Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Латын әліпбиіне көшу – әлемдік өркениетке ілесу


9 октября 2017, 10:48 | 1 262 просмотра



Үстіміздегі жылдың 11-ші қыр­күйе­­гінде латын әліпбиіне көшу мәсе­лелеріне арналған Парламенттік тыңдауында жұмыс тобы дайындаған 25 әріптен тұратын жаңа стандарттың жобасы ұсынылды. Бұл жоба бүгін қазақстандық қоғамда қызу талқылануда. Бұл жұмыста тілдің тазалығына, яғни қазақ тілінің латын графикасына негізделген орфографиялық ережелерін жетілдіруге және т.б. арналған іс-шаралар жүргізілетін болады. Осы мәселелер М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде белгілі тіл мамандары мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен өткен «Латын графикасы – қоғамның рухани жаңғыруы мен жаһандануының негізі» атты конференцияда жан-жақты қаралды.

Қазақстан Республикасының Пре­зиденті Н.Назарбаевтың «Бо­ла­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақа­ласы болашақта біртұтас ұлт болу мен бұ­қаралық сананы өзгертудің кепілі болды. Аталмыш мақалада қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптары бойынша ­даярлап, «Мәңгілік ел» болудың шарттары көрсетілді. Ұлттық сананы жаңғырту мен ұлттық бірегейлікті сақтау жолдары айқындалып, ауқымды міндеттер жүктелді. «Сандық Қазақстан», «Үш тілді білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар жүзеге асырылып, ел жаңғыруының басты міндеттері – «Латын қарпіне көшу», «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» пен «Қазақстандағы 100 жаңа есім», «Туған жер» бағдарламалары қабылданып, бүгінгі таңда олар орнымен жүзеге асырылуда. Бұл өз кезегінде жастарға жаңа сапалық деңгейде білім беріп, әлемдік бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға жол ашатыны анық. Сондықтан тәyeлciз ел болып, рухани жаңғыруда әлiпбидi ayыcтыpy – Мәңгiлiк eл бoлyдың нeгiзгi aлғышapты болмақ.Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы мемлекетіміздің жаһандану көшін іл­герілету мақсатындағы маңызды құ­жатқа ай­налды. Сондықтан қоғам ағзасы­ның соғып тұрған жүрегі іспетті рухания­ты­мызға жанашырлық танытқан бұл бастамаға бірауыздан қолдау білдіреміз.Барша қазақстандықтар, әсіресе жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі Елбасы ұсыныстарының маңыздылығын терең түсініп, дамуымыздың басты қағидасы екенін сезінеді. Елбасының игі бастамасын қазақстандықтар ыждаһатпен қолдайды. Оны жүзеге асыруда жос­парлы түрде іс-шаралар атқаруда. Осы орайда М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекет­тік университеті тіл жанашырлары, белгілі ғалымдар мен қоғамның белсенді азаматтарының қатысуымен «Латын графикасы – қоғамның рухани жаңғыруы мен жаһандануының негізі» атты конференция өткізді. Басқосуда халықтың талқылауына ұсынылған Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Е.