Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

О нас

Әзірлегендер:

Алматы облысының білім басқармасы және «Білім шапағаты» газетінің редакциясы

Мақсаты:

Қалың көпшілікке облыстың білім басқармасының қызметі, мұғалімдердің еңбегінің шынайы болмысы, олардың жеке тұлға қалып тастырудағы рөлі мен орны туралы кең көлемде ақпарат беру.

Міндеті:

Күнделікті өмірде мұғалімдердің рөлі мен беделін көтеру. Газет бетінде педагогтардың жеке тұлға қалыптастыру жолындағы жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, туған халқының мәдениеті мен салт дәстүріне құметін қалыптастыру, жеке қабілетін дамыту және әлемдік көзқарасын айқындау секілді еелі еңбектерінің барысы туралы мақалалар жарық көреді. Мұғалімдердің аттестациялық және ғылыми жұмыстарын саралайтын жүйе құру. «Білім шапағаты» газетінің электрондық нұсқасы арқылы ақпаратты қол жетімді ету. Газет сапасын арттыру мақсатында газет сайтының жұмысына аса мән беру.

Күтілетін нәтиже:

Педагогикалық ұжым, газет оқырмандары және мемлекеттік басқару органдары арасында жемісті жарыстар ұйымдастыру үшін платформа құру. Мұғалімдер әзірлеген оқу-әдістемелік кешендермен оқырмандарды қамтамасыз ету. Күнделікті тұрмыстағы , жеке педагог және оқу орындарындарындағы жетістіктер мен мәселелердің қоғамдық тетігі болу. Республика бойынша беделді салалық басылым болу. Аталған стратегияны «білім шапағаты» газеті төмендегідей арнайы айдарлар арқылы жүзеге асырады

КІРІСПЕ:

Қазіргі уақытта Қазақстан бойынша (Алматы облысында) баспасөз өнімдерін шығаратын мекемелер көбею үстінде. Әр түрлі тараптағы газет-журналрдар қоғамға пайдалы түрлі ақпараттар таратады. Алайда, көбінесе олар саяси тақырыптарға басым мән береді. Бұқаралық ақпарат құралдарының белгілі бір салаға арналғандары некен-саяқ. «ябілім шапағаты» Алматы облыстық білім басқармасының бастамасымен жарық көрді. Алғашқыда облыстық басылым болған газетіміздің оқырманы көбейіп, республикалық басылым болды. Яғни, «Білім шапағаты» газеті бүкіл республика аумағына тарайтын, әрі қамтитын салалық басылым. Басты мақсаты, облыстық білім саласының тыныс-тіршілігімен көпшілікті таныстыру. Мұғалімдер арасында өзара байланыс орнату.Жекелеген едагогикалық ұжымның тыныс-тіршілігін, оқу әдістерін, оқытушылар жұмысын оқушылар мен студенттердің оқуларын насихаттау. Құрылтайшылар газет беттерінде оқытушылардың жұмысын толыққанды қамтуды мақсат етеді. Оқырмандарды ауыл мектептерінің еңбек үрдісімен және аудандық білім беру мекемелерінің қызметімен таныстыру. Сондай-ақ, газет беттерінде оқытудың жаңаша үрдісіне негізделген ұстаздардың түрлі әдістемелік, қылыш жұмыстарын оқырман талқысына ұсынуды мақсат етеді. Мұғалімдерді білім саласындағы енгізіліп жатқан жаңалықтармен хабардар етіп, кең көлемде түсініктербереді. Сонымен қатар, өскен ұрпақты ел жанды, рухани дүниесі бай, толыққанды азамат етіп тәрбиелеуге септігін тигізтін, бұрыңғы еңбек еткен өздік өрнек өмір жолын қалыптастырған, артына мирас болар адамдары жөнінде арнайы айдар негізінде мақалалар жазылады. Мемлекеттік тілдің маңызын арттыруға баса назар аударылады. Материалдардың басым бөлігі қазақ тілінде жарияланады. Қазақ тілінің қажеттілігін арттыра отырып, мектептер мен оқу орындарының беделін арттыру.

