Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Ардагерлерді ардақтайық


17 октября 2016, 09:35 | 386 просмотров



    «Нұр Отан» партиясы Кербұлақ аудандық филиалына қарасты «Жоламан» БПҰ ұйтқы болуымен, «Ардагерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында «Жоламан» БПҰ төрағасы Д.Нүспеков тыл ардагерлерінің үйін аралап, жағдайларын сұрады.          Шараның мақсаты ардагерлерлерге құрмет көрсетуді еселей түсіп, жастарға ақ жаулықты аналар мен ақсақалды аталарға қамқор болуға тәрбиелеу. Игі бастамаға ат салысқан «Жоламан» БПҰ төрағасы Даулет Нуспеков Жоламан ауылында тыл ардагері және жалғыз басты қарияларға барып, қол ұшын берді.         «Бала кезімізде ақ сақалды аталарымыз бен ақ шашты әжелеріміздің “Жасымда қаншалықты бейнет берсең, қартайғанымда соның зейнетін көрсете көр”, – деп жаратқанға жалбарынып отырғандарына талай куә болдық. Бұл тұрғыда біз ғана емес барлық елді –мекендерде де қариялар мәселесіне бей-жай қарамайды. Қарттар мен мүгедектер, қорғаушысы жоқ кембағалдар жалпы зейнеткерлер жайы Президентіміздің дәстүрлі халыққа Жолдауында да назардан тыс қалған емес. Жыл сайын ардагерлерімізді 9 мамыр Жеңіс күнінде және қарттар күні мереке қарсаңында құрметтейміз. Үлкендерге деген сый-құрметтің бір күннің аясында шектеліп қалмау керек. Сондықтан ауыл қарияларына мейлінше көңіл бөлгенді жөн көріп, шараны шамамыз келгенше ұйымдастырып келеміз»-деді, «Жоламан» БПҰ төрағасы Даулет Мұратбекұлы.  Жоламан ауылдық әкімі аппаратының қызметкерлері өздеріне бөлінген ауыл үлкендеріне сыйлықтар апарып, көңілдерін көтеріп қайтты.

Автор:
Назым Алшынова «Жоламан» БПҰ мүшесі


Комментарии


Комментариев нет.

Контент устарел, комментирование закрыто