Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Ене фобиясы (Неге ене «жаман?»)


2 августа 2017, 04:41 | 2 349 просмотров



Ене мен келін дауы ешқашан түгесілмейтін шығар. Екеуінен сұрай қалсаң, кінәні бір-біріне артып жатады. Келіннің неліктен жаман болатынын алдағы мақалаларымызда айтамыз, ал бүгін ененің неліктен «жаман» болатынын анықтап көрейік. Ененің «жаман» болуының ең басты үш себебі бар.1- Ененің фобиясы. Ол қандай фобия дейсіз ғой? Кезінде өзі де сол шаңыраққа келін болып түсіп, ыстық пен суығына шыдап, балаларын өсіріп, жеткізіп, енді күйеуіне де, балаларына да айтқанын істеткізе алатын жағдайда отырғанда, бар «билік өз қолында тұрған шағында» кеше келген келіні билікті тартып ала ма деген қорқынышы. Сондықтан енелер келініне келе салып «қатал» болуға тырысады.2- Қызғаныш. Осы уақытқа дейін әлпештеп, бағып-қағып өсірген баласының жанында үнемі бір шүйкебастың жүргенін көру енеге «оңайға соқпайды».3- Биологиялық себептер. Келін түсірер шағында әйелдер зейнет жасына жақындап, көбісі «климакстық кезеңде» жүреді. Ал климакс әйел ағзасына өте қатты әсер етеді. Әсіресе, психологиялық жағынан. Әйел ашуланшақ, ұрысқақ, ешкімді жақтырмайтын, ренжігіш сондай бір өтпелі қиын кезеңде жүреді.Сондықтан, осы аталған себептерді ескере отырып, қыз-келіншектер енесін түсінуге тырысып, жұбайыңызды өмірге әкелген адам ретінде сыйлап, тым болмаса жасыңыз кіші болғандықтан сәл төмендей салғаныңыз дұрыс. Үндемеген үйдей бәледен құтылады. Мінсіз адам болмайды. Сіздің де кемшілігіңіз жетерлік. Сол себепті қанша ашулансаңыз да, енеңіздікі дұрыс емес болса да сабыр сақтап, үндемеуге тырысыңыз.

Автор:
bakittiotbasi.kz