Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Қарасай ауданының орта мектептері арасында Жас құтақарушылар жасақтарының жарысы өтті


19 мая 2017, 12:34 | 675 просмотров



 Ауданның орта мектеп директорларының бұйрықтарымен, жас құтқарушылар жасақтарының құрамы анықталып, бекітілді. Мектептерде өрт қауіпсіздік ережелері, өрт кезіндегі іс-әрекеттер және жасақтардың міндеттері жайлы лекция өтті.

Қаскелен қаласының ӨСБ-1 аймағында «Ашық есіктер күні»  болды. Өрт сөндіру бөліміне 72 бала келіп, оларға өрт сөндіру бөлімін аралатып, өрт сөндіру техникаларымен таныстырылды. Іле ауданының ТЖБ жеке құрамымен балаларға кейбір өрт сөндіру техникаларымен қолдану әдістері көрсетілді, және қарауыл бастықтарымен жаттығу мұнарасында саптық дайындық қойылымдар көрсетілді.

Содан кейін балаларға өрт сөндіру күзеті  және Қаскелен қаласының №1 өрт сөндіру бөлімінің тарихы жайлы лекция болды және ЖҚЖ-ның мақсаттары жайлы сұхбат өтті.

Қарасай ауданының ТЖБ және аудандық білім беру бөлімінің бірігіп жасалған бұйрығына сай ЖҚЖ арасында өтетін жарыстың реті мен кестесі жасалды.

ӨСБ-1 базасындағы жарысқа Қарасай ауданының мектептерінің 8-10 сынып оқышалрынан құралған ЖҚЖ-нан 12 топ қатысты.

Жарыс бағдарламасы келесі кезеңдерден тұрды:

«Өрт сөндіру сатысымен жаттығу мұнарасының екінші қабатына көтерілу», Капитандар сайысы –«өрт сөндірушінің жауынгерлік киімін кию».

Жарыс аяқталғаннан кейін топтар арасындғы жеңімпаздар анықталды:

1 орын Сатпаев ОМ

2 орын Керимбеков ОМ

3 орын Алимкулов ОМ

«Өрт сөндіру сатысымен жаттығу мұнарасының екінші қабатына көтерілу» жеке сайысында:

1 орын Алтынсарин ОМ-нің оқушысы Омаров А.

2 орын Байсалбаев ОМ-нің оқушысы Хамитов Р.

3 орын Барибаев ОМ-нің оқушысы Сарсенбеков А.

«Өрт сөндірушінің жауынгерлік киімін кию» жеке жарысында

1 орын Сатпаев  ОМ-нің оқушысы Турсынов М.

2 орын Кокозек ауданының ОМ-нің оқушысы Капысов А.

3 орын Кошмамбетов  ОМ-нің оқушысы Хасанов Б.

Жарыс аяқталған соң, комиссия мүшелерінің шешімімен , топтық және жеке сайыстарда жеңімпаздар  мен жүлдегерлер анықталды. Олар кубоктармен, мадақтама грамоталарымен, медальдармен, бағалы сыйлықтар мен марапатталды.

Жеке сайыстарда үздік  нәтиже көрсеткен қатысушылармен, облыстық жарыстарға қатысу үшін, жатығу ұйымдастыру жоспарланып отыр.

ЖҚЖ жарыстарына жылдан жылға аудан мектептерінің атынан қатысушылардың саны артып келетінін ерекше атап өткен жөн. Бұл оқушылардың біздің қызметке деген қызығушылығының артқанын көрсетеді.

Автор:
Қарасай ауданы ТЖБ бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Ботпаев Ж.Ж.


Комментарии


Комментариев нет.

Контент устарел, комментирование закрыто