Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Өрт қауіпті кезеңге дайындық күшейтілді.


19 мая 2017, 12:22 | 703 просмотра



Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің 2017 жылғы екінші тоқсанға арналған жұмыс жоспарының 33/49 тармағын орындау үшін Жамбыл ауданының   Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен әскери дайындықты жоғарылату және дағдыларын игеру мақсатында табиғи өрттерді сөндіру бойынша (мемлекеттік өртке қарсы қызметі жоқ бөлек елді мекендерде) Алматы облысының Жамбыл ауданыныдағы 24 ауылдық округтерінің  ерікті өрт сөндіру жасақтарының арасында жарыс ұйымдастырылып, өткізілді.

Іс шара 2017 жылдың 16 мамыр күні, Ұзынағаш ауылының  №7 Өрт сөндіру бөлімінің ауласында жауынгерлік құрам және жасақ басшыларының жетекшілері көмегімен өткізілді.

Жарыс жаттығу мұнарасының 2-ші қабат терезесіне орнатылған шабуыл сатысы бойынша көтерілу; кедергісі бар 80 метрлік жолақтан өту; капитандар конкурсы – жауынгерлік киімін кию атты жаттығулар түрлері бойынша өткізілді.

Жарыс нәтижесі бойынша  ортақ көрсеткіштердің есебімен  I – ші орынға Мыңбаев  ауылдық округінің жасақ мүшелері, II-ші орынға Сарытауқұм ауылдық округінің жасақ мүшелері, III-ші орынға  Ақтерек ауылдық округінің жасақ мүшелері тұрақтады. Жарыс озаттары мадақтамалармен марапатталды.

Жарыстың басты мақсаттары: табиғи өрттерді сөндіру кезінде ерікті өрт сөндіру жасақтарының тиімділігін жоғарлату және өрт сөндіру бөлімімен тығыз қарым қатнасты орнату болып табылады жәнеде осы мақсаттар жарыс нәтижесі бойынша қол жеткізілді.

Автор:
Жанаев Айбек Жамбыл ауданының ТЖБ бас маманы азаматтық қорғау майоры


Комментарии


Комментариев нет.

Контент устарел, комментирование закрыто