Тілешовтің әліпби жобасы талқыланып, оның артықшылығы мен маңызы жайында пікірлер айтылып, оған қоса төмендегідей ұсыныстар қарастырылды:1. Әліпбидің үлгі-жобасын дайындау барысында еліміздегі тілші ғалымдардың жасаған түрлі ұсыныстарын жан-жақты қарастырып, бірнеше сараптамадан өткізіп, оңтайлы шешім қабылдап, оның Тұжырымдамасы жасалу керек. Бұл тұрғыда бізден әлдеқашан бұрын латын әрпіне көшіп кеткен туыстас Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан, Түркіменстан сияқты елдердің жетістіктері мен кемшіліктерін ескеріп, тәжірибелерін міндетті түрде ескерген жөн.2. Сауаттылық – рухани кемелденудің негізгі алғышартының бірі. Дұрыс жазу – орфографиялық ережелерді жетік меңгеруді талап етеді. Ал орфографиялық ережелердің жетіктігі әліпбидің тілдің фонетикалық жүйесімен толық сәйкес келуімен байланысты. Осындай заңдылықтарды біріздендіруде қазақ тілінің латын әліпбиіне негізделген орфографиялық ережелерін жетілдіріп, оны заңдық күші бар нормативтік құжатқа айналдырған дұрыс.3. Мектепке дейінгі мекемелерде, мек­тептерде, жалпы оқу үрдісінде латын әріп­терін жазуды үйрететін пән – «Каллиграфия» (жазу өнері) деген сабақты енгізу.4.Ұсынылып жүрген латын әліп­биінің жобаларына қарайтын болсақ, ондағы дыбыстар санының әртүрлі екенін байқаймыз. Олар 29-42 ара­лығында. Осы жерде «қазақ тілінде қанша дыбыс бар?» деген заңды сұрақ туындайды. Сондықтан жобаларды талқылау, таңдау барысында, ең алдымен, қазақ тілінде қанша дыбыс бар екенін анықтап алған дұрыс. Бұл дыбыстардың санын анықтау үшін А.Байтұрсынұлының қазақтың дыбыстық жүйесіне қатысты пікірін негізге алғанымыз тиімді болады. Содан кейін ғана оларды белгілейтін әріптерді қарастыру тиімді болады.5. Көрнекті тіл маманы, профессор Қ.Жұбанов кезінде әліпбидің «бұқарашыл» болуын ескерткен. ­Жалпы әліпби қарапайым халықтың тез меңгеруіне, тіл үйренушілерге, соның ішінде баланың жас ерекшелігіне қарай жасалғаны жөн. Осы орайда әліпбиді түзуге педагог мамандардың қатыстырылуын ескерген дұрыс.6. Ұсынылған әліпби қазақ сөздерін 30-40 пайызға ұзартады. Қазақ тілі, онсыз да, жалғамалы тілдер тобына жатып, түбірден кейін қосымшалар жалғанып, бір сөз ұзын-сонар болып жазылады. Бұл өз кезегінде сөзді оқушылардың меңгеруіне, буынға бөліп, тасымалдауға қиындық тудырады. Сол себепті диграфтарды мейлінше азайтқан жөн.7. Ә, Ө, Ү әріптерін ӘЕ, ОЕ, UE деп таңбалап беру қолайсыздық тудырады. Себебі қосалқы таңба ретінде берілген Е таңбасы – әліпбидің қатарында өз алдына жеке Е дауысты дыбыс деп алынған. Мұғалім алғаш әліппе ашып отырған балаға А дыбысының таңбасы А әрпі деп жазғызып, оны дыбыстап айтқызып, жаттатып әбден үйретеді. Келесі Е дыбысын да Е әрпі деп жазғызып, оны дыбыстап айтқызып, жаттатып үйретеді. Содан кейін Ә дыбысына келгенде, А мен Е әріптері қосылып Ә әрпі болады дейді. Одан кейін О мен Е әріптері қосылып Ө деп үйретеді. Сол сияқты Ү әрпін өткенде де қайталайды. Міне, осы жерде біраз қиындықтар туындайтыны сөзсіз.  