Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Баланың шынайы болмысы


13 ноября 2017, 04:46 | 2 613 просмотров



Ата-аналардың арасында "бала күнінде тым жақсы еді, өтпелі кезеңнің әсері ма, өзгеріп шыға келді?!" секілді шағым айтушыларды кезіктіріп жатамыз. Бұл шағымның астарындағы ақиқат - бала күнінде күші жетіп, баласын қалағанынша басқара алған ата-ананың, ендігі "өз болмысымен" болуды қалаған баласына өктемдігінің, күшінің жетпеуі. Не дегенмен "бар болу" - адамның өмір сүруі үшін ең басты қажеттілік. Бала күнінде баласын және оның көңілі мен сезімдерін "елемеген " ата-ана, бір күні бар болуды,өз болмысымен болуды қалаған баласына күші жетпейтінін байқайды. Баласының сезімдерімен санасатын ата- ана баласының жағымсыз қылықтарын қысыммен өзгертудің орнына, оны өзінен көріп, баласының өз бетімен өзгеруіне мүмкіндік береді. Өзін-өзі түзеткен балалардың адами қасиеттері, өзгенің әсерімен түзетілген балаларға қарағанда жақсырақ жетіледі. Ашуын басқара алмайтын,сезімдері әлсіз,қоғаммен еркін қарым-қатынас құра алмайтын, меланхолик немесе агрессивті балалардың көбісі ата-анасы тарапынан қылығы түзетілген, өз болмысымен әрекет етуіне рұқсат етілмеген балалар. Жақсы қылықтың сыртқы қысымдарымен емес, ішкі талап-талпынысымен үйренілгені мәнді, әрі мағыналы екенін ата -анасы білуі тиіс.Бала ниеттеніп, шынайы қаламаған, күшпен жасатылған бір қылыққа біршама уақыт жаттыққанымен,әрдайым істеуге әдеттенуі мүмкін емес. Ата-анасының ашуымен сабақ оқитын, көрші-қолаңның айыптауынан тартынып қонақта тәртіпті отыратын балалары үшін ата -ана қуанбауы керек. Себебі, бұл баланың шынайы болмысы емес!!!