Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Тілдің болашағына сенбеу - ұлттың болашағына сенбеу»


16 июля 2010, 10:54 | 1 994 просмотра



Қай халықтың, қай ұлттың болмасын ең басты байлығы- өзінің ана тілі.

Тілсіз ұлт,тілсіз мемлекет болмақ емес. Яғни, тіл мәселесі тек жеке біреудің немесе жеке бір ұлттың тағдыры емес,бүкіл адамзат баласының тағдырына келіп тірелмек. Соның ішінде талай тарихи кезеңдер мен қилы замандарды артта қалдырған, қазақ халқы ұлттық тіліміздің алдында борыштар.

Туған тіліміздің қазіргі қолданыс деңгейі ешкімді де қанағаттандыра алмаса керек. Өзіңізге аян, ғасырлар бойы тәуелді болған қазақ халқы небір қилы замандарды басынан өткерді. Жетпіс жыл бойы ресми тіл- орысша тілі болды. Бір емес; бірнеше ұрпақ осы кезеңді басынан өткерді. Кез-келген дерт батпандап еніп мысқылдап шығады ғой.

Тәуелсіздіктің қадірін әр сәт сайын сезініп отыру керек деген ақын сөзі дұрыс айтылғандай, кешегі арман бүгінгі шындыққа айналды.

Мемлекеттік тілдің қоғамымыздағы өркендеуі, қолданыс шеңберінің ұлғаюы, өрісінің өсуі, кеңейіп келе жатқаны көзі ашық, көкірегі ояу әрбір адамға аян. Ол өз заңдылығымен дамып, өз орнын бекітуде. Бір жылда немесе бір тоқсанда қоғамның қазақша сөйлеп немесе қазақша мемлекеттік қызметте қолданылып кетуі расында да қиын.

Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңға, «Тілдерді қолдану мен дамытудың

2001-2010 жылдарға арналған бағдарламасына» сәйкес Елбасымыз Астанада өткен

«Мемлекеттік тіл: бүгіні мен болашағы атты республикалық мәслихатта мынадай дана сөз айқан еді»:

«Тіл мәселесінің өте нәзік екендігі белгілі

Ал оны мемлекеттік тіл ретінде қастерлеп, үйрену – елдің барша азаматтарының парызы »

Ендеше, тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болғалы тіліміздің қолданылу аясы кеңіп, байсалды да байыпты түрде қолға алын-

ғаны белгілі.

Тіл туралы айтқанда, мемлекеттік тіл- ана тіліміз үнемі ойымыздың бір түкпірінде тұратыны шындық.

Атап, айтқанда Алматы облысының Талдықорған қаласындағы №6 балабақшасында да қазақ тілі деңгейін көтеру мақсатында орыс топтарында қазақ тілі - сабақ ретінде жүргізіліп отырады. Балабақшамыздағы басқа ұлт бүлдіршінің қазақ тілін білуге деген қызығушылығы да өте жоғары.

Жасыратыны жоқ, кезінде орыс тілді ата-аналар балаларына қазақ тілін үйретуге аса құштар емес-тін. Керісінше, бүгінгі таңда олар балаларының мемлекеттік тілді үйренулеріне, білулеріне баса назар аудара бастады.

Осыған байланысты балабақшамызда ұлттық дәстүрлерімізді,тілімізді қастерлейтін рухымызды көтеретін әр түрлі іс-шаралар жүргізіледі.

Мысалы: «Тіл дегеніміз- ұлт, Ұлт дегеніміз-тіл» мақал-мәтел кеші, «Менің Отаным-Қазақстан»,«Өнеге-туған ошақ аясынан», «Ең бірінші бақытым- тілім менің!»т.б.

Қазіргі кезде қазақ балабақшалары, қазақ мектептері көбеюде, сондықтан болашақта барлық салада мемлекеттік тілде дәріс алған кәсіби мамандар саны көбейіп, мекемелерге қызметке барған кезде қазақ тілі барлық салада ендіріліп, орнығады деп ойлаймыз.

«Бір тіл білген адам - бір елдің баласы, екі тіл білген адам екі елдің баласы ».

Олай болса, қанша тіл білсеңіз де артық етпейді. Ал, ана тілін меңгерту - әрбір азаматтың парызы.

Тобықтай түйін: Қоғамның барлық саласында қазақ тіліне деген қажеттілік тумайынша,оны әрбір саналы азамат сезбейінше тіліміздің тынысы кеңеймесі анық.

Автор:
Г.М.Қонақбаева, №6 балабақшаның қазақ тілі мұғалімі, Талдықорған қаласы.