Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Көптің пікірі ескерілді


13 октября 2017, 05:02 | 2 335 просмотров



Ерден ҚАЖЫБЕК, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, Латын әліпбиіне көшу жөніндегі Ұлттық комиссияға қарасты жұмыс тобының жетекшісі:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мем­лекеттік тілді латын қарпіне көшіру жөніндегі жобаны іске асыру үшін құ­рылған жұмыс тобының мүшелерімен кез­десті. Аталған жиында қоғамдық талқылаулар барысында келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып әзірленген қазақ тілінің латын қарпіне негізделген бірыңғай стандартының жобасы ұсынылды.Бірінші ұсынылған нұсқаға бір өз­геріс енгізілген болатын. Ол төл дыбыс­тарды қос таңбамен беру. Көпшілік бұл мәселені жан-жақты қарастырып, талқыға салып, бұл нұсқа халыққа пси­хологиялық тұрғыдан ыңғайсыздық туғы­затыны анықталды. Басқа тәсіл табу керек, басқаша төл дыбыстарды беру керек болды. Сондықтан ­Елбасымыз елдің пікірімен санаса отырып дұрыс шешім қабылдады деп ойлаймын.Ұлт жанашыры А.Байтұрсынұлы өз сөзінде: «Төл дыбыстарды берген жағ­дайда дәйекшені пайдаланған жөн» деп айтқан болатын. Міне, осындай нәр­се­лердің бәрін ескере отырып жаңа бір жеңілдетілген нұсқа ұсынылды.Бұл, жалпы біздің мемлекетіміздің демократиялық жол таңдағанының жарқын көрінісі. Елбасымыздың әрқа­шан халықтың пікірімен санасып оты­ратын­дығының нақ дәлелі. Маңызды мәселелерде ешқашан асығыс шешім қабылданбайды. Ол міндетті түрде жан-жақты қарастырылады, зерт­те­леді. Одан кейін жүйелі түрде іске асырылады.Сонымен, жаңа нұсқа ұсынылды. Енді халықтың, көпшіліктің пікірлері қайтадан тыңдалады. Нақты қорытынды жасалып, ең тиімді әліпби қабылданады деген үмітіміз бар. Әліпби бекітілгеннен кейін де ешқандай асығыс қадам жасалынбайды. Өйткені емле, ережелерді ретке келтіру, мұғалімдерді дайындау, оқулық шығару мәселелері бар, осылардың бәрін асықпай жүйелі, жос­парлы түрде іске асыру керек.

Автор:
anatili.kazgazeta.kz