27 октября 2017, 03:40 | 2 701 просмотр
Адам баласы дүниеге келген кезінде тәуелсіз, таза, ешкімге мойынұмсынбайтын қалыпта келеді. Жан дүниесі азат сәбиді бүлдіретін өзіміз. «Былай істе, өстіп сөйле» деп өзіміз, кішкентайынан құлдық сананы үйреніп бағамыз. Әрине, көпшілігіміз бұл жайлы білмей де жатамыз. Сондықтан бала тәрбиесі жайында бірнеше кеңес бермекпін.1-кеңес. Орынсыз ескертпе мен жөнсіз тыйым. «Өскенде қайтпексің?» немесе «бұл түріңмен аштан өлесің» деп ұрысу баланың санасында қалып қояды. Болашағынан қорқып, болмайтын нәрсеге алаңдап жүреді. Керісінше, бұрыстығын дұрыстап, білмегенін үйретіп, ашумен емес ақылмен сөз айтыңыз.2-кеңес. Ішкі сезімін жеткізуіне ерік беру. Бала сүйіспеншілігін, ашуын, қарсылығын, басқа да сезімдерін бүкпей жеткізе білу керек. Ата-ана өз баласының ішкі сезімін тек осы арқылы ғана біле алады. Перзент ішіндегі эмоцияны білдіргені үшін жазаға тартылса, ол іштей тұйылып, ынжық болып қалу қауіпі бар. Тіпті, жан-жағына кесірі тимесе ашуына да ерік беріңіз. Кейін ақылмен сөйлесіп, бұл қылықтары дұрыс емес екенін түсіндіру керек.3-кеңес. Өз ойын сол қалпында жеткізуге ерік беру керек. Баланың не ойлап жүргендігін білгісі келген ата-ана, баласын тәрбиелеуге үмітті деген сөз. Егер балаға тиісті дәрежеде ой еркіндігін беретін болсақ, қандай жағдай болсын өзінен жоғарыға бағыну керек деген “қағидамен” өсетін ынжық болмайды, керісінше сөз жүргізе алатын тәуелсіз тұлға болады.4-кеңес. Сынап-мінеуден аулақ болыңыз. Бұл ғылымда “улап тәрбиелеу” деп аталады. Бұл ата-аналар ұл-қызын үнемі кінәлап, “салақ”, “ақымақ”, “жарымес” деген сияқты сөздер қолданады.5-кеңес. Балаңызды “құл” деп, өзіңізді “қожайын” деп есептеуден сақтану керек. Көпшілік ата-аналардың қателігі осында. Перзенттерін құл ретінде көріп және солай жүруін жөн санайды. Мұндай жағдайда “ерікті, өр тұлға адамдардың” орнын, “өзіне жат, өзінен жоғарының әміріне қашанда дайын тұратын, құлақкесті құлдар” өсіп шығады.6-кеңес. Балалардың бойында негізсіз сөздерді қалыптастырмаңыз. “Қазір әлі баласын ғой”, “балалар түсінбейді” деген сияқты негізсіз сөздер кейін қағидаға айналады. Ал бұл, өз-өзін танудың тоқырауына алып келеді. Қызығушылық сөніп, құлықсыздық орын аладыБақы Матайnamys.kz сайтынан алынды.