Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Тема: Кербұлақ тынысы

«Отбасы-қоғам негізі»


9 сентября 2016, 10:17 | 2 755 просмотров



«Нұр Отан» партиясы Кербұлақ аудандық филиалының ұйытқы болуымен ағымдағы жылдың қыркүйек айының бесі мен оны аралығында Отбасы күніне арналған бірқатар іс-шаралар легін өткізуді жоспарлауда. Басты мақсаты – отбасы мәселесінің маңыздылығына, отбасы құндылығына және дәстүрлеріне қоғамның назарын аудару. Отбасы мерекесі – бұл үлкендердің және балалардың арасындағы достық, өзара түсіністік таныту және өзара көмек көрсету. Жоспарға сәйкес бүгін отбасы күніне арналған «Отбасы-қоғам негізі» атты тақырыпта алғашқы кездесу өтті. Кездесуге «Нұр Отан» партиясы Кербұлақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж. Бозымбеков, аудандық кітапхана директоры Баян Үсенбайқызы, аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Бауыржан Қатшыбеков, ауданның құрметті азаматшасы Күлән Аманбайқызы, жергілікті газеттің тілшісі Асқар Қалиакбаров және жас отбасылар қатысты.  Шара барысында сөз алған аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жомарт Саханұлы отбасы құндылығын түсіндірді.  «Біздің елде жыл сайын қыркүйек айының екінші жұмасында Отбасы күні аталып өтеледі. Осыған байланысты түрлі шараларды ұйымдастырамыз. Көбіне егде тартқан жандармен жас отбасыларды кездестіреміз. Онда өзекті деген сұрақтар қойылып, пікір алмасуға негізделеді. Қазіргі қоғамда ажырасудың басты себептері және отбасының іргесі балада екендігін баса айтқанымыз дұрыс деп ойлаймын. Енді өзімнің отбасы туралы түсінігімді айтып өтсем. Отбасы деген сыйластығы мен жарасымдылығы орнаған орта, кішкентай мемлекет. Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады. Сондықтан кездесуге келген жас отбасылар, сіздер ақ жаулықты аналардың сөзіне құлақ асып, жанұяның берік болуына ықпал жасасаңыздар-деді. Кезекті сөз кезегін алған Күлән Аманбайқызы өз ойын ортаға салды.  «Ата-ана да өздері жанұя құрған кезде бір-біріне шексіз сүйіспеншілікпен, махаббаттық сезімдері табысқан кезде қалыптасады. Әке мен ананың арасындағы сыйластық, өз ара түсінушілік, олардың бір-бірін ұғынысуы, сыйласуы, қандай мәселер болсын, материалдық, әлеуметтік, қоғамдық және экономикалық мәселерді шешуде пайымды шешімдер тауып жатса, бұл отбасының берекесі мен берері де мол болатыны мәлім. Осы мәселе қазіргі кезде еуропалық дәстүрге көбірек бой ұрып барады. Яғни қазақы болмыстан айырылып, бала тәрбиесі, отбасы берекесі келеңсіз жәйттерге бұрыла бастады. Ата-аналардың татулығы отбасының күре тамыры болып табылады. Өйткені ол балаға берілетін тәрбие және әлеуметтік мәселелердің тууына әкеп соқтырады-деді.  Шара соңында жас жанұялар күрделі деген, үй және жұмыс мәселелері туралы сұрақтарын ақ қағаз бетіне түсірді. Аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Саханұлы аудан басшыларымен бұл мәселені шешуге уәде берді.

Автор:
Маржан Қайратқызы «Нұр Отан» партиясы Кербұлақ аудандық филиалының қызметкері