Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Балақайды қуантайық»


9 сентября 2016, 16:16 | 389 просмотров



Жуырда «Бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында Кербұлақ аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Балақайды қуантайық» атты тақырыпта «Мектепке жол» акциясы өтті.

Акцияның мақсаты — мектепке баруға мүмкіндіктері шектеулі, ата-ана қамқорлығынан айырылған оқушыларға қамқорлық көрсетіп, оларға мектепке баруына жағдай жасап, толықтай білім алуға жағдай жасау.

Аталған шара ауданда үзілмей жалғасын тауып келеді. Әр жылдағы жарияланатын акция барысында аудан әкімдігі, мекеме ұжымдары мен кәсіпкерлер өз жанашырлықтарын танытып, мұқтаж жандарды қуанышқабөлеуде.

Қайырымдылық жасау барысында «Не берсең де балағабер, бала үшінжаса» дейтін нақыл сөзді ұстанған Кербұлақ аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Саханұлы өз сөзінде, осы акцияға белсене қатысқан демеушілерге партия атынан алғысын білдірді. Сонымен қатар, аудандық партия филиалының қолдауымен №49 мектебінің оқушысы Дүйсен Рамазан, Қонаев орта мектебінің оқушысы Наурызбай Нұрбекке мектеп, спорт формасы, сабаққа керекті құрал-жабдықтарын табыс етті. Сөз соңында оқушыларға жаңа оқу жылында биік белестерді бағындырып, сабақтарын жақсы оқитындарына сенім білдірді.

Автор:
Маржан Қайратқызы, «Нұр Отан» партиясы Кербұлақ аудандық филиалының қызметкері.


Комментарии


Комментариев нет.

Контент устарел, комментирование закрыто