Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Әнші балапан» байқауы /мектепішілік/


7 июля 2010, 11:15 | 9 289 просмотров



Байқаудың мақсаты: Талантты оқушыларды тану, дарынды оқушылардың өнерін шыңдау. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

Байқаудың барысы:

1-жүргізуші. Армысыздар, көктем көңіл көрермен!

Шашу бүгін шашылады өнерден.

2-жүргізуші. Армысыздар, ақ жаулықты аналар!

Армысыздар, асыл мінез арулар!

1-жүргізуш.і Қазақ халқында әншілік, бишілік, сазгерлік, ақындық қасиеті тоғысқан сегіз қырлы, бір сырлы жандарды «өнерлі» деп атаған.

2-жүргізуші. Иә, қазақ халқы өнерді жоғары бағалап, оларға ерекше құрмет көрсеткен. «Сал, сері» деген атаулар беріп, ыстық ықыласқа бөлеген.

1-жүргізуші. Ендеше, осы өнер қайдан шығады?

2-жүргізуші. Менің ойымша, оған бірінші дарын, икемділік, жұртшылықты өзіне қарату, ерекше сезім иесі және терең білім болуы және шеберлік қажет.

1-жүргізуші. Сен бір нәрсені айтпай тұрсың. Қазақта «Асыл тастан, өнер жастан» деген сөз бар. Қай өнерге болсын жастайынан машық болуы керек.

2-жүргізуші. Ендеше біздің мектебімізде өнерлі оқушылар бар ма?

1-жүргізуші. Әрине, бар.

2-жүргізуші. Бүгінгі біздің байқауымыздың мақсаты әнші, биші, тума талант иелерін анықтау.

1-жүргізуші. Ендеше тұрмайық ,байқауымызды бастайық.

2-жүргізуші. Қане, сахна сыртында жүрегі лүпілдеп, үміті желкілдеп, үкілері үлпілдеп, өнері өрге өрлеп тұрған мектебіміздің сахна гүлдерін балапандарымызды сахнаға шақырайық.

1-жүргізуші. Енді мектебіміздің директоры Абиткожаева Шайнұр Алиханқызына сөз кезегін береміз.

2-жүргізуші. Байқауымыздың әділ де, нақты бағалануы үшін әділ қазыларымызды сайлап алайық.

Әділқазылар тізімі:

1.Абиткожаева Ш.А.

2. Бокашова З.У.

3. Телғазиева Т.Ұ.

4.Сұлтанова А.

5. Карбузова А.Ж.

6. Білісбекова Н.О

7. Сыдықова А.

Есепші- Бокашова М.Ж.

1-жүргізуші. Байқау шымылдығын ашу үшін алғаш мектеп табалдырығын аттап отырған әнші, биші балапандарымызды сахна төріне шақырайық.

2-жүргізуші. Гүлзира, сен білесің бе дін мұсылманның орталығы қай жер?

1-жүргізуші. Әрине, оны кім білмейді. Ол Мекке Медине.

2-жүргізуші.Ендеше, біздің мектебімізде де осы қасиетті жер аттас бүлдіршін бар. Ол кім?

1-жүргізуші. Ол- Текен Медина.

2-жүргізуші. Ортада Текен Медина «Анашым» әнімен.

1-жүргізуші. Мойылдай қара көзді, нәзік, мың бұрала билей алатын, мектеп табалдырығын биыл ғана аттаған өнерлі қызды білесің бе?

2-жүргізуші. Әрине білемін. Ол Сатылған Рысбүбі.

1-жүргізуші. Рысбүбінің орындауында шығыс биі.

2-жүргізуші. Адам баласына тек қана жақсылық ойлайтын, көмегін аямайтын, ақ көңіл, ақ жүректі адамды кім дейміз?

1-жүргізуші. Әрине, ақ ниетті адам дейміз.

2-жүргізуші. Келесі кезекте ақ ниетті Маман Ақниетті ортаға шақырайық.

1-жүргізуші. Дина, сен білесің бе, Қазақстанда неше ұлт өкілі бар.

2-жүргізуші. 130-дан астам ұлттар бар.

1-жүргізуші. Ендеше біздің мектебімізде де көпұлттылықты паш етіп жүрген, өзге ұлт өкілі болса да қазақ мектебінде, қазақ тілінде оқып жүрген қызымыз кім?

2-жүргізуші. Ол Адилжанова Зульмира ұйғыр биімен.

1-жүргізуші. Бақыт дегеніміз не?.

2-жүргізуші. Адам өзін толық мәнде толысқан кезін бақыт десе болады.

1-жүргізуші. Енді осы бақытты тағы қандай сөзбен алмастырса болады.

2-жүргізуші. Дәулет десе болады.

1-жүргізуші. Ендеше ортаға Рысман Дәулетті «Халқыма» әнімен шақырамыз.

2-жүргізуші. Өлең жырға жан бітіріп, халықтың сүйікті әндеріне айналдырып жүрген адамды кім дейміз?

1-жүргізуші. Әрине, сазгер дейміз.

2-жүргізуші. Қазақтың қандай сазгерлерін білеміз?

1-жүргізуші. Н.Тілендиев, Ш. Қалдаяқов, Ә.Бейсеуов.

2-жүргізуші. Осы сазгер аттас өнерлі бала Тоқтасын Әсетті ортаға шақырамыз. Әсеттің орындауында «Алатау» әні.

1-жүргізуші .Қазақ халқы әдемілікті қадірлеген халық. Қыз баланы ерекше қадірлеп, ару деп атаған. Ару сөзінің ішіне әдемі қылықты, келбетті, ажарлы, ақылды деген ұғымдар жатады.

2-жүргізуші. Осындай ару деген ұғымға лайық қыздар бар ма?

1-жүргізуші. Ол - Құлан Аружан.

2-жүргізуші. Аружанның орындауында қазақ биі.

1-жүргізуші. Осыдан мың жыл бұрын Венгрия еліне Азия жерінен қоныс аударған халықты кім деп атаған?

2-жүргізуші. Мадияр деп атаған.

1-жүргізуші. Өзі өнерге жақын, сегіз қырлы бір сырлы, тал бойына тамаша мүсіні жарасқан, ортада Нұрмұханбет Айжан испан биімен.

2-жүргізуші. Мен саған бір жұмбақ жасырайыншы өзі қиялдауды жақсы көретін, қиялынан ертегі тудыратын, өзінің аты дәруменді жеміс түрі болып саналатын оқушыны тапшы.

1-жүргізуші. Әрине, ол - Анар. «Ертегілер» әнімен ортада Тоқтасын Анар.

2-жүргізуші. Қазақтар ат қоюға үлкен мән береді. Баласының болашағынан үміт күте отырып, жақсы аттар қояды.

Мысалы: бақытты болсын деп - Бақыт

Сұлу болсын деп - Айсұлу

Дәулетті болсын деп -Дәулет

Елі аман болсын деп -Еламан қойған.

1-жүргізуші. Сахнаға Сағынбай Еламанды «Есіңе мені алғайсың» әнімен шақырамыз.

2-жүргізуші. Жалпы адам баласы дүниеге келген перзенті үшін ат таңдап, оған өз армандарын қосып, үміттене, болашағының бақытты болуын көксеу мақсатында есімін қояды. Атап айтсақ, Үміт, Мұрат, Бақыт, Азамат сол есімдерде айтылғандай қазір сахнаға ата-анасының мұраты, ер жігіттің бегі болатын өренімізді ортаға шақырамыз. Қол соғып құрметпен Есенкелді Бекмұратты «Балдәурен» әнімен қарсы алайық.

1-жүргізуші. Жас болса да өмірдің бағамын білетін, ойы ұшқыр, алғыр, талантты Қаламқасты «Өмір» әнімен ортаға шақырамыз.

2-жүргізуші. Абайдың сүйіктісі кім, білесің бе?

1-жүргізуші. Әрине, білемін. Ол- Айгерім.

2-жүргізуші. Ақиық ақынымыз Мұқағалидың «Сарыжайлау» әнін Сағынбай Айгерімнің орындауында ұсынамыз.

1-жүргізуші. Біздің мектебімізде испанша да, қазақша да, ұйғырша да билейтін оқушылар бар.

2-жүргізуші. Сондай-ақ қазіргі заман жастарының билерін билейтін қыздарымыз бар.

Ендеше ортаға Бектенова Құралай және Құрмашева Айжанның орындауында «Ұйғыр халқының» биін тамашалауға шақырамыз.

1-жүргізуші. Дүние жүзілік Гиннестің рекордтар кітабына енген биді білесің бе?

2-жүргізуші . Иә, ол «Қаражорға» биі ғой.

1-жүргізуші. Ендеше, сол биді Мұқағалидың досы болған Фариза аттас қызымыз Разбек Фариза мен Мадина Ералиеваның атын шығарған «Ақбаян» әніне ұқсас есімді Серік Баянның орындауында ұсынамыз.

2-жүргізуші. Анаға деген құрметімізді әнмен де, жырмен де, әдемі сөзбен де жеткізсек артық болмайды. Өзінің анасына ыстық сезімін әдемі әнімен жеткізгелі отырған Досболат Назеркені ортаға шақырамыз.

1-жүргізуші. Ізгі тілекті, абзал жүректі, ақкөңіл адамды кім дейміз?

2-жүргізуші. Қалай айтсам екен, ғазиз адам.

1-жүргізуші. Дұрыс айтасың ғазиз мінез.

2-жүргізуші. Ғазиза қыздарыңызды қарсы алыңыздар. Тұрсын Ғазиза орталарыңызда биімен.

1-жүргізуші. Біздің асыға күтетін мерекелеріміз бар. Ал сенің ше?

2-жүргізуші. Ол туған күнім ғой.

1-жүргізуші. Демек мұндай мерекеде туған күнді жырламай, атамай кету мүмкін емес.

2-жүргізуші. Онда ортаға «Туған күн» әнімен жігіттер тобын шақырамыз.

1-жүргізуші. Халқына қорған болған Қабанбай батырдың шын аты кім?

2-жүргізуші. Ерасыл ғой.

1-жүргізуші. Батыр тектес Ерасыл ұлымыз әрбір отбасының тірегі болып отырған әкелерге арнап, «Әке» әнін ұсынады.

2-жүргізуші. Ортада Әлихан Ерасыл

1-жүргізуші. О, Маралдым, Маралдым!

Бір сен үшін жаралдым, – осы ән Марал қызға арналғандай

2-жүргізуші. Ортаға Бегділ Маралды испан биімен шақырамыз.

1-жүргізуші. Талдырмаш мүсін, тартымды келбет, сүмбіл шаш, қиғаш осының бәрі жиналып, бір адамда болса, ол адамды кандай адам дейміз?

2-жүргізуші. Ондай адамды «сымбатты» дейміз. Демек, ортаға Ботан Сымбатты «Анашым» әнімен ортаға шақырамыз.

Қорытынды

1-жүргізуші. Қорыта келгенде: Бүгінгі байқауымыздың шарықтау шегіне жеттік. Байқау болғандықтан, жарыс болғандықтан жеңіс те, жеңіліс те бар. Таза талантта бар, әуесқой дарын да бар. Осының бәріне сыни көзбен қараған, сыншыларымызға сөз кезегін береміз.

Әділқазылардың бағасы.

Байқауға қатысушыларды марапаттау рәсімі.

Байқау соңы.

«Әнші балапан» әні орындалады.

Базарова Роза Тоқтасынқызы

Туған жылы: 1974 жыл 8-қазан

Жұмыс орны:

Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы

Жаңашаруа орта мектебі

Білімі: жоғары

Еңбек өтілі: 15 жыл

Бітірген оқу орны: Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университеті

Мамандығы: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Автор:
Р.Т.Базарова, Жаңашаруа орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Еңбекшіқазақ ауданы