Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Төле бидің билігі


28 августа 2017, 04:17 | 2 721 просмотр



Атақты Төле бидің бала кезі екен. Ауыл сыртында қозы бағып жүргенде жанынан өтіп бара жатқан қос аттының бірі: «Әлібек қартайыпты, әділдігінен айныпты» деп ренжіп бара жатқанын естіп қалады. Сол бойда алдарынан шығып, сәлем беріп:Оу, ағалар, әке Әлібектің билігіне ризамысыздар, жоқ наразымысыздар? − дейді.-Наразымыз, балам. Әкең әділ билік айтпады.-Ендеше қайтыңыздар.Екі жақ Әлібектің алдына қайта келгенде, бала Төле:-Ата, билікке екі жақ бірдей риза болу керек. Әйтпесе, ол әділ билікке жатпайды.Жеңілген де, жеңген де шындықты мойындауы керек, − дейді.-Олай болса, балам, осы даудың билігін өзің айтып көрші.Төле әуелі таластың мәнісін сұрайды. Сонда дауды бастаған жігіт ботасында жоғалтқан түйесін жолда кезіккен керуеннен танығанын айтады.-Бұл өтірік айтып тұр, − дейді керуенбасы саудагер.-Ал енді жігітім, «тапқан қуанады, таныған алады» деген, сен таныдым дейсің қалай таныдың-Менің танығаным: түйем туар уақытында жақындаған кезде бошалап кетті. Бір жетіге дейін таптырмаған түйем тау баурайында боздап ары бір, бері бір кезіп жүр екен. Ботасын қасқыр жесе, шала туса да кетер еді. Сонысына қарап ботасын біреу алып кеткенін түсіндім. Содан бері бейсеубет жүргіншіге, көрінген түйеге көз салып жүгіруші ем, көрген бойдан таныдым.Төле ойлап отырып:-Cол танып тұрған аруанаңыздың енесі бар ма? – дейді.-Бар.Төле қарсы жаққа қарайды.-Иә, саудагерім, сөйле.-Мынау өз түйемнің ботасы. Жалақорға тура сөзіңізді айтыңыз. Іштегі ботаны танимын дегенге адам сене ме?-Енесі бар ма түйенің?-Туған енесі бар.-Онда екеуің де енелерін алдырыңдар…Дауласқан екеу бесті атандарының енесін алдырады.Төле:-Атанды жығыңдар да тақымына қыл бұрауды салыңдар, − дейді. Жұрт айтқанын лезде орындайды. Бесті атанның тақымына қыл шылбырды салып, шыңғырта бұрағанда таныған жігіттің түйесі көзінен жас парлап, мұрындығын жұла-мұла шыңғырып жатқан атанның үстіне түсе қалады. Ал аларман саудагердің түйесі орнынан қозғалмай, жайымен күйсеп тұра береді.-Оу, халайық, көріп тұрсыздар, мына жануар шын анасы екен. Не дейсіздер?-Рас, хайуан біліп тұр. Төлежан, бұл әділдігіңе ризамыз, − деседі жұрт. Төле саудагерге қарап:-Ә, саудагерім, мынау хайуан да болса әділетін халықтың алдында көрсетті. Атанның кімдікі екеніне халықтың көзі жетті. Сен енді құтыла алмайтын болдың. Күнәні мойынға алған жеңіл. Мына халықтың алдына шығып, шындығыңды айт.-Оу, халайық, осыдан бес жыл бұрын сахарадан қалаға қайтып келе жатып, жапан түзде, бір төбенің баурайында боталаған түйенің үстінен түстім. Ботасы аяқтана алмай, жығылып-тұрып тұр екен. Түйені алсам, ұрласам сіңіре алмаймын. Жолда ел көреді. Пәленше саудагер алып бара жатыр дейді. Менің кәсібім ұрлық емес, саудагерлік. Мына ботаны алып кетсем ешкім білмейді. Алашаға орадымда қомның арасына таңа саламын. Бір жылдан кейін түйе боп шыға келеді. Бір түйе маған аз олжа ма деп, сол ботаны алып кетіп ем. Кешсеңдер де, бас кессеңдер де өздерің біліңдер.-Төрелігін бидің өзі айтсын! – дейді жұрт.Бала Төле:Өздеріңіз көріп, біліп тұрсыздар, мына жігіт дүниені еңбекпен тауып еді. Бұл көп алдында беті жарық боп, мына саудагер еңбексіз тауып, жұртты алдап, тегін алып еді. Енді мұның беті шарық боп тұр. Бұл уақиға кейінгілерге үлгі. Саудагердің халық алдында масқарасы шықты, беті күйіп шарық болғаны да жетеді. Бұдан артық жаза жоқ, − дейді.Р. Тілеухан. «Қазақстанда медиацияны дамытудың кейбір сұрақтары» кітабынан алынды

Автор:
bakittiotbasi.kz