Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Сен қазақ әйелсің!


3 августа 2017, 05:06 | 2 540 просмотров



- Жас келіндер қара шаңырақтың немесе ақсақалы бар үйдің төріне шықпайды.- Әйел адам орындықта отырғанда аяғын айқастырмайды.- Әйел адам көп алдында керілмейді.- Бұрынғы кезде жас келіндер таңертең ерте тұрып, ауылдағы үлкен үйлердің түндігін ашқан.- Келіндер келін болып түскен жердегі адамдардың атын атамайды.- Қайнылары мен қайын сіңлілеріне өзі жеке ат қояды.- Халық дәстүрінде ер адам шашын өсірмейді, әйел шашын қимайды.- Жүкті әйелге күлу – әдепсіздік.- Аса бір тығыз шаруасы болмаса әйелдер отырған жерге ерлер, ерлер отырған жерге әйелдер кірмейді.- Қазақ дәстүрінде туыстығы жоқ ер мен әйел оңаша отырмайды.- Келіндер қайын жұртының үлкен адамдарына иіліп сәлем жасаған.- Бала ата-ананың, келін ененің сөзін екі етпейді.- Қазақ әйелдері еркектер отырған жаққа көз салмайды.- Әйелдер жолаушының, еркектің алдын кесіп өтпейді.- Қазақ әйелдері кісіге қарсы қарап отырмай, бір қырындап отырған.- Қазақ әйелдері күйеуінің атын атамаған және оның айтқандарын мүлтіксіз орындап, бетіне қарсы келмеген.- Қызы босанғанда шешесі кәдесін алып баруға міндетті.- Қазақ әдетінде әйел мал бауыздамайды. Қиын жағдайда кішкентай да болса еркек баланың қолына пышақты ұстатып бауыздайды.- Әйел дұғаны ішінен оқиды.- Ақсақал, ата-ене, қайнаға алдында келін дауыс көтеріп сөйлемейді.- Әйел ерте тұрады.- Әйелге ер адам атқаратын міндеттер жүктелмейді.- Әйел адам кісі бетіне, әсіресе бейтаныс адамға бажырайып қарай бермейді.- Жүкті әйел ауыр көтермейді.- Тұрмысқа шыққан әйел жалаңбас жүрмейді.- Бала емізіп отырған әйел, омырауын басқаға көрсетпейді.Дереккөз: Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениетіГүлшат Сейітмағанбетованың Фейсбук парақшасынан

Автор:
bakittiotbasi.kz