Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Геннадий Головкин қызды болды


11 сентября 2017, 10:44 | 1 205 просмотров



Қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына ие отандасымыз Геннадий Головкин қызды болды.

Бұл туралы боксшының жақын досы, экс-депутат Мұхтар Тінікеев хабарлады. Қыркүйек айының басында Головкин L"Equipe басылымына берген сұхбатында әйелінің жүкті екенін айтқан болатын. - АҚШ-та өзіммен бірге бауырым Максим жүр, себебі ол команданың бір бөлшегі, бапкер. Қасымда әйелім мен балам да бар, ұлым америкалық мектепте оқып, әрдайым қуантып жүр. Әйелім жүкті. Екінші баланы күтіп жүрміз, - деген еді. Генаның Вадим есімді 10 жасар ұлы бар. Осыған дейін әйелі мен ұлын өзі қатысатын бокс кешіне неге алып бармайтыны жайлы айтқан еді. Мақала ұнады ма? Ұнаса, достарыңмен бөліс!

Автор:
massaget.kz