы.  Наурызда күн  жылынып,  табиғаттың бәрі оянып,  жаңарады екен.  22- наурызды «Ұлыстың  ұлы күні»  деп те атайды. Бұл күні үлкен мереке.  Ата- әжелеріміз, қыз-жігіттеріміз  бәрі ұлттық киім киіп, әр түрлі әндер айтылып  билер биленеді.  Ұлттық ойындар ойналады, жарыстар өткізіледі. Күн мен түн теңеледі.  Қыдыр ата ел жерді аралайды.  Бұл күні ренжісіп жүрген кісілер бір- бірімен татуласады.

Мағынаны тану.

IV  Бірлесіп жұмыс істеу. Қабдеш  Жұмаділов.

1936 жылы 24 сәуірде Шыңжаң  өлкесінің Тарбағатай  аймағы,  Малдыбай  ауылында дүниеге келген.  Ауылда бастауыш білім алып, кейін Шәуешек гимназиясын  бітіреді.  1956жылы  Қытай үкіметінің  жолдамасымен  Алматыға  келіп,  Қазақ  мемлекеттік  университетінің филология факултетіне оқуға түсіп,  1965 жылы бітіріп  шықты.  Қазақ әдебиеті газетінде  «Жазушы»  баспасында,  Мемлекеттік баспалар комитетінде  жауапты қызмет атқарды.  1981 жылдан бырыңғай  шығармашылық жұмыста.  1954  жылы  алғашқы өлеңдері жарық көрді. «Қаздар қайтып барады» атты алғашқы әңгімелер жинағы 1968 жылы,  «Көкейкесті»  романы  1969 жылы жарық    көрді.  Содан бері жазушы қаламынан көптеген әңгіме,  хикаяттар, он шақты роман туды. Бүгінге дейін отызға тарта кітабы шықты. Медальдармен, Қазақ  КСР Жоғары кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталды. 1998 жылы «Қазақстанның Халық жазушысы»  деген атақ берілді.

Әр топқа мәтін жазылған бетшелер таратамын.

V «Түртіпалу» стратегиясы

  1. Оқушылар мәтінді 5 минут ішінде іштерінен оқиды.
  2. Сөздік жұмыс.  Тошала – қыста ет сақтайтын жеке үй.
  3. Атағаш– атбайлау үшін орнатылған түбірік
  4. Мәтіннің мазмұнын ашу үшін жұптар бір-біріне сұрақ жазады.
  5. Мәтінді топ ішінде сұрақ қою арқылы мазмұнын ашады
  6. Екі топ бір-біріне сұрақтар қою арқылы мәтіннің мазмұнын ашады

Сергіту сәті.

Орманда кірпі келеді,

Саңырауқұлақ тереді.

Кездесті, міне, керегі:

Екеуі қайың астынан.

Біреуі терек қасынан.

Қанша олар болмақ есепте,

Тоқылған салса себетке?

Ой толғаныс.

VI  ЖҰМБАҚ ШЕШУ.

  1. Ұзын мұртты сарылар,

Қойнында наны бар. (бидай)

  1. Өзі ақ, өзі тас,

Дәмін татсаң ащы-ақ. (тұз)

  1. Алыстан көрсем ақ тас,

Жақыннан көрсем-дәмді ас. (күріш)

  1. Арғытегі сүт, өзі тастан қатты,

Дәмі бірақ қышқылтым да тәтті. (құрт)

  1. Бойы бір қарыс,

Сақалы екі қарыс (жүгері)

  1. Қар кетіп,

Қыр көгерді,

Құс қиқуы көбейді.

Жергедиқан дән сеуіп,

Қорадан жас төл өрді. (көктем)

VII  ТОППЕН ЖҰМЫС.

I топ:  Шұжық неден жасалады?

II топ: Қазақтың қандай ұлттық тағамдарын білесіңдер?

ШҰЖЫҚ- малдың етін, іш майын турап, оған жуа, сарымсақ, тұз, бұрыш қосып араластырады, жылқының ішегіне салып, екі жағын байлап  тобарсытады, етпен бірге асады

ҚАЗАҚТЫҢ  ҰЛТТЫҚ  ТАҒАМДАРЫ.

Тандыр нан, шелпек, бауырсақ, талқан, жент, қуырдақ, бас тарту, ет, шұжық, мипалау.

IX  ҚОРЫТЫНДЫ.

Ұзынсары деген не екен?

Балалардың ұзынсары деп күтіп жүргені қонақ па екен?

Мәтінде қандай тағам түрі айтылған?

Үйге тапсырма.

Бағалау.

Автор:
Динара ОНГАРОВА, бастауыш сынып мұғалімі. «Сарыбастау орта мектебі» КММ.


Комментарии


Комментариев нет.

Контент устарел, комментирование закрыто