Жалпы таңбаларды тіркестіріп беруге болады, бірақ мұндай жағдайда емес. 5-6 жастағы бүлдіршіндерге қабылдау қиындау болады. Мысалы: дүдәмәл – duedaemael, әзәзіл – aezaezil, күнәһәр – kuenaehаеr, көзәйнек – koezaejnek, т.б.7. Қазақ әліпбиін түзуде «бір әріп, екі дыбыс» принципін негізге алмағанымыз жөн. Жобада И, І  дыбыс­тарына  ортақ Іі таңбасын,  Х және Һ дыбыстарына ортақ Hh берген. Үйретуде  бұлар  қиындықтар тудырады. Өйткені и, і – екі әрпі қатар келетін сөздер қазақ тілінде жеткілікті. Мәселен, Ермін мен Ермин атауының жазылуы да бір (Ermin) формада болып келеді. Cол сияқты киін — kiin, тиін – tiin, иіні – iini, т.б. сөздерді жазғанда ажырату қиынға соғады. Ал һ дыбысын Х әрпімен бергеніміз тиімді. Себебі қазақ тіліне Һ дыбысы араб тілі арқылы еніп, бас-аяғы 10 шақты сөздерде ғана жазылады, бірақ табиғи дыбысы айтылмайды. Оның дыбысын Х әріі береді. Мысалы: гауһар – гаухар, жиһангер – жихангер, қаһарман – қахарман, т.б. Екіншіден, ­Х әрпі пернетақтада болғанымен пайдаланылмай бос қалған. Сондықтан бұл дыбыстың ерекшелігін ескере отырып, Х, Һ-ларды Х-мен беру жолы дұрыс.8. Тура солай Ң дыбысын NG таңба­сымен  көрсету де қиындық туғызады. Мысалы: Ерінге мен еріңе (eringe), шешенге мен шешеңе (sheshenge), кешенге мен кешеңе (keshenge), өренге мен өреңе (oerenge), т.б. осы сияқты көптеген сөздер бір формада жазылатындықтан, мағыналарын ажырату түсініксіз болады.9. Ц дыбысын С әрпімен белгілеген. Егер бұл әріпті алатын болсақ, онда Я, Ю, Ё, Х, Щ, Э дыбыстарын да алғанымыз дұрыс. Өйткені орыс тілі арқылы тілімізге енген әртүрлі саладағы жалпы терминдерде, еніп жатқан және енетін халықаралық терминдерде Ц әрпі тәрізді Я, Ю, Ё, Х, Щ, Э әріптері де кеңінен қолданылады. Мысалы: конституция, юрист, ядро, химия, биология, хирург, ЭКСПО, т.б.10. Жобадағы диграфтарды бас әріппен жазу да түсініксіздік тудырып отыр. Сонда ае-ні бас әріппен қалай жазамыз? Мәселен, Ae ме? Әлде AE ме? Мысалы: Aerties – AЕrties.Латын әліпбиіне көшу – ана тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кірігуін, әлем қазақтарының рухани тұтастығын қамтамасыз ететін бірегей қадам. Ғаламдық істер адамзаттың игілігіне айналары анық. Осы жолда Елбасы ата-бабамыз армандаған «Мәңгілік ел» идеясының өзі ұлттық тіліміздің тұғырын бекітіп, рухани жаңғыруға жасалған нақты қадам деп түсінеміз. Сонымен қатар жаңа жобаға жолдаған ұсыныстарымыз ескеріледі деген сенімдеміз.

