Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жас журналистердің «Жігерлі, ұшқыр, жас қалам» атты V слеті өтті


26 июня 2010, 14:41 | 2 829 просмотров


Қазір ақпараттың айдыны кеңіген сайын, қоғамның дамуы да, өсіп, өркендеуі де күн санап артып келеді. Бүгінгі жаңалық – ертеңгі тарих екені даусыз. Олай болса, таңмен таласа тұрып, түннің тыныштығын бұзып, еліміздің түпкір-түпкіріндегі болып жатқан жаңалықтарды қалт жібермей халыққа жеткізетін журналистердің орны ерекше. Жылына бір келетін Халықаралық журналисттер күнін ескерусіз қалдырмайтын Алматы облысының басшылығы, әр жылы жас журналистердің басын қосуды үрдіске айналдырған.

¤ткен аптада, облыстық ішкі саясат басқармасы облыстық, аудандық, және қалалық, бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істейтін жас журналистердің, шығармашылық жұмыспен айналысатын жастардың мемлекеттік саясатты баспасөзде жүргізудегі тәжірибесін жетілдіру, олардың мемлекеттік тілді насихаттаудағы белсенділігін арттыру, жергілікті баспасөздің рөлін көтеру, жас тілшілерге шығармашылық қолдау көрсету мақсатында, жасы 18 бен 29 жас аралығындағы жас журналистердің басын облысымыздағы «Достық» үйінде біріктірді.

Облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Сүлейменова Гүлжиян Мағданқызы жас журналистердің келе жатқан мерекелерімен құттықтай отырып, облыс әкімі Серік Әбікенұлы Үмбетовтың аймағымыздағы журналистерге жасап отырған қамқорлығын айта келіп, құттықтауын жеткізді.

Ол өз сөзінде, «журналист – жаңалықтың жаршысы, бұқараға шындықтың нәрін жеткізуші. Міне, осыдан-ақ, журналистердің қоғамдағы рөлін анық көруге болады», - деп атап көрсетті. Сондай-ақ, осы бір қиындығы мен қызығы мол кәсіп иелерінің саны облыста жыл сайын артып келе жатқанын, қазіргі кездегі облыстағы 62 бұқаралық ақпарат құралында бір мың екі жүзге жуық журналисттің қызмет атқаратынын, ал, оларға барлық жағдайлар жасалып жатқанын да тілге тиек етті.

Облысымыздағы бірден-бір жалғыз телеарнаның директоры Құранбек Бейсен Абайұлы жас журналистерге телеарнаның қыр-сырын, болашақтағы маңыздылығын айта келіп, жас журналисттерді «Жетісу» телеарнасының ұжымымен танысуға шақырды.

Кездесу соңында жас журналисттерді ақшалай және алғыс хаттармен марапаттады.

Автор:
Күнсұлтан ОТАРБАЙ.