Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Оқыту әдістері


23 июля 2010, 10:10 | 2 382 просмотра



«Адамды бірнәрсені қайталауға

үйреткеннен гөрі, оған жаңалық

ашуға көмектескен жөн».

Г. Галилей.

Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту мәселесінің теориялық әдістемелік негізін анықтау тұлғаның дамуы жайлы психологиялық зерттеулерді талдау қажеттілігін туғызды. Сабақта оқушының оқу қызметін ұйымдастыру, бұл оқушы мен мұғалімнің сырттай үйлесімді қызметі, оның өзі белгілі бір ретпен тәртіп талабынан құрылады. Мұғалімнің оқу қызметін фронтальді ұйымдастыруы барлық оқушылардың іс-әрекетінің бірлікте болуын басқару, яғни барлық оқушылар тапсырманы орындайды, жұмыс бәріне ортақ, барлық топ талқылайды, нәтижені салыстырады, жинақтайды. Бұл тәсіл оқушылар мен ұстаз арасындағы сенімді нығайтып, ұжымдық сезімді тәрбиелейді, пікірлерді талқылауы ширайды, басқаның ойын өзінің ой-түйіндерімен салыстырады. Фронтальды оқытуды ұйымдастыру проблемалық, ақпараттық, түсіндірмелі иллюстративті мазмұнда, репродуктивті және шығармашылық тапсырмалармен келуі мүмкін. Жұмыстың бұл түрі барлық оқушылардың белсенділікпен іс-әрекетте болуына жағдай туғызады. Бұл тұрғыда зерделенген психологиялық теориялар біздің жұмысымызда әдіснамалық қызмет атқарады. «Әдіс» - грек тілінен аударғанда зерттеу және білу, тану жолы деген мағынаны білдіреді.

Оқу әдістері – бұл оқытушы мен оқушылар арасында байланыс, оқушылардың біліктілігін, білімділігін, ойлау қабілетін дамыту үшін берілетін үлкен бір жүйе.

Әдістердің түріне келсек:

1. Ауызша әдіс: дәріс, әңгіме, әңгімелесу, конференция, диспут, түсіндіру.

2. Көрнекілік әдіс: илюстрациялар, демонстрациялар.

3. Тәжірибелік әдіс: жаттығу, лабораториялық жұмыс, есептер.

4. Индуктивтік әдіс: оқыған, материалдардан түсінгенін жалпы ортаға айту

5. Дедуктивтік әдіс жалпыдан бір тұлғаға түсіндіру.

6. Репродивтік әдіс –есте қалдыру, мазмұндау, дайын материалды көшіру, үлгі бойынша тапсырманы орындау, ереже бойынша болған жағдайды анализдеу, кітаппен жұмыс, заңдылық.

7. Қиыншылық-іздеу әдістеріне – қиын маз-мұндама, іздеу әдістері, зерттеушілік.

8. Қадағалау-бағалау әдістері – мақсат бойынша бағыттау, топпен жұмыс, ұжыммен жұмыс жасау арқылы қорытынды жасау.

9. Стимулдық және мотивациялық әдіс – танысу ойындары арқылы, оқушылардың дискуссиясы, әртүрлі эмоциялық оқиға.

10. Эврестетикалық әдіс – оқушылар өз бетімен формулалар, ғылыми заңдар, ережелерді білуі. Мұғалімнің басқаруымен.

11. Зерттеулік әдістер – оқу жