Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Чек не үшін қажет?


23 сентября 2016, 10:42 | 516 просмотров



Чек – бұл біздің өмірімізде аса мән бере қоймайтын күнделікті көрініс болып табылады. Ал даулы жағдай туындап жатқанда немесе тауарды қайтару керек болған жағдайда біз бірден чектің маңызды екендігін есімізге түсіріп, оны жанталаса іздей бастаймыз. Иә, көбінесе біздің әрекеттеріміз сәтсіз болып жатады. Жалпы чек не үшін қажет? Бізді тұтынушы ретінде қауіпсіздендіру үшін ғана ма? Немесе оның аса өзекті мәні бар ма? Осы жөнінде төменде толығырақ айтамыз.

Бізге дүкенде берілетін чекті сауатты түрде фискалдық чек деп атайды. Бұл дегеніміз не? Осы чектер арқылы сатушы, яғни кәсіпкер қанша тауар өткізді, қандай бағамен және нәтижесінде қанша пайда тапқандығының есепке алынуы жүреді, сәйкесінше оған осыдан қанша салық төлеу керектігі белгілі болады. Сатушы чекті ұсынбай салық төлеуден жалтарады. Ал салық болса, өзіңіз білетіндей біздің әлеуметтік аулығымыз! Бірақ бұл дүкенге сауда жасауға келгенде көбі ойлана бермейтін бір ғана, бірақ өте маңызды аспект. Кейде чектен, мәселен автобус билетінен өз еркімен бас тартатын «жанашырлар» да кездесіп жатады. Соңғысы да тұтынушы үшін пайдасы жоқ факт, бірақ қазір әңгіме ол жайлы емес. Біз дүкенге келгенде «әркімдікі өзіне» дегендей мемлекеттің салауаттылығы туралы ойламаймыз. Чек кейіннен, яғни егер сізге тауар келмей қалған болса немесе ақауы бар болған жағдайда өте қажет болуы мүмкін. Тауарды қайтару рәсімін әрине чексіз де шешуге болады, бірақ ол қиынға түседі.

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы»ҚР Заңының 33-бабының 1-тармағында «Сатушы (дайындаушы, орындаушы) бақылау-кассалық машинаны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіпте және жағдайларда қолдануға міндетті» деп жазылған. Яғни, егер сіз тауар немесе қызмет үшін төлесеңіз, онда сізге чек немесе сауданы растайтын басқа да құжат ұсынылуы қажет. Ол туралы 24-баптың 10-тармағында айтылған, ол бойынша сатушы «тауарды сату (жұмысты орындау, қызметті көрсету) кезінде тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) фактісін растайтын құжатты беруге» міндетті.

Заңның осы бабында көрсетілген тағы бір қызықты жайт: «Сатушы (дайындаушы, орындаушы) бақылау-кассалық машиналар орналастырылған жерде тұтынушының бақылау (тауарлық) чегін алу қажеттілігі туралы және бақылау-кассалық машиналарын қолдану тәртібі бұзылған жағдайда оның мемлекеттік кірістер органына жүгінуге құқылы екендігі туралы қазақ және орыс тілдерінде ақпарат орналастырады». Бұл дегеніміз сатушы тарапынан бұзушылықтар анықталған жағдайда, тұтынушы тиісті органдарға жүгінуге құқылы.

Егер Сіз чекті алмасаңыз немесе абайсызда лақтырып тастасаңыз не жоғалтып алсаңыз, онда сізге куәгерлерге жүгінуге тура келеді. Бұл факт «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңның 18-бабында көрсетілген. Дегенмен чекті, оны сақтау қажеттілігі болғанға дейін сақтаған дұрыс. Бұл дегеніміз – техникалық міндеттегі тауарлар үшін – кепілдік мерзімі өткенге дейін және азық-түлік өнімдері үшін –пайдаланғанға дейін сақтау. Тағы да бір маңызды жайт: чекте бұлардан басқа сауда жасалған күн көрсетіледі. Соған байланысты ықтимал қайтару есебі жүргізіледі. Сізге тек қана тиісті сападағы тауарды сатып алған күннен бастап 14 күн ішінде қайтара алатындығыңызды білуіңіз керек. Ол туралы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы»ҚР Заңның 14-бабында айтылған.

Енді сіз барлық жағынан сақадай сайсыз, ал сіздің қаншалықты сауатты тұтынушы болатыныңыз өзіңізге байланысты. Ал біз өз тарапымыздан сізге тек сәтті сауда тілейміз!

Автор:
М.Кенжебекова, Кербұлақ аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының бас маманы


Комментарии


Комментариев нет.

Контент устарел, комментирование закрыто