Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

35 мектеп пайдалануға беріледі


31 августа 2017, 10:01 | 1 205 просмотров



Қалыптасқан үрдіске сай жаңа оқу жылы қарсаңында өткізілген кеңес жұмысына Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Еркін Садықов және облыстың барлық аудан-қалаларынан білім беру саласының қызметкерлері қатысты. Облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар конференцияны ресми түрде ашып, жүргізіп отырды.

Негізгі баяндаманы жасаған Алматы облыс­тық білім басқармасының басшысы Ләззат Ба­зарқұлова конференцияға қатысушыларға өткен оқу жылының, ҰБТ-ның қорытындысын баяндап, жаңа оқу жылында жүктелетін негізгі мәселелерге тоқталды.Білім басқармасы басшысының сөзіне сүйенер болсақ, жаңа оқу жылына қойылар талаптардың негізгісі – білім деңгейін көтеру, педагогикалық ұжымның арасындағы тәртіп пен ұйымшылдықты арттыру, әрбір ұстаз бен мектеп әкімшілігінің жұмыс нәтижелілігіне қойылар талапты күшейту болып табылады. Баяндамада Мемлекет басшысы мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің жаңадан енгізген талаптарын ұстаздар қауымының бұлжытпай орындауы қажеттігі жайында айтылды. Атап айтқанда, үш тұғырлы тіл саясаты, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру, педагогтардың біліктілігін арттыру және өзге де маңызды тапсырмалар жүктелді.Өткен жылдың жетістіктеріне тоқталған облыстың бас ұстазы проблемалық мәселелерге де көңіл аударды. Олардың ішінде ҰБТ-ның нәтижесі көңіл көншітпеді. Л.Базарқұлова осы іске жауапты тұлғаларға, соның ішінде облыстық білім басқармасына да кемшіліктерді алдағы оқу жылында қайталамаудың қам-қарекетін ойластыруға бүгіннен бастап кірісуді ескертті.Конференеция барысында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Еркін Садықов білім мен ғылымды дамытудың жаңа мем­лекеттік бағдарламасы мен білімді дамытудың жаңар­тылған мазмұны туралы толықтай түсіндіріп берді.Жарыссөзге қатысқан ұстаздар бүгінгі күннің өзекті мәселелеріне тоқталды. Олардың ішінде педагогтардың бәсекеге қабілеттілігі, жаңаша білім беру мазмұны, патриоттық тәрбие, дуалды оқыту, техникалық және кәсіби білім беруде еңбек нарығының сұранысына сай келетін білікті кадрлар дайындау мәселелері айтылды.Педагогтардың тамыз конференциясын өңір басшысы Амандық Баталов қорытындылады.Ұстаздар қауымын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, жұмыстарына табыс тілей келе, жаңа оқу жылына қойылған тапсырмалардың басым бағыттарын айқындап өтті.– Құрметті жиынға қатысушылар, құрметті ұстаздар! Келер оқу жылында педагогтарымызға үлкен міндеттер жүктеледі. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында ұсынған қоғамдық сананы жаңғырту жоспарын іске асыру бойынша өскелең ұрпақпен түсіндірме жұмыстарын бірлесіп жүргізуіміз қажет, – деді А. Баталов.Өз сөзін жалғастыра келе өңір басшысы білім саласының күн тәртібіндегі мәселелеріне ерекше көңіл бөлу қажеттігін ескертті. Солардың ішінде – ҰБТ-ның нәтижесі, балаларды қосымша біліммен қамтудың аз үлесі, мектеп директорларының атымен байланысты орын алған келеңсіз оқиғалар, кадр­ларды жұмысқа қабылдау кезіндегі өз ісіне жауапсыздық мәселелері бар. Сондай-ақ облыс әкімі жасөспірімдер арасындағы қылмыстың көбейіп бара жатқандығына да назар аударды.Осы аталған мәселелерге байланысты Амандық Баталов аудан-қала әкімдеріне, облыстық білім басқармасының басшысына жұмыстарын қайта қарап, айтылған әрбір бағыт бойынша тиісті шара қолдану қажеттігін айтты. Сонымен қатар облыс әкімі аудан-қала әкімдеріне физика пәнінің мұғалімдерін оқушыларымен бірге «Астана ЭКСПО – 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне барып қайтуды тапсырды. Өңір басшысы үш тілде оқытуды жетілдіру, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру, мектепке дейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру мәселесімен қатар ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды баспанамен қамту мәселесі ерекше бақылауда тұрғандығын ескертті.Tamuz.jpgОсыдан кейін өзінің кәсіби шеберлігін шыңдауға үлкен көңіл бөліп, ұстаздық етудің жаңа әдістерін тұрақты енгізіп жүрген бірнеше ұстаздардың есімін атап, өткен жылдың қорытындысы бойынша үздік деп танылған ұстаздарды марпаттады. Олардың ішінде «Қазақ­стан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» және «Ы.Алтынсарин атындағы» төсбелгілермен марапатталғандары да болды. Сондай-ақ ұстаздарға облыс әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары тапсырылды.І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайының фойесінде облыстың білім беру мекемелерінің атқарып жатқан жұмыстарының басым бағыт­тарын көрсететін көрме ұйымдастырылды.Ағымдағы жылы Алматы облысының білім беру саласының бюджеті 153,7 млрд теңгені құрады. Оның ішінде білім беру нысандарының құрылысына 27 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған. Өңірде 48 білім беру нысанының құрылысы мен қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін 44 мектептің 35-і пайдалануға беріледі. Білім күнінде 24 жаңа мектеп өзінің алғашқы оқушыларына есігін ашпақ. Осы мектептердің 23-і үш ауысымда оқыту мәселесін шешетін болады. Ал 2018 жылы тағы 10 мектеп салу арқылы үш ауысымда оқыту мәселесі толықтай шешілмек. Сонымен қатар биылғы жылы 24 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілгендігін атап өткен жөн.


Комментарии


Комментариев нет.

Контент устарел, комментирование закрыто