Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Бақытты отбасы болудың «3 С» формуласы


8 августа 2017, 04:07 | 3 210 просмотров



Отбасы ғұмырының қаншалықты болатындығы тәннің ғана емес, жанның да азығы бола білуіне тікелей байланысты. Махаббатпен басталған күндердің өмір бойы жалғасуы алғашқы күннен бастап қарым-қатынастардың сезімдермен ғана шектелмей, ақылға қонымды болуын керек етеді. Үйленгеннен кейін «менен» гөрі «біздің» ауыр басатынын ұмытпау керек.Сүю — отбасының негізі, онсыз үй болу, бақытты болу мүмкін емес. Сүйіспеншілік жүректің тереңінен шығады, жүректе сезіледі. Ол романтикамен, сыйлықтармен, тосын-сыйлармен өлшен-бейді. Өзі сүйікті болғысы келетін адам, көп нәрсені жарынан күтеді, ал сүйетін адам өз бақыты үшін қолынан келгенін аямайды. Сүйгеніңмен бақытты болу үшін кейде кішігірім келеңсіздіктерге емес, үлкен қиындықтарға да ол төзімділік танытады. Сүюге мәжбүрлеу мүмкін емес. Сүю — онсыз өмірді елестете алмау, жүрегіңнің тереңінен орын тебуі, оны сағыну. Сүю — жарыңды оның өзіндік болмысымен жақсы көру, бағалау, арзан сөзбен жүрегін жараламау.Саналылық — отбасында тек махаббаттың болуы жеткілікті емес, күнделікті өмірде сезімнен гөрі жарыңның өскен ортасы, алған тәлімі, өмірге деген көзқарасы басым түседі. Жарымыздың сұлулығы мен сымбаттылығы, тектілігі мен қалталылығына көңіл бөлгеніміз секілді жан дүниесінің байлығына ой өрбіту қабілетіне, көрген-білгені мен түйгеніне де қарау керек. Бұл көптеген проблемалардың не шешімі, не себебі болары анық. Бірге бастаған жолда кездескен әр мәселе түсіністікпен, байыппен шешіліп жатса, әрқашан қасыңда демеу болса, бұл сезімдердің ұзақ әрі шынайы бақытқа бастары сөзсіз.Сабыр — бірге тұру, үй болып кетуде өте үлкен рөл атқарады. Өзімшілдіктің өршіп тұрған заманында ажырасулар сабырсыздық пен төзімсіздіктің кесірінен жаппай етек алуда. Мен неге шыдауым керек?- деген наразылық әйелдер емес, ер адамдар үшін де күнделікті әдетке айналып бара жатқан секілді. Сабыр –қиындықтарға төзе білу, жолын тауып жеңіспен шыға білу. Сабыр бізді есейтеді, жаңа жетістіктерге жетелейді. Адамның өзіне деген сенімін арттырады. Өмірде аяғымызды нық басуды үйретіп, отбасы бақыты үшін мықты қамалға айналдырады.

Автор:
bakittiotbasi.kz