Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Қорытынды брифинг өтті


17 октября 2016, 09:35 | 273 просмотра



Бүгін «Нұр Отан» партиясы Кербұлақ аудандық филиалының ұйымдастыруымен қоғамдық қабылдау бөлмесіне түскен тұрғындар өтініштерін қарау қорытындысы бойынша брифинг өтті. Брифингке аудандық «Кербұлақ жұлдызы» газетінің өкілдері, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А,Диханбаева, аудандық Жұмыспен қамту оралығының өкілдері арнайы шақыртылды. Брифингте сөз алған, төрағаның бірінші орынбасары Ж.Бозымбеков, қоғамдық қабылдау бөлмесі бойынша ағымдағы жылдың 9 айлық жұмыс көрсеткішін, партияның 9 жобасын, партияның сайлауалды бағдарламасын, аудан тұрғындарының әлеуметтік мәселелерін шешуде, тұрғындарға шағын несие алып ауылшаруашылық өнімдерін өндіруге, шешуін таппай қордаланып қалған тағы да басқа өзекті мәселелерді жүзеге асыруда атқарған жұмыстары туралы жан-жақты хабарлама жасады.          «Нұр Отан» партиясы Кербұлақ аудандық филиалында 9 ай көрсеткіші бойынша, 112 қабылдау өткен. Оның ішінде: әкім-2, әкім орынбасарлары-7, мекеме басшылары-54, құқық қорғау-9, депутаттар-26 қабылдау өткізген. Бұдан басқада өз өтінішімен келген жергілікті тұрғындарға көтерген мәселелері бойынша толыққанды кеңес берілген.  Келіп түскен өтініштер: азаматтарды әлеуметтік қамтамасыз ету, тұрғын үй және жер учаскелерін алу, сот және құқық қорғау жүйесі, жұмысқа орналастыру мәселелерін қамтыған.  Сондай- ақ жыл басынан, халықты толғандыратын мәселелерін шешу мақсатында ауыл ауылда «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша азаматтарды бірыңғай қабылдау күндері, «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясы, «Әділет кеңес береді» акциялары ұйымдастырылды. Акция аясында ауыл тұрғындарына көтерген мәселелері бойынша кеңес беріп, жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүрізілген.

Автор:
Қарлығаш Менисова «Нұр Отан» партиясы Кербұлақ аудандық филиалының сектор меңгерушісі


Комментарии


Комментариев нет.

Контент устарел, комментирование закрыто