Авторы:
Киякбаева Нуржан Базарбековна,
Педагог-модератор, қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі
«Ш.Уәлиханов атыдағы №10 орта мектеп-гимназиясы» КММ
Жетісу облысы, Талдықорған қаласы.
Бөлім: | 10-бөлім: Ғылым мен технология жетістіктері. Пунктуация | |||||
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты: | Киякбаева Н.Б. | |||||
Күні: | 25.11.2024 ж. | |||||
Сынып: 6 Б | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы: | Қазіргі заманауи технологиялар | |||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: | 6.3.4.1— эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу («келісу, келіспеу» эссесі) 6.4.5.1— қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін (даралаушы) түсіну, дұрыс қолдану | |||||
Сабақтың мақсаты | — эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырады, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазады («келісу, келіспеу» эссесі) — қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін (даралаушы) түсінеді, дұрыс қолданады | |||||
Сабақтың барысы | ||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты | Педагогтің әрекеті | Білім алушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||
Сабақтың басталуы 5 минут Сабақтың ортасы 10 минут 10 минут 20 минут Сабақтың соңы 5 минут | І.Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу. 1.Психологиялық ахуал қалыптастыру 2.Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру; Болашақта бізде үйлер қандай болады деп ойлайсыңдар? «Ақылды үй» жайлы естідіңдер ма? Сол «Ақылды үйде» жарықтандыруды қалай автоматтандыруға болады? 1-тапсырма Ақпарат көздерінен жаңа технологиялар мен ғылыми жаңалықтар жайлы ақпарат табыңдар 2-тапсырма. Табылған ақпараттарды оқып, өз ойларыңды қосып талқылаңдар. Тілдік бағдар. ӘТН. Тырнақша мынадай орындарда қойылады: 1.Сөйлеуші я жазушы өз сөзінің ішінде басқа біреудің сөзін өзгертпей, сол қалпында қолданса, ондай сөздер мен сөйлемдер тырнақшаға алынады. Бұл — тырнақшаға алынған сөздер мен сөйлемдердің аутордың өзінікі емес, бөгде біреудікі екендігін, төл сөз екендігін білдіреді. 2.Мақалдар мен мәтелдер, афоризмдер тырнақшаға алынады. Мұндайда оның алды-артынан төл сөзге тиісті тыныс белгілері қойылмайды. 3.Ойға тірек етіліп отырған сөздер мен сөйлемдер, жеке дыбыстар жазуда тырнақшаға алынады. 4.Әжуа, сықақ, кекесін, мысқыл мағынасында қолданылған сөздер мен сөйлемдер тырнақшаға алынады. 5.Дәйексөз тырнақшаға алынады. 6.Газет, журнал, кітап, шығарма, қаулы-қарар аттары өзге біреудің сөзінің ішінде қолданылғанда, бұлар тырнақшаға алынады. 7.Кәсіпорын, фирма, зауыт, фабрика, ұйым аттары мен машиналар мен құрал-жабдық маркалары түсініктемесіз айтылғанда, тырнақшаға алынады. 3-тапсырма. Жеке жұмыс «Заманауи ақылды үй жүйесідегі жарықтандыруды автоматтандырудың артықшылықтары мен кемшіліктері» тақырыбына келісу/келіспеу эссесін жаз. Үлгі: Бір сөйлемнен тұратын тезис құрастыр. Ақпарат жина. Жоспар құр. Кіріспе (эссенің 30 %-ы). Негізгі бөлім (эссенің 60 %-ы). Қорытынды (эссенің 10 %-ы). Тырнақшаны орынды қой. Үйге: 209 бет, 6-тапсырма Кері байланыс. | Сұрақтарға жауап бере отырып болашақтағы ғылыми жаңалықтар мен техника туралы әңгімелеседі Жаңа технологиялар мен ғылыми жаңалықтар туралы ақпаратты іздейді және өздерінің болашақ туралы идеяларын талқылайды Оқушылар өздерінің идеяларын топта талқылайды және әрбір идеяның артықшылықтары мен мүмкіндіктерін түсіндіреді Мысал келтіреді «Заманауи ақылды үй жүйесідегі жарықтандыруды автоматтандырудың артықшылықтары мен кемшіліктері» тақырыбына келісу/келіспеу эссесін жазады. Эсселерін оқиды Өз көңіл күйлерін бейнелеген стикерге сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазады | Ауызша мадақтау Жарайсың! Керемет шешім! Ойлы шешім! Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін! Дескриптор -ақпараттар табады 1 балл Дескриптор -ақпаратты талқылайды -артықшылығы мен мүмкіншілігін түсіндіреді 2 балл Дескриптор Білім алушы — эссенің тақырыбынан ауытқымай ды; — абзацтар жүйесін сақтайды; — өзінің көзқарасын білдіреді; — келісу-келіспеу себептерін айқын жазады. -тыныс белгісін қояды 7балл | Оқулық 6-сынып «Атамұра» баспасы 2018жыл Газет-журнал, интернет желісі Оқулық 6-сынып «Атамұра» баспасы 2018жыл | ||