Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Болашағы біртұтас ел.


28 октября 2016, 10:08 | 267 просмотров


Таңғажайып  тамаша,сыршыл табиғаты шетелдіктердің таңдайын қақтырған,тарихы сонау ғасыр қойнауынан маржан тізетін жәдігерлері бар- Қазақстан мемлекеті қанатын кеңге жайып келеді.Мүшел жасқа қадам басуы-төрткүл  әлемді  тегіс мойындатқан,ынтымағы мен келісімі жарасқан ел болып қалыптасқанымыз.Әуелден бергі,бастан өткен зобалаң күндерді  ысыра отырып,жаңа заманға жаңаша қарау.Ресей Федерациясының үкімет басшысы В.В.Путин: «Н.Ә.Назарбаев төрағалық етіп жүргенде-ақ оның жаңа заман адамы екенін аңғарған едім»деп,ағынан жарылғаны есімізде. Соған орай,өз кезінде ауытқушылық пен артықшылықтың жүгін көтерген Тәуелсіздіктің оңай жолмен келмегенін аңғара аламыз. «Тарихы жоқ елдің –болашағы бұлыңғыр» дей келе,өз тарихымызды білісімен-ақ,асқар шыңды,биік белесті бағындыра алады екенбіз.Тәуелсіздік күнімен,Тәуелсіздік идеясымен өмір сүруіміз қажет және ол бізден талап етіледі. Егемендігіміздің арқасында тарихымызға да, мәдениетімізге де,қоғамымымзға да,өткеніміз бен бүгінгімізге де тәуелсіз көзбен қарап, келеміз. Елбасының мызғымас  елді бір қанаттың астында тыныш басқарып,ынтымақ пен бірлікті қамалдай қалап отырғаны көз қуантар нәрсе. «Қазақстан - 2050» стратегиясының маңызы осыдан айқын көрінеді.Алпауыт елдермен тереземіз тең,керегеміз кең болып отыруында.Алайда,әр заманның бір «сұрқылтай» кездері, «әттеген-ай» дейтін қара жақтары болары,хақ.Өркениеттің өсуі-тіл қадірін тұтқан адамдардан шарықтау алады.Өз тілімізбен дағдылы өмір сүру,қазіргі қазақ тілінің мәртебесі туралы айтпақпын.Елбасымыз айтқан екен: «Он  қазақтыңішінде екі-үш орыс болса, орысша сөйлеп кететін халықпыз». Көпұлтты мемелекет болғандықтан,бізге белгілі факт ұлтаралық сөйлеу мәнері-орыстілді екенінде.Әрине,әр нәрсенің жекелей келгенде өз орны,реті бар.Қазақ пен қазақ орыс тілде «бұлбұлша» сайрап,өз тіліне келгенде мәңгүрттеніп қалуы,титтыққа тиетін жайт.Олардың өз тілінде үлкен салтанат құруын асыға күтудеміз.Бізге ұнамаса да, ақиқатты жоққа шығара алмаймыз.

«Әдебиет пен өнер ұлы болмай,ұлт ұлы болмайды» деген Ғабит Мүсірепов атамыз.Расымен,тіл мүддесін қорғау,қазақ тілінің өрісін өсіру - біздің міндетіміз.Ал үш тілді азамат болу-заман талабы. Оны әуелден Абай, Ахмет, Ыбырайлар қалыптастырып,заман ағымына салып кетті. Бір емес бірнеше тілдерді меңгеру-ата заманнан бізге қалған үрдіс. Ол адамзаттың озық ойлау, болмаса өркениетке керегін тигізу іспеттес.  «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Одан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық.» деген ұлы Абай. Ата-аналар - кішігірім мемлекетті басқарып отырған тұлағалар. Сол мемлекеттен шығатын азаматтар мен азаматшаларды дұрыс жолға түсіретін ең басты қозғаушы күштер. Ана тілін оларға барынша түсіндіріп: «Тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді» деген пікірді ұялату. Болашағы біртұтас  елдің, жұртшылықтың осындай дәреже Тәуелсіздікке  жеткізіп отырғанда тіл екендігін ұмыттырмау. Либералды,егеменді мемлекет болғаннан соң көзіміз ашық,көкірегіміз ояу халдеміз.Барынша шындықты шымырлатып сөйлеу, қашанда болсын бір көрсеткіштің болуына септігін тигізген тарих үшін 25 жыл ол - қас-қағым сәт. Дегенмен, бұл жылдардар да оңай жолмен оңтайланып келмеді. Болашағынан зор үміт күттіретін 25 жастағы жас жігіттің аяқалысы секілді, лезде дамып шығамыз әлі. «Тәуелсіз елдің тәуелсіз ұландары,қазақ елінің  ата-салтын, шеберлігін, көрегенділігін айшықтай отырып,қазақ тілінің байлығын мінсіз ұғыну, біздің борышты міндетіміз. Ел тізгіні - болашығынан таудай талап күттіретін, тәуелсіздік мұратын сезіне білетін жастардың қолында демекпін.

Автор:
Сарыөзек ауылы № 49 орта мектебінің 11 «ә» сынып оқушысы Мұхаметжан Раушан


Комментарии


Комментариев нет.

Контент устарел, комментирование закрыто