Махметғали САРЫБЕКОВ,М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры

Түркітілдес елдер  тәжірибесі сабақ   болуы тиіс

%D0%9E%D0%BC%D0%B8%D1%80%D0%B7%D0%B0%D0%BA.jpg

Өмірзақ Озғанбай,Республикалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары

Қазақстан ардагерлері Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» бағдарла­ма­лық ­ма­қаласында айтылған қазақ жазуының латын әліпбиіне көшу туралы ұсыныс-тапсырмасын то­лығымен қолдайды. Аға буын ардагерлер үшін бұл шешім таңсық емес. Кезінде, 30-40 жылдары әкелеріміз сауатын осы латын әліпбиімен аш­қаны тарихтан белгілі және әлі ұмы­тыла қойған жоқ. Оның үстіне қазіргі ардагерлеріміздің көп­шілігі компьютерлік сауатын ашқан, қол­данысында бір-бір қалта теле­фон­­дары бар, ондағы латын әріптерімен біршама таныс.Бәріміз білетіндей, бүгінде әлем халықтарының 80%-ы латын қаріптерін пайда­ланады. Ғылыми ақпараттың 70%-ы латын қарпімен келеді. Өз иероглиф­терін пайдаланатын дүние­дегі озық экономикасы бар Қытай, Жапон елдері де латын әріп­теріне бейімделе бастаған. Латын әліпбиінің 2500 жылдық тарихы бар.1940 жылы Қазақстан кирилл әліп­биіне көшкен болатын. Оның тереңінде саясаттың салқыны жатты. Көшу арқылы қазақ тілінің айтылу, жазылу, үндестік заңдылықтары бұрмаланып, өрескел қателіктерге киліктік. Осы орайда жаңа әліпбиге көшу елімізді отарсыздандыру қадамы деп бағалануда.Латын әліпбиіне көшу – қа­жет­тілік, тек бұл мәселеде асығыс­тық жасамай, тиянақтылықпен қарауы­мыз керек. Ғалымдар тіліміздің ды­быстық ерекшеліктерін және бізден бұрын бұл мәселені қолға алған түркітілді бауырлас елдердің (Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан) тәжірибесін ескеруі қажет. Бір әріп – бір таңба. Екі таңбадан бір дыбыс жасау қазақ тілінің табиғатына келмейді. Әліпбиге өтудің үш реформасының сабақтарын ескеру керек. Әліпби ауыстыру дегеніміз – әріптің таңбасын ғана өзгерту емес, оның саяси мәні тереңде жатыр. Бұл тілдік реформа. Еліміздің озық елдер қатарынан табылуына да латын әліпбиіне көшуіміз оң ықпал ететіні сөзсіз.Елбасы осы мәселеде нақты ұсы­ныстар жасады: «2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін ұстаздар, оқу­лықтар дайындауға кірісу керек. Алдағы 2 жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізілуі тиіс». Бұл келешек, өскелең ұрпақ үшін керек.

Үркуге негіз жоқ

Менің жасым қазір 76-да. Кезінде жоғары білім алдық. Семейдің ­совхоз-техникумын бітіргеннен кейін Алматыдағы зооветеринарлық институтты тәмамдадым. Шаруашы­лықтарда еңбек еттім. Партком хатшысы, ауыл­дық кеңестің төрағасы секілді ­жауапты қызметтерді атқар­дым. Аудандық экология комитетін басқарып жүріп зейнеткерлік демалысқа шықтым.Менің айтайын дегенім – ­латын әліпбиіне қатысты. Мұны өте қолдаймын.Бала кезім есіме оралып отыр. Әкем мұғалім еді. Ұлы Отан соғысы басталғанда өзі сұранып, майданға аттанды. Өкініштісі соғыстан оралмады. Жау қолынан қаза тапты.Әкемнің кітаптарының ішінде қазақтың тоғыз батыры туралы айтылған жыр жинағы болатын.Алпамыс, Қобыланды батырлардан басталатын ержүрек ерлер жайлы жырлар. Бұл дастандар латын әрпімен жазылған, мен бала болсам да сол әріптерді еш қиналмай оқитынмын. Оны қалай үйреніп жүргенім де анық есімде жоқ. Үлкен кісілер менің аузымнан сол батырлар жырын тыңдағанда риза болатын. Кейінірек латын таңбасымен жа­зылған қырық мақал мен алпыс мақалды жаттап алдым. ­Институтта оқып жүргенде ұстаздарым әлгі мақал мәтелдерді маған жиі айтқызатын.Сөзімнің соңында негізгі айт­пағым латын әліпбиінен үркудің еш қисыны жоқ. Оны үйрену оп-оңай. Тек ықылас, ниет болса жеткілікті.

Амангелді Әбілғапаров,зейнеткерАлматы облысы

Менің ұсынысым – бір таңба – бір дыбыс

Asylbek.jpg

Абдрахман АСЫЛБЕК,ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Латын әрпіне көшу мәселесі әлі де толық шешіле қойған жоқ. Әркім өз пікірлерін айтып, ойларын ортаға салып жатыр. Мен бір таңба – бір дыбыс деген пікірге қосыламын. Өйткені қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі үнділігі, дыбыстығы жөнінен де өте бай. Ол, әсіресе өлең-жыр, терме, ән орындағанда анық байқалады. Сондықтан тілімізге де, үнімізге де зиян келтірмеу жағын ойластыру керек.Кезінде кириллицадағы 32 әріпті, өз тіліміз бен үнімізге лайықтап 42 әріпке көбейтіп алдық емес пе? Сол секілді латын әрпіне де өзіміздің үнімізге орай бір-екі әріп қосып алсақ, оның оқасы бола қоймас. Сонда латын әліпбиіміз 25 емес, 34 әріпке көбейеді. Ы мен И әрпі де қосылса. Қалған 7 әріп латын әріптерінің өзінен ыңғайластырылады.1) Ә әрпін латыншадағы С әрпінің басын төменге айналдырсақ, Ә әрпі шыға салады.2) Ө әрпін латыншадағы О әрпінің ортасына белдікше қоя салсақ, Ө әрпі шығады.3) Қ әрпін латыншадағы К әрпінің төменгі жағына құйрықша қоя салсақ, Қ әрпі шығады.4) Ң әрпін латыншадағы Н әрпіне құйрықша қоя салсақ, Ң әрпі шығады.5) I әрпін латыншадағы I әрпінің өзінен ала салсақ болады.6) Ү әрпін латыншадағы Ү әрпінің өзінен ала салсақ болады.7) Ұ әрпін латыншадағы Ү әрпінің беліне белбеу таға салсақ, Ұ әрпі шығады.8) Ы мен И әрпін тыңнан қоссақ деймін.Сонда латын әліпбиіне тыңнан 2 әріп қана қосқан болып табыламыз.Бұл әліпбиді копьютерге қосып, ғаламторға еркін шыға беретін боламыз.

Мектеп ұжымы қолдайды

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында айтылған латын әліпбиіне көшу мәселесіне орай Шетпедегі Н.Жұбаев атындағы орта мектепте «Латын әліпбиі: бүгіні мен ертеңі» атты жиын өтті.Жиынға Маңғыстау аудандық ­жастар ресурстық орталығының басшысы А.Қонарбаев, Н.Жұбаев атындағы орта мектеп директоры Ж.Күзембаев, аудандық білім үйлестіру орталығының басшысы, «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының менеджері С.Бусаханова және ұстаздар мен оқушылар қатысты.Ж.Күзембаев өзі басқаратын білім ошағының ұжымы қазірден бастап латын әріптерін үйреніп жатқанын айтып, келешегі зор әліпбиді оқып-үйрену өздері үшін зор абырой екенін атап өтті.Жиында бүкіл өмірін бала тәрбиесіне арнаған еңбек ардагерлері А.Құрмашев пен Т.Сағымбаева сөз алып, жас ұрпақтың есті әрі білімді болып өсуі үшін барлық жағдайды ескеру қажеттігін баса айтты. Сондай-ақ оқушы жастар да жаңа әліпби жөніндегі өз ойларын ортаға салды. «Мен Елбасының латын әліпбиіне көшу жөніндегі ұсынысын қолдаймын. Президенттің болашақты болжаған бастамасын бірауыздан қолдап, оң көзқараста екендігімді айтқым келеді» дейді мектеп оқушысы Динара Рзабекқызы.Жиын соңында белсенді жастар ұйымдастырушылар атынан Алғыс хаттармен марапатталды.

Аллаберген Қонарбаев Маңғыстау облысы

Жетілдіретін тұстары бар 

Әліпби жөніндегі комиссияның ұсынылған нұсқалар арасынан таңдап алған әліпбиіне қатысты ойларымды ортаға салғым келеді. Ағылшын таңбаларының әліпбиде қамтылуы туралы айтатын болсақ, менің ойымша пернетақтада бар әріптерді толық пайдалану керек. Таңдалған нұсқада «J», «x» таңбалары не үшін алынбағаны түсініксіз. Сондай-ақ «f ‒ ф», «v ‒ в», «h ‒ х/һ», «c ‒ ц», «ch ‒ ч» әріптері кірме дыбыстарды білдіреді. 

Осы орайда олардың қайсысы қажет екенін анықтап алуымыз керек. Алдыңғы үш дыбыс (в, ф, х) тіліміздегі кірме сөздер арқылы орнығып қалған. Бірақ қосарланған дыбысты білдіретін «c ‒ ц»,«ch ‒ ч» таңбалары қазақ әліпбиі үшін артық. Тілімізде «тс», «тш» дыбыс тіркесі жиі кездеседі ( кетсе, жатса, кетші, атшы, т.б.). «Ц, «ч»» таңбаларының дыбыстық мәні олардан өзгеше емес. Сондықтан кірме сөздердегі «ц», «ч» әріптерін керек жағдайда «тс», «тш» түрінде жазуға болады.Бір дыбысты қос таңбамен беру алфавиттерде кездесетіні рас. Олар сөз ішінде бірегей жазылып, бірегей оқылады. Түрлі сөздер ішіндегі осындай әріп тіркесінде өзгеше оқылу, қайшылық болмауы тиіс. Дауысты дыбыстарға: «ae» ‒ «ә»; «oe» ‒ «ө»; «ue» ‒ «ү» диграфтары берілген. Автор «ae» ‒ «ә» диграфына «aelem» сөзін келтіреді. Жақсы, бұл жағдайда «ae» таңбасы «ә» дыбысын беретіні даусыз. Дәл осы «ае» әріп тіркесі келетін фамилия қазақта да, өзге ұлт өкілдерінде де аз емес. Мысалға осы әліпби бойынша жазылған «Asarbaev», «Oeserbaev» сөздерін «Асарбәв», «Өсербәв» деп те, «Асарбаев», «Өсербаев» деп те оқуға болады. Келесі «ое» диграфы да осылай: «Mirzoev» ‒ «Мирзөв», «Мирзоев»; «aloe» ‒ «алө», «алое» деп екі түрлі оқуға болады.Мұндай өзгеріске «ng» диграфы да ұшыраған. Бұл диграф Еуропа халықтары тілдеріне қолайлы болғанымен, қазақ тіліндегі сөздерге келмейді. Мысалы, «tengge» сөзін «теңге» деп оқимыз. Дұрыс-ақ. Бірақ дәл осы «ng» тіркесіндегі «sengen», «koengen» сөздерін «сеңен», «көңен» деп те, «сенген», «көнген» деп те оқуға болады. Осылай жазып берген соң, олай оқуға болмайды деп кімге тыйым салмақпыз?Әліпбидегі «і» таңбасы «і/и» («і» және «и») дыбыстарын білдіруін де қолдай алмаймыз. Мысал үшін «kiim», «iin», «iisi» сөздерін оқу туралы ереже шығарып, емлені қиындата беру не үшін қажет? Бұл қазақтың «і» дыбысын біртіндеп жоғалтуға апаруы ықтимал.«Ж» дыбысы үшін «j» таңбасы тұрғанда «zh» диграфын алу түсініксіз. Қысқасы, бұл әліпби қазақ тілі үшін көп қиындық туғызары хақ.Бұл мәселенің шешімі Байынқол Қалиевтің әліпби нұсқасынан табылады. Онда латынның «һ» таңбасы әріп емес, шартты белгі деп берілген. Оны «шартты белгі» дегеннен гөрі «реңдік таңба» десек нақты болар еді. Өйткені ол жай шартты белгі емес, өзі тіркескен әріптің дыбыстық мәніне өзгеше рең беріп, өзгеріске түсіреді. Мысалы: «а ‒аһ ‒ ә», «o‒oһ ‒ ө», «u‒uһ ‒ ү», «y‒yһ ‒ і» «g‒gһ ‒ ғ», «n‒nһ ‒ң». Осы «һ» реңдік таңбасымен берілген сөздердің жазылуы мен оқылуында жоғарыдағыдай шатасушылық болмайды. Әрі «һ» реңдік таңбасы ұлттық әліпбидің ерекшелігін байқатып, оны аша түсер еді.Әліпбиге кірме «х» дыбысы үшін «х» таңбасы алынып, «v», «f» таңбалары артылып қалған екен. ХХ ғасырдың басындағы қазақтың ауызекі тілінде «ф» дыбысы «п, б» (Фатима ‒ Патима ‒ Бәтима), «х» ‒ «қ» болып айтылу үрдісі жиі кездескенімен, бұл дыбыс таңбаларын А.Байтұрсынұлының өзі де шығарып тастай алмаған. Қазіргі қазақтар «х», «ф», «в» дыбыстарын ондай өзгерісте емес, өз дыбыстық қалпында айтады. Осы қалыптасқан артикуляцияны қайта бұзып, қазақты ертедегі сөйлеу тіліне оралту мүмкін емес. Сонымен бірге бұл дыбыстар ақпарат және компьютерлік бағдарлама жүйесінде аз кездеспейді. Енді оларды тілімізден аластап, жаңа ереже туғызып, әлек болудың реті жоқ. Сондықтан әліпбидегі «f» таңбасын «ф», «v» таңбасын «в» үшін алсақ, төл сөздер де, кірме сөздер де дұрыс жазылып, оқылар еді. Сонда бұл нұсқа қазақ тілі үшін де, компьютерлік бағдарлама үшін де толық жарамды болмақ.

Аюбай КӘКІМБЕК,қазақ тілі маманы

Емле ережесін ескергеніміз жөн

Мен жаңа әліпбиде ана тіліміздің дыбыстары байырғы қалпын, әуезін сақтаса екен деймін. Сондай мүмкіндіктер қарастырылғанын қалаймын. Әрине, бүгінгі қолданып келе жатқан кириллица жазуында біздің жеткен жетістіктеріміз мол.

Тарихты, өткен жолымызды жоққа шығаруға болмайды. Бірақ тіл дыбыстарының айтылуы мен жазылу түрінде өзгешелік болғандықтан, едәуір мәселе туғызып, тіпті қазіргі жастардың сөз қолданысына кері әсерін тигізе бастағанын жоққа шығара алмаймыз. Оның бәрін күнделікті өмірде көзбен көріп, құлағымызбен естіп жүрген жайымыз бар.Қазақ тілінің әуезді, үнді сөздерін жазылу қалпымен айтып қатаңдандырып жібергендер де жоқ емес. Кезінде Мұхтар Әуезовтің өзінің атақты «Қаракөз» пьесасының атауын айтылу қалпымен «Қарагөз» деп жазған, солай деп жазуға ұсыныс білдірген еді. Жазушы сонда неден сақтанды? «Қаракөздің» «к» әрпімен жазылуымен кейінгі жастардың соған орай сөзді қатаң «к» дыбысымен айтып, соған дағдылануынан сақтанды. Жаңа әліпби оқылуда қазақ тілінің төл әуезін сақтаса, біз бұған қуанар едік.Тіпті шетел азаматтары латын қарпінде жазылған қазақ сөздерін оқығанда, мағынасын түсінбей жатса да, қазақша айтып тұрғанының өзі жетістік емес пе? Бұл да біздің азат ел екенімізді айқындай түседі. Яғни жаңа әліпби қазақ тілін өзге тілдің бұзуынан сақтауы әрі қорғауы қажет. Бұл тілші ғалымдар ескеруі тиіс тілек. Осы жаңа әліпби арқылы қазақ сөздерінің дұрыс айтылуы мен дыбысталуын жолға қойсақ, сөз жоқ, орасан табысымыз болар еді. Солай болатынына сеніміміз кәміл.