Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жаһандану үрдісінде заманауи педагогикалық технологиялар негізінде интеллектуалды ұлт қалыптастыру .


28 октября 2016, 10:06 | 586 просмотров


             Білім беруді дамытуда педагогикалық технологияларды үнемі жетілдіру қажеттілігін туындататын– бұл дүниежүзілік жаһандану үрдісі. Қазіргі таңда дамыған мемлекеттердің мол тәжірибесін зерттеу барысында білім саласын дамыту арқылы  еліміздің жетістіктерге жететіні айқын. Осыған орай қазақстандық ұстаздар «Назарбаев Зияткерлік мектебі» даярлаған бағдарлама бойынша біліктілікті арттыру курсында білімдерін жетілдіріп, дүниежүзілік озық педагогикалық технологияларды қолдануда. Бағдарлама ұстаздардан шынайы шығармашылықпен жұмыс жүргізуді талап етеді, оқушылардың қабілетін дамытуда бағдарламаның мүмкіндігі шексіз. Менің педагог ретінде көзқарасым  бағдарламаның бірінші (ілгері) деңгей бойынша жұмыс жүргізу барысында  өзгеріске ұшырады.

           Бүгінгі таңда елімізде «Интеллектуалды ұлт-2020» бағдарламасы жүзеге асырылуда, оның бастамашысы Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев 2008 жылы 30 қаңтарда «Болашақ» стипендиаттарының форуымында «Қазақстанда интеллектуалды ұлт қалыптастыру қажет» деген идея ұсынды. «Интеллектуалды ұлт-2020» бағдарламасы бес кезеңге бөлініп жүзеге асырылуда: 1. Дайындық кезеңі – 2008-2009; 2. Реформалау кезеңі – 2010-2011; 3. Имплементация кезеңі – 2011-2012; Мониторинг кезеңі – 2013-2018; Даму жаңғыру кезеңі – 2018 жылдан басталады. Жобаның басты мақсаты -қазақстандықтарды жаңа формацияға тәрбиелеу, Қазақстанды бәсекелестік

қабілетті адам капиталына бай елге айналдыру  екендігі айтылды. Президенттің айтуынша, "жоба әлеуетті үш жағдайды ескеруге тиіс".

-Бірінші жағдай білім беру жүйесінің инновациялық дамуына қатысты;

-Екінші басты мәселе, ақпараттық революция;

-Үшінші бағыт жастарды рухани тұрғыдан тәрбиелеу. [1,2б]

          Елбасының интеллектуалды ұлт қалыптастыру идеясы деңгейлік бағдарлама идеяларымен үндесуде. Білім беру жүйесінің инновациялық дамуына қатысу осы бағдарлама негізінде жүзеге асуда. Білім саласында өзгеріс енгізу педагогикалық тәжірибені жаңартып, дамыту арқылы ғана мүмкін. Яғни ұстаз үшін үнемі ізденіс маңызды , ол өз кезегінде үздіксіз білім жетілдіруге итермелейді. Білім беру үдерісінде

нші бағытыйды ескеруге тиіс"; н толық үндестікте сондықтан ді.асы ка ғылымының мытуда жетекші орын алды.зор жетістіктерге жетеұстаз еңбегінің басты өлшемі- шәкірттің тәрбиесі және білімі екендігі анық. Сонымен қатар қазіргі таңда мұғалім өз еңбегін бағалауда «Оқушының мектептен алған білімі өмірде қолданыла ма?»- қағидасын қалыптастыру маңызды мәселе болып жатқаны айқын. Яғни шәкірттің функционалдық сауаттылығын арттыру үшін нысаналы тапсырма арқылы нәтижеге қол жеткізу бағыты басшылыққа алынды. Деңгейлік бағдарлама ұсынып жатқан заманауи әдіс-тәсілдер ұстаздың құзырлылығын дамытуда жетекші орын алды.

           Теориялық білімнің  нәтижесін практикада  нақты көру педагогика ғылымының ерекшелігі болып табылады. Үш ай аралығында жинақталған теориялық білімімді тәжірибеде қолдануға асыққан мен төмендегідей көзқарасқа тұрақталдым.Өз жұмысымды SMART мақсатқа негізделген жоспарға сүйеніп жүргізуді басшылыққа алдым. Яғни жұмыс жоспары оң нәтижесін беру үшін  дұрыс қойылған мақсатқа негізделу тиіс. Осы қағиданы басшылыққа алу арқылы қазіргі таңда ұстаздар және оқушылармен жүргізген жұмыстарым практикада өз жемісін берді. Оң нәтиже ретінде  педагогикалық ұжымның бағдарлама идеяларына қызығушылығы артып, сабақта, ата-аналар жиналысында топпен жұмыс жүргізу, СТО стратегияларын қолдану барысын айта алдым. Әрине дәстүрлі әдіс-тәсілдерге сүйенген ұстаздар үшін бағдарлама идеяларын қабылдау барысы баяу қарқынмен жүзеге асса да, сана-сезімдерінің өзгеруін күнделікті пікіралысу барысында, маған қойылған сұрақтары, айтылған ойлары арқылы байқадым. Ұстаздар және оқушылармен жұмыс жүргізуде бағдарлама идеяларының тиімділігін дәлелдеу үшін дәстүрлі және заманауи педагогикалық технологияларды салыстыру әдісін қолдануды жиі пайдаландым. Мысалы мәтінді талдауда  дәстүрлі сабақта ұстаздың әңгімесі жетекші болса заманауи сабақта сол мәтінді    топпен жұмыс барысында оқушылардың өздері де еркін меңгергендігіне ұстаз да оқушының көзі жетті.   

     Жаһандану үрдісінде ұстаздар үшін интеллектуалды ұлт қалыптастырудың негізі -нақты нысаналы мақсатты қою қабілетін дамыту. Өз алдына нәтижелі мақсатты қоя алатын ұстаз ғана нәтижеге бағытталған шәкіртті тәрбиелейді, дұрыс бағыт бере алады. 

           Интеллектуалды әлеуетті тұлға – адамгершілік және ұлттық құндылықтарға негізделген жаңа және арнайы мамандандырылған білім көздерін жоғары дәрежеде игеру арқылы пайда болған білім, білік, құзыреттерді өзінің, ұлты мен Отанының мүддесіне жарата алатын азамат. [2,3б]. Осындай  тұлға қалыптастыру ұстаздар тарапынан терең біліммен қатар заманауи педагогикалық технологияларды шебер қолдануды талап етеді. Өз мамандығының шебері болу үшін ұстазға білімін жетілдірумен қатар қазіргі таңда ақпараттық технологияларды еркін меңгере алуы шарт. Үнемі АКТ-дың жаңалықтарын назарда ұстау және тиімді қолдану арқылы ғана білім саласын да тез және сапалы дамытуға болады.Ақпаратты-коммуникативті технологияларды сабақта және сабақтан тыс қолдану ұстаздың тәжірибесін байытады, оқушылардың қызығушылығын арттырады.Себебі ХХІ ғасыр-инновациялық  технологиялар ғасыры.

          Жаһандану  үрдісінің бір көрінісі ретінде ғаламтор жүйесін айтуға болады. Деңгейлік бағдарлама идеяларын меңгерген ұстаздар ғаламтор жүйесі арқылы Педагогикалық Шеберлік Орталығының порталында өзара тәжірибе алмасады. Яғни ғаламторда педагогикалық идеялардың жаһанды қоры қалыптасты, еліміздің ұстаздары жаһанды кәсіби қоғамдастық көмегімен интеллектуалды ұлт қалыптастыруға атсалысуда.

          Интеллектуалды тұлғаны қалыптастыруда заманауи әдіс-тәсілдер өзінің тиімділігін көрсетті. Әсіресе сын тұрғысынан ойлаустратегиялары  алдыңғы қатарда.Білімді меңгеруде оқушының сыни ойлау қабілетін дамытатын әдіс-тәсілдердің орны ерекше. Өзінің іс-әрекетін талдап бағалайтын рефлексивті «Кеңістіктегі ойлар» стратегиясы, «Инсерт», «Ия-Жоқ» әдістері және тағы басқа көптеген стратегиялар оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытып, дәстүрлі жаттанды жауаптардан басқа өздерінің ойын, көзқарасын  қалыптастырып, тікелей интеллектісіне әсер етуге бағытталған.

       Оқушылардың өзіндік сана-сезімін қалыптастыруда  маңызды орын алатын эстетиканыңәсерін ұмытпауымыз қажет. Ұстаз,оқушы, ата-ана  мектепке кірген сәттен бастап өздерін білім әлемінде жүргенің сезіну үшін тиісті ахуал қалыптастырудың ролі зор. Мектеп-гимназияның өзіне тән логотипі, формасы, ән-ұраны, ғаламтордағы сайты, ережесі, көрсеткіштер рейтингісі және тағы басқа сыртқы белгілері мектеп-гимназияның статусына өз әсерін тигізеді. Мұғалім, оқушы, ата-ананың бойында өз мектебі үшін мақтаныш сезімі қалыптасады. Яғни бұл фактор білім орнының ерекшелігін көрсете отырып, ұстаз және оқушыда жауапкершілік қасиетін қалыптастырады.

              Мектеп өмірі білім, ғылым саласына тән зерттеу, тәжірибе жүргізу, нәтижеге қол жеткізу сәттерінен құралған. Сондықтан мектеп-гимназияны қазіргі таңда белсенді оқыту орталығы түрінде дамыту басты бағыт болып табылады. Белсенді оқыту орталығын қалыптастыру үшін арнайы кабинет жабдықталуда. Оқушыларды топтастырып оқыту, оқушылардың шағын көрме бұрышын ұйымдастыру, рефлексия үлгілерін жинақтау, ұстаздардың құжаттамасын жинақтау, кабинетті оқушы және ұстазға қажетті техника құралдарымен жабдықтау  және тағы басқа іс-шаралары жүзеге асырылды. Яғни мектеп-гимназияда заманауи әдіс-тәсілдер және педагогикалық технологиялардың лабораториясын жабдықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Интеллектуалды тұлға қалыптастыру қадамдары.

          Атақты шығыс философы Әл-Фараби "Оқытудың негізгі әдісі - көрнекілік" деген екен. Ұлы ұстаздың сөздері өзінің өзектілігін қазіргі кезге дейін жоғалтқан жоқ. Демонстрация және иллюстрация арқылы оқушылардың бойында танымдық, шығармашылық, зерттеушілік қабілеттері дамиды. Сонымен қатар қазіргі кезеңде көрнекіліктер сан-алуан түрде болғанымен оқушылардың іздену қабілетін қалыптастыру мақсатында презентация дайындау тапсырмасын беріп, презентация арқылы өз ойын, тілін, коммуникативтік қабілетін дамыту мақсаты жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде. Ұстаз оқушыға сенім білдіре білу қажет, осылай ғана баланың жеке қабілетін анықтауға және ашуға болады. 

«Логикалық ойлау – логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны –  логикалық сөйлеуді ұстаз дамытуға тиіс», - деп көрсетті К.Д.Ушинский.

             Интеллектуалды тұлғаның логикалық ойлау қабілеті жоғары дамыған. Сондықтан Елбасы ұсынған «Интеллектуалды ұлт-2020» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ұстаздар тарапынан оқушының бойында логикалық ойлау қабілетін дамыту әдістемесін жетілдіру қажеті туындап тұр. Осы орайда  логикалық ойлауды дамытуға бағытталған логикалық ойындар, логикалық сұрақтар, логикалық тапсырмаларды қолдану заман талабына айналуда.

           Заманауи педагогикалық әдіс-тәсілдер логикалық ойлауды дамытуға негізделген. Дүниежүзіндегі барлық құбылыстың логикалық түсіндірмесі бар. Оқушының логикалық ойлау қабілетін дамыту үшін қандай болмасын жағдайдың, құбылыстың, іс-әрекеттің, мәселенің, оқиғаның реттілігін анықтау үшін қолайлы жағдай қалыптастыру қажет және дұрыс сұрақ қою маңызды. Яғни оқушының логикалық ойлау қабілетін дамыту үшін қолайлы орта және орынды қойылған сұрақтың маңызы зор.Аталған екі шарт негізінде оқушыұсынылып отырған жағдайдың, құбылыстың пайда болу реттілігін түсіну арқылы дұрыс шешім қабылдайды.

         Жаһандану үрдісінде заманауи педагогикалық технологиялар Елбасының «Интеллектуалды Ұлт-2020» бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі құралы. Қазақстандық ұстаздар деңгейлік бағдарлама идеяларын практикада қолдану арқылы еліміздің білім беру саласын жаңа сатыға көтерді. Осы орайда өзімнің алғашқы нәтижем ретінде білім орнымдағы педагогикалық ұжымның менің жұмысыма деген қызығушылығы (кері байланыс барысында айтылған пікірлер, өзара тәжірибе алмасу) және оқушылардың білім сапасының артқандығын көрсететін статистикаға  (67% -дан 96% ға дейін өсу динамикасы) сүйене отырып айта аламын.

      Интеллектуалды ұлт қалыптастыруға негізделген жұмыс жүйесін қалыптастыру барысы қазіргі таңда өзінің бастапқы сатысында деп айтуға болады. Дегенмен алғашқы қадамдардың арқасында нәтижеге жететіндігіме сенімім мол. Себебі ұстаз және оқушының тарапынан қазіргі замаңғы озық педагогикалық технологияларға қызығушылықтың артқандығы байқалып, нақты мақсат қою, логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру жұмыстары қолдауға ие болды.

                              Пайдаланылған дереккөздер:

  1. http://kaz.gazeta.kz/news/memleket-basshysy-intellektualdy-ult---2020-zhobasynyng-bastamasyn-koterdi-newsID52789.html;
  2. Мұсатаев С.Ш.– әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Саясаттану кафедрасының профессоры, саяси ғылымдарының докторы

«ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КАПИТАЛДЫҢ ҰЛТ ҮШІН МАҢЫЗЫ» мақаласы.

Автор:
Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласы «Абай атындағы орта мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналд


Комментарии


Комментариев нет.

Контент устарел, комментирование закрыто