Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Екі жылда екі диплом


16 июля 2010, 11:01 | 1 802 просмотра


Екі жылда екі диплом - ТМД Желілік университеті тілек білдірушілерге ашық

ТМД желілік университеті 2010 жылы алғашқы студенттерді қабылдайды, бұл туралы аптаның соңында ТМД қатысушы мемлекеттері білім министрлерінің XVII конференциясы барысында ТМД қатысушы мемлекеттері гуманитарлық ынтымақтастығы мемлекетаралық қорының атқарушы директоры Армен Смбатян мәлім етті.

«ТМД Желілік университеті» жобасына 2008 жылы Ресей халықтар достығы университеті бастамашы болған еді. Жобаға ТМД қатысушы мемлекеттері гуманитарлық ынтымақтастығының мемлекетаралық қоры қолдау көрсетті. Желілік университет консорциумына сегіз елден: Армения, Беларус, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан және Украина елдерінен 16 жетекші жоғарғы оқу орындары кірді.

2010-2011 оқу жылында студенттер «Халықаралық құқық», «Менеджмент» бағыттары бойынша «Халықаралық жобаларды басқару», «Халықаралық менеджмент», «Экономика» бойынша «Халықаралық сауда», «Филология» бойынша - «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандықтарынан бірлескен білім бағдарламасынан оқудан өтеді.

А.Смбатянның айтуынша, Желілік университет жұмысының басталуымен ТМД-да академиялық жедел оқыту жүйесінің негізі қаланды деп сеніммен айтуға болады. «ТМД елдерінің көптеген студенттері үшін бір мезгілде біздің елдеріміздің ең таңдаулы оқу орындарында оқып, екі магистрлік білім алудың мүмкіндігі жасалды», - деді аталған қордың атқарушы директоры.

2010-2011 оқу жылында Желілік университет 141 студент қабылдайды, қазіргі күндері консорциумға қатысушы жоғары оқу орындарында қабылдау науқаны жүріп жатыр.

Ресей халықтар достығы университетінің халықаралық және инновациялық қызмет жөніндегі проректоры Гүлнара Краснова Желілік университетте магистранттар мен аспиранттар, яғни қазірдің өзінде жоғары білімі бар студенттер қабылданатынын түсіндірді. Оқушылар алғашқы жылы өз университеттерінде, ал келесі жылы шетелдік жоғары оқу орнында оқиды. Желілік университетке қазақстандық жоғары оқу орындарынан Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті қатысады, болашақта бұл тізім кеңейе түспек.

 «Оқуды бітірген түлектер бірі - ұлттық университеттің және екіншісі - әріптес жоғары оқу орынының екі дипломын алады. Біз жалпы қабылдау емтихандарын келістік, яғни екі жоғары оқу орнына түсу үшн талапкер бір ғана емтихан тапсырады. Желілік университетті бітіргеннен кейінгі мемлекеттік емтихан да - біреу», - деді Г.Краснова.