Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Жаңашыл балабақша – 2016» халықаралық байқауының жеңімпаздары!


17 октября 2016, 09:15 | 479 просмотров



 2016 жылдың тамыз айының 15-19 аралығында Қырғыз Республикасының Шолпан ата қаласында Қазақстан Республикасының «Білім беруді дамытудың халықаралық академиясының» ұйымдастыруымен мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің «Жаңашыл балабақша-2016» халықаралық байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты: мектепке дейінгі білім берудің үздік модельдерін айқындау мен көрсету, балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыру бойынша мектеп жасына дейінгі білім бағдарламасын іске асыратын ұйымдардың қызмет тиімділігін арттыру. Мектепке дейінгі білім берудің білім бағдарламасын іске асыратын инновациялық қызметті айқындау, шығармашылықпен жұмыс істейтін білім беру ұйымдарының ұжымдарын айқындау, қолдау мен көтеру, инновациялық тәжірибені тарату, жекелеген педагогтар мен педагогикалық ұжымдардың үлесін қоғамға таныту мақсатында өткізілді.

Байқауға Қазақстан,  Ресей, Қырғыз Республикасының мектепке дейінгі ұйымдарының 50-ге жуық жаңашыл педагогтері қатысты.  «Жаңашыл балабақша» халықаралық байқауының да талаптары өте жоғары болды. Мектепке дейінгі білім беру тақырыбы мен өзекті міндеттерінің сәйкестігі, ақпараттық технологиялар арқылы алуан түрлі нысандарда мектепке дейінгі білім беру мен дамытушы заттық-кеңістік ортасын құру, МЖМБС талаптарына сәйкестігі, шығармашылық бастаманы дамытуда жұмыс сапасы мен нәтижелеріне жеке қызығушылықты ынталандыруы, педагог қызметкерлердің кәсіби қарым-қатынас диапазонын кеңейтуді, жаңашылдық, ерекшелік, технологиялықты талап етеді.

Халықаралық байқауға Кадирова Перизат Мұсағалиқызы басқарып отырған Талдықорған қаласындағы №8 «Күншуақ» бөбекжай-балабақшасының  ұжымы бақ сынап, қаламыздың ғана емес облысымыздың үкілеген үмітін арқалап барып қайтты. «Күншуақ» бөбекжай-балабақшасының халықаралық байқауға баруы тегін емес. 2015 жылдың ақпан айынан бастап “Күншуақ” бөбекжай-балабақшасы Қазақстан Республикасы  мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың  жалпы білім беретін типтік бағдарламасы мен жаңа технологияларды апробациядан өткізуде сынақ  алаңы болып табылады.

Сонымен қатар Алматы облыстық әдістемелік кабинетінің келісімімен «Монтессори педагогикалық орталығы» құрылған. Орталық инновациялық әдістемеге негізделіп тәрбиеленушілер мен педагогтердің жұмыс жасауына толық материалдық базамен қамтамасыз етілген арнайы жабдықталған, балабақшаның бірі. Сонымен қатар балабақшаның білімді ұрпақ тәрбиелеуде, жоғары білімді, жоғары, бірінші, екінші  санатты педагогтермен қамтамасыз етілген. Балабақшаның ашылғанына 5 жыл уақыт қана болса да бәсекеге қабілетті қаламыздың алдыңғы қатарлы балабақшалар қатарынан көрінуде.

Халықаралық байқау бес кезең бойынша өтті.

  1. «Сәлеметсіз бе, бұл біз!». Мектепке дейінгі білім беру ұйымына виртуалды экскурсия.
  2. «Инновациялық жәрмеңке». «Мектепке дейінгі ұйым педагогтарының инновациялық білім беру бағдарламалары»
  3. «Инновациялық өрнек» Интерактивті таныстырылымдар конкурсы
  4. «Әдістемелік қобдиша» «Блиц-викторина»
  5. «Біз таланттылармыз!» «Шығармашылық шеберханасы»

Байқаудың әділ-қазы алқалары Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінен және облыстық білім басқарламаларының мамандары бағалады. Байқауда әділ-қазы алқалары командалардың тиісті бағасын   бірден ашық түрде көрсетіп отырды. Жан-жақтан келген мектепке дейінгі мекемелердің мамандары команда болып сайысқа түсті. Бәрі де облыстарындағы ең мықты деген мекемелердің педагогтері. №8 «Күншуақ» бөбекжай-балабақшасынан балабақша меңгерушісі Кадирова Перизат Мұсағалиқызы, балабақша әдіскері Тумаева Раушан Қабдолдақызы, балабақша психологы Туғанбаева Гулзат Абилдақызы, балабақша тәрбиешісі Мукаева Торғын Шайхсламқызы барды.

Байқау 5 күн бойы өтті, аталған кезеңдер бойынша бірінші кезеңнен бастап ең жоғары бағаны  иеленіп алдыңғы қатардан көріне білген балабақша ұжымы «Жаңашыл балабақша – 2016» халықаралық байқауының І жүлделі орынын жеңіп алды. Сонымен қатар келесі жылғы қыркүйек айында Италияда өтетін халықаралық слёттің гран при иегері атанып 30%-дық сертификаттн иеленді. «Білім беруді дамытудың халықаралық академиясының» ұйымдастыруышылары басшымыз П. Кадированы тұңғыш беріліп отырған «Жаңашыл жетекші» төсбелгісімен марапаттады. Балабақша әдіскері Р.Тумаева «Инновациялық жәрмеңке» номинациясының иегері атанса, педагог-психолог Г.Туғанбаева мен тәрбиеші Т.Мукаева «Инновациялық өрнек» номинациялары бойынша дипломдармен марапатталды.

Халықаралық байқауға қатысу дегеніміз іс-тәжірибе алмасу, шыңдалу, жігерлену деп білетін балабақша басшысы Перизат Мұсағалиқызы  халықаралық байқаудан «Жаңашыл балабақша»  деген атқа ие болу балабақша тарихындағы ең елеулі де айтулы жетістік деп бағалайды. «Еңбегіне қарай құрмет» -дейтін дана халқымыз сонау Қырғыз Республикасына барып қоржындары толып қайтқан №8 «Күншуақ» бөбекжай-балабақшасының қуанышын бөлісуді жөн көрдік. Балабақшаның бірлік пен татулықта, бала тәрбиесіне аса көңіл бөліп, өз міндеттерін мүлтіксіз атқарып келе жатқан балабақша ұжымына қанаттарыңыз талмай тек биікке самғай беріңіздер! - демекшіміз.

Автор:
Талдықорған қаласындағы №8 «Күншуақ» бөбекжай-балабақшасының ұжымы.


Комментарии


Комментариев нет.

Контент устарел, комментирование закрыто