«Білім шапағаты» республикалық қоғамдық-педагогикалық газеті айдарлары:

  1. «МИНИСТРЛІКТЕ» – ҚР Білім беру министрлігінің атқарған жұмыстары туралы хабардар етеді.
  2. «АҚПАРАТ». «НОВОСТИ» -соңғы ақпараттар, маңызды мәліметтер.
  3. «АДАМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕҢБЕГІ» , «ЧЕЛОВЕК И ЕГЕО ТРУД» -айдарында өмірін ұстаздыққа арнаған, өнегелі адам, ұлағатты ұстаз туралы болмақ. Қарапайым ғана мұғалім елдің болашағын тәрбиелейді, болашақ ұрапқтың санасын, білімін, тәрбиесін қалыптастырады. Ұстаз еңбегі –ең елеулі, ең мәртебелі жұмыс. Әр мұғалімінң жеке тұлға қалыптастырудағы өзіндік ізденістері және олардың әдіс-тәсілдерінің қыр-сыры туралы сөз болады. Сырт қарағанда күнделікті бір қалыпты тіршілік сияқты көрінетін ұстаздар еңбегінің өнбегі жайлы сыр шертеді. Өз қызметінде артындағы ұрпағына өнегелі із қалдырған тұлғалардың бимәлім тұстарын қозғай отырып, келешек ұрпаққа ұлағат алар тәмсіл қалдыруды мақсат етеді. Еліміздің елеусіз нүктесінде қарапайым ғана ғұмыр кешсе де, отанымыздың айбарын асырар өнегелі, білімді де, ұл мен қыз тәрбиелеген, өз мамандығын жанынадай жақсы көретін ізденімпаз жандардың ғұмырнамасын жаза отырып, келешек ұрпаққа бақытқа барар баспалдақ қалауды тұғыр ететін айдардың арқалар жүгі бәрінен де ауқымды салмақты болмақ.
  4. «ТӘЛІМ», «ТӘРБИЕ» - аталған айдарда жалпы ұрпақ тәрбиесі туралы сараптамалық материалдар жазылады. Бүгінгі педагогикадағы өзекті мәселелер, проблемалар, «заманауи тәрбие» түрлері, психология. Балалар психологиясы, өмірлік құндылықтар. 21-ғасыр жастарының талап-тілегі және осы бағыттағы ата-ананың, ұстаздың, мектептің, қоғамның орны.
  5. «ҚОҒАМ», «ӘЛЕУМЕТ», «ОБЩЕСТВО» - Қоғамдағы маңызды мәселе, проблемалар туралы сараптамалық материалдар. 1. Күнкөріс-халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайы туралы 2. Көкейтесті, Актуально – көпшілік қауымды мазалап, көкейінде жүрген қоғамдағы маңызды мәселе. 3. Интересно – мұғалімдерді, қарапайым халықты қызықтыратын ақпараттар.
  6. «Категория», «Аттестация», «Санат» -мұғалімдердің аттестациялық материалдары жарияланады.
  7. «ТІЛШІ БАҒАНАСЫ» - бағанаға жауапты тілші қоғамдағы маңызды, көкейтесті мәселе бойынша ой-пікірін өзіндік ерекше стильмен жариялайды.
  8. «БАҒЫТ», «БАҒДАР», «ӘДІСТЕМЕ», «МЕТОДИКА»- бұл айдарда мұғалім тәжірибесіндегі білім берудің жаңа әдіс-тәсілдері, әрбір мұғалімнің өзіндік сабақ беру методикасы жарияланады.
  9. «МҰҒАЛІМ МІНБЕРІ» - бұл айдарада жас мамандарға кеңес беретін танымдық-тағлымдық, тәжірибелік материалдар жарияланады. Білім саласындағы жаңа технологиялар мен әдіс-тәсілдердің ерекшеліктері сөз болады. Түрлі олимпиадалар мен жарыстарда топ жарып жүрген түлектер жайлы мағлұматтар беріледі. Олардың білім арттыруға негізделген түрлі танымдық материалдар молынан жарияланады.
  10. «ЖАС ҚАЛАМ» - оқушы қаламынан туған өлеңдер, ой толғау, мақаласы жарияланады. Оқушыны ұстазы арқылы шығармашылыққа баулу.
  11. «САУАЛНАМА» - қарапайым халықтан белгілі бір мәселе бойынша ойын білу арқылы сауал жүргізу. Сол арқылы қоғамның ойын білу, жалпы қоғамдық пікірді анықтау.
  12. «КНИГА И ЛИЧНОСТЬ» - бұл айдарда тарихта салмақты орны бар, өнегелі тұлғалар туралы тарихи-танымдық мақалалар жарияланады.