Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жарыңызды жалықтырмау жолдары


16 августа 2017, 03:55 | 2 358 просмотров



Қоғамда түрлі адам, түрлі пікір бар. Бірнеше жыл кездесіп жүрген қыз бен жігіт оқиғасын естіген көпшілік «бір-бірінен жалықпай ма екен» деп таңданысады. Қыз бен жігіт болып жүргенде жалыққандар үйленгенде өмір бойы қалай бірге тұрады?! Жігітті жалықтырмау үшін әйел заты күн сайын құбылып, жаңа қырынан танылып отыруы тиіс. Құбылу деген сөзді болмашыға бұртиып, бір күні еркелеп, бір күні ұрыс шығару әрекеттерімен шатастырмаңыз. Тек қылықты болып, ол ойламаған жақсы қадамдарға барсаңыз болғаны. Мысалы, азаматыңыз туралы күнде айтпайтын мақтауыңызды досы келгенде «тарс еткізіңіз». Салпыетек әйелі болмай, қанша уақыт өтсе де, бастапқы қыз бен жігіт болып жүрген кездегідей қарым-қатынасты сақтаңыз. Тамақтағы алуан түрлілік. Күнделікті шайға тым құрығанда бір мезгіл тәтті не өзге ерекше тағам пісіріп отыруды әдетке айналдырыңыз. Тіпті бір кекс пісіру жолын үйренсеңіз, оған бір күні мейіз, бір күні өрік, келесі күні жаңғақ қосып түрлендіріңіз. Үйде картоп пен макароннан өзге азық таусылған кезде оның өзін бір күні бұқтырып, екінші күні қуырып, үшінші күні қайнатып, төртінші күні пешке салып, бесінші күні бетіне ірімшік (сыр) ерітіп ұсыныңыз. Тым болмаса, көлемін майда, сопақша, ұзынша, дөңгелек етіп түрліше тураңыз. Бастысы кешегі күнге ұқсамасын. Киімдегі әртүрлілік. Бірінші кезекте өз адамыңызға әдемі де ерекше боп көрінуге міндеттісіз. Бұл өзгелер қалай көрсе де бәрібір деген сөз емес. Әріптестер не туыстарға ұнау үшін емес, жай ғана қыз атауы мен сұлулық ұғымын үндес көретін жандарға әрі өзіңізге жайлы да жағымды болуы үшін, олардың көзінде де түрлі кейіпте болыңыз. Әртүрлілік қағидасын ұстанамын деп, жарыңызға «киімім жоқ» деген шағым айтудың, бай гардеробтың иесі болудың қажеті жоқ. Екі шалбар мен үш кеудешені түрлендіріп, үйлестіріп киіп, жоқтан бар жасауды үйреніңіз.http://massaget.kz/kyizdarga/shayra/43590/ сілтемеден алынды.

Автор:
bakittiotbasi.kz