Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Тәрбие бастауы – бөбекжай


23 октября 2017, 04:42 | 3 096 просмотров



Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының әлеуметтік тапсырысы негізінде №39 «Салтанат» бөбекжайында мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілері және мектептің бастауыш сынып арасында мемлекеттік тілді, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру жобасы бойынша «Рухани жаңғыру: ұлттық тәрбие бастауы – бөбекжайда» атты жиын өтті.

Оған Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Гүлнәр Әлжанова, жоба әдіскері Венера Төремұратова, облыстық білім басқармасының өкілдері қатысты.Қазақ елінің болашағын айқындайтын, оны тұрақты даму деңгейіне көтеретін бірден-бір құндылық, ол – жас ұрпақты отаншылдық, ұлтжандылық рухта тәрбиелеу. Ендеше, қазақстандық жаңа білім үлгісі осыдан бастау алып, жас ұрпақты білімді және сол білімді ұтымды пайдалана алатын іскер, білгір де, білікті етіп өсірумен қатар, оның адамгершілік болмысын, ішкі жан дүниесін, азаматтық тұлғасын, халықтық қасиеттерін дұрыс және орнықты түрде қалыптастыру болмақ. Жоғарыда айтылған мәселелер қоғамдағы ерекше әлеуметтік топ мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тәрбиеленушілері мен мектеп бүлдіршіндерінен бастау алуы тиіс. Себебі ата-ана тәрбиесімен қоса, аталған кезеңдегі осы әлеуметтік топтағы қоғам мүшелерін тәрбиелеуге мемлекет ерекше көңіл бөліп, өз міндетіне алып, ұлттық тәрбие негізінде елжанды азамат ретінде тәрбиелеуге көңіл бөледі. Жоба сол бағыттағы жұмыстардың бір бөлшегі ретінде сол әлеуметтік топ өкілдеріне мемлекеттік тілді, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруды көздейді.Әлеуметтік жоба мақсаты облыстағы мектепке дейінгі ұйым және мектеп бүлдіршіндері арасында мемлекеттік тілді, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастырып, қоғамдық орта мен мектепке дейінгі ұйымдардың әлеуметтік ықпалдастығын арттыра отырып, ұлттық тәрбие мен тіл мәселесінің ажырамас бірлікте екенін насихаттауға бағытталады. Балалар үйінің балабақша және мектептеріндегі мемлекеттік білім беру стандарттарындағы ұлттық тәрбие мен мемлекеттік тілдің мазмұндық қамтылу көлеміне, оның орындалу сапасына мән беру, тәрбие мен білім мазмұнының сапалалық көрсеткішінің артуына ұсыныстар беру осы аталған жобаның басты міндеті.Мемлекеттік тілді дамытудың ең алғашқы әрі жауапты сатысы мектепке дейінгі мекемелерден бастау алатынын ескерсек, Тіл заңының талаптары бойынша мемлекеттік тілдің өрісін кеңейтуге аталған ұйымдардың да барынша ықпалды әрі мүдделі болуының мәселелері сараланды.