Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Мемлекеттік тіл –татулық тірегі


4 сентября 2017, 04:06 | 2 673 просмотра



Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Қостанай облысында «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты орыстілді азаматтарға мемлекеттік тілді насихаттауға арналған шарасын өткізеді.

Шараның мақсаты – орыстілді азаматтар арасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесі, Қазақстандағы этностардың бірлігі мен ынтымағының кепілі ретіндегі, қоғамдық көпшілік орындардағы, жас ұрпақ тәрбиесіндегі, патриоттық, ғылым-білім, жаңа технология саласындағы қызметтері, қазақ тілін латын қарпіне көшірудің маңыздылығы, идеологиялық тұрғыдан ескірген елді мекендер мен көшелердің атауы, олардың тарихи атауларын қайтару, сонымен қатар тарихи жер-су атауларын, ұлттық танымға жақын дәстүрлі атауларды беру және т.б. турасында сөз қозғау, пікір алмасу.Жұмыс тобының құрамында белгілі саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, ғалымдар және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері бар. Шараға Қазақстан Халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптама кеңесінің мүшесі, саясаткер, Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер Дос Көшім, саясаттанушы Айдос Сарым, Қостанай облысы тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлжан ­Мендекинова, А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің профессоры, жазушы Ақылбек Шаяхмет қатысады.Шара үстіміздегі жылдың 4-8 қыркүйек аралығында өтеді.