Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Бағалау - оқытудың ажырамас бөлігі


28 октября 2016, 10:05 | 749 просмотров



Биылғы оқу жылынан еліміздің мектептерінде 1-сыныптарда жаңартылған оқу бағдарламасымен оқыту процесі басталып та  кетті. Бастауыш білім берудің мақсаты: кең ауқымды дағдылардың негіздерін меңгерген оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасып дамуына қолайлы білім беру ортасын құруболып табылатыны белгілі. Оқу жылының басынан сонымен бірге оқытудың ажырамас бөлігі - бағалаудың жаңа жүйесін, критериалды бағалау жүйесін енгізуді ұйымдастыру жұмыстары да жүргізілуде.

Критериалды бағалау жүйесін енгізу жүйелі негізде кезеңдер бойыншажүргізілетініарнайы құжат болып саналатын "Критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған нұсқаулықта" атап көрсетілген. Сондай-ақ құжатта аталған міндеттерді жүзеге асыру критериалды бағалау бойыншаөңірлік және мектеп үйлестірушілеріне жүктелетіні, өңірлік үйлестірушілер аудандық/қалалық білім беру бөлімдерініңәдіскерлері ішінен, мектеп үйлестірушілері жалпы білім беретін мектептердедиректордың орынбасарлары ішінен анықталатыны, үйлестірушілердің негізгі рөлі бағалау жүйесін сапалы басқаруды,бағалау рәсімдерін іске асыруға қолдау көрсетудіқамтамасыз ету болып табылатыны нақты айтылған.

Педагогикалық шеберлік орталығының Талдықорған қаласындағы филиалы қыркүйек айынан бастап "Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде критериалды бағалау жүйесін енгізу бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілерінің біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша оқыту курсын" жүргізуде.

10 күндік біліктілікті арттыру курсы барысындаөңірлік және мектеп үйлестірушілері :

  • жаңартылған білім бағдарламасы аясында критериалды бағалау жүйесін енгізу жағдайында өз міндеттерін атқаруға даярланады;
  • критериалды бағалау жүйесінің құрылымымен және мазмұнымен танысады;
  • критериалды бағалау жүйесінің қағидаттарын түсініп, қолдана білуге дағдыланады.

Курс бағдарламасы бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілері жаңартылған оқу бағдарламасы мен критериалды бағалауды енгізудің алғышарттарымен таныса отырып, жаңартылған бағдарлама мен критериалды бағалау жүйесінің ерекшеліктеріне талдау жасайды, терминдермен танысады. Критериалды бағалаудың тұжырымдамалық құрылымында Қазақстанда критериалды бағалау жүйесін енгізуге негіз болған "Толық меңгерту теориясы", "Кері дизайн әдісі", "Скаффолдинг теориясы", "Жақын арадағы даму аймағы", "Әлеуметтік-конструктивистік теориясы", "Құзыреттілікке негізделген тәсілдеме", "Оқу мақсаттарының теориясы", "Сөйлеу әрекетінің теориясы" атты тұжырымдамаларды жан-жақты талдап, негізгі идеясын түсінеді деп болжануда.

Критериалды бағалаудың тұжырымдамалық құрылымына жан-жақты талдау жасағаннан кейін: «Критериалды бағалаудың мазмұны қандай болу керек?», деген сұраққа жауап іздестіреді. Келесі кезекте критериалды бағалаудың мақсатымен, міндетімен және құрылымымен, яғни, қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалаумен танысып, әрқайсысына жеке-жеке тоқталады.

Қалыптастырушы бағалаудың шығу тарихына шолу жасалынып, анықтамасы тұжырымдалады. Орта мерзімді жоспарларға сүйене отырып, қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру және нәтижесі бойынша бақылау парағын жүргізу жолдары толық қарастырылады.

Жиынтық бағалауды жоспарлау, өткізу, нәтижесін тіркеу бағытындағы жұмыстар тыңдаушының өз бойынан практика жүзінде өткізуі негізінде жүргізілуде. Атап айтсақ, екінші аптаның бірінші күнінде тыңдаушылардан бірінші аптаның бағдарламасы бойынша алты сұрақтан тұратын жиынтық бағалау тапсырмалары дайындалып, сол тапсырмаларды орындау негізінде жиынтық бағалау өткізіледі. Жиынтық бағалауды өткізу барысында тыңдаушылар жиынтық бағалауды өткізу ережесімен, тапсырмаға дескриптор құру жолымен танысады. Берілген тапсырмаға өздері дескриптор құрып, оларға балл белгілейді. Орындалған жұмыстар кодталып, тыңдаушылар бір-бірінің жұмыстарын тексеріп, бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауға негізделген әрекеттерді: жұмыстың орындалу сапасын анықтау арқылы білім алушының деңгейін белгілеп, сол жұмыс бойынша ата-анаға арналған рубрика жазу дағдыларын қалыптастыруда.

Тоқсандық жиынтық бағалауды меңгеру жұмыстарында тыңдаушылардың өздері орындаған жиынтық бағалау тапсырмаларының нәтижесін талдау жалғастырылады. Енді тыңдаушылар құрылған дескриптор мен балдарға сүйене отырып бағалау кестелерін құруғажәне бір-бірінің жұмыстарына шәкіл арқылы баға қоюға дағдыланады. Баға қойылғаннан кейін тыңдаушылар бір-бірінің жұмысына модерация жүргізіп үйренеді.

Сондай-ақ, курс барысында тыңдаушылар 1-2 пән (тыңдаушылардың таңдауы бойынша) бойынша аудан көлемінде 3-тоқсанға арналған тоқсандық жиынтық бағалаудың тапсырмаларын дайындап алуда. Сонымен бірге тыңдаушылар курс барысында өзара кеңесе отырып,оқу бағдарламасына критериалды бағалау жүйесін енгізу бойынша оқушыға, ата-аналарға, мұғалімге, бірлестік жетекшісіне, мектеп және өңірлік үйлестірушілердің қызметі мен міндетіне арналған жадынамаларды, жұмыс жоспарларындайындап алуда.

Мұның өзі үйлестірушілердің өз қызметтеріне оралғаннан кейінгі жұмыстарын жүйелеуде үлкен көмек боладыдеп ойлаймыз.

Осылайша, бірлескен жұмыстардың барысында білім мазмұнын жаңарту бағдарламасының ажырамас бөлігі - критериалды бағалауды жалпы білім беретін мектептерге енгізу сатысында сенімді қадамдар жасалуда.

Автор:
Сауырбаева Куляш Ермухамбетовна Талдықорған қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының тренері


Комментарии


Комментариев нет.

Контент устарел, комментирование закрыто