Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Қазақстан тарихы


7 июля 2010, 11:51 | 3 357 просмотров



Сыныбы: 10

Тақырыбы: Қазақ халқы қалыптасуының ежелгі және орта ғасырлардағы тарихи кезеңдері.

Мақсаты:

1. Білімдік. Қазақ халқының қалыптасуы блогын құру, халықтық дәрежеге жету кезеңдерін, этно саяси қауымдастықтың ерекшеліктерін түсіндіру.

2. Тәрбиелік. Халықтың тілін, салт – дәстүрін құрметтейтін ұлтжанды азамат тәрбиелеу.

3.Дамытушылық. Халық болып қалыптасу барысын ой елегінен өткізіп, тұжырым жасауға, тірек – сызбаларды құра білуге қалыптастыру белгілері .

Көрнекті құралдар: Қазақстан картасы, дүниежүзі картасы, тірек сызбалар.

Пән аралық байланыс: қазақ тілі, география

Түрі: Жаңа білімді игеру

Әдісі: проблемалап оқыту, ой қозғау, түртіп алу, өзім үшін жазу, автор орындығы стратегиялары.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

а) сәлемдесу; б) оқушыларды түгендеу; в) сабаққа назарларын аудару

ІІ. Мақсатын қою. Тарауды ой қозғау стратегиясы бойынша блокқа бөлемін.

Сабақтың тақырыбын, мақсатын, жоспар-

ын түсіндіремін.

Сабақ жоспары:

1.Ежелгі ру – тайпалардың халықтық дәрежеге жетуі

2.Ерте орта ғасырдағы халықтық қалыптасудағы тарихи кезеңдер.

3.Түркі тілдес халықтардың ата – бабаларының, қазіргі түркі тектес халықтардың алып жатқан аумағы

4.Түркі тілдес этностардың қалыптасу кезеңдері

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру.

Жоба технологиясы элементін қолданып, алдын – ала тапсырма берілген ғалымдар жоспар бойынша өз ізденістерін тұжырымдап оқушыларға түсіндіреді.

1.Ежелгі ру – тайпалардың қалыптасуын зерттеуші ғалым халықтық дәрежеге жетуін түсіндіреді. Оқушылар осы мәселе бойынша тірек сызба құрады.

2.Ерте орта ғасырдағы халықтық қалыптасудағы тарихи кезеңдерін ғалым тірек сызба, тірек конспекті арқылы түсіндіреді. Бекіту үшін өзім үшін жазу стратегиясы бойынша кестеден мағынасы мен мазмұны тақырып-

қа сай келмейтін сөздерді алып тастайды.

1.Түркі тілдес халықтардың ата – бабаларының, қазіргі түркі тектес халықтардың алып жатқан аумағын оқушыларға оқулықпен жұмыс жүргізіп, картадан түрік тектес халықтардың алып жатқан аумағын көрсетеді. Қазіргі түркі тектес ұлттардың алты тобын және онда мекендеген ұлттарды сәйкестендіреді.

1.Еділ – Жайық өңірі: Ұйғыр

2. Кавказ үстірті: Саха, шор, алтай қырғыздары, хақас

3.Тұран ойпаты: Түрік

4.Шығыс Түркістан: Әзірбайжан, қарашай, балқар

5.Сібір және Шығыс Азия: Қазақ , қырғыз, өзбек, түркімен, қарақалпақ

6.Кіші Азия: Татар,башқұрт, чуваш, қырым татарлары

2.Түркі тілдес этностардың қалыптасу кезеңдерін түрік танушы ғалым түсіндіріп, этностардың қалыптасу кезеңдерін әр кезең бойынша тірек – сызбаға түсіреді.

Түсінігін тексеру үшін автор орындығы стратегиясын пайдаланамын.

1.Алғашқы адам - оқушыларға ежелгі ру тайпалардың халықтық дәрежеге жетуінен сұрақтар береді.

2.Сақ дәуірінің көсемі- оқушыларға халықтық тарихи кзеңдерден тапсырма береді

3.Қазақ ханы - оқушыларға бүгінгі таңдағы түркі тілдес ұлттардың алып жатқан аумағы жөнінен сұрақтар береді.

Ү. Бекіту.

Тірек - сызбалар арқылы қазақ халқының қалыптасуына жалпы шолу жасап бекітемін.

ҮІ. Үйге тапсырма.

§8 оқу. 3 – 5 тапсырма,7 шығармашылық тапсырманы орындау.

Автор:
Б.Айнабекова, Көшкентал орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Ақсу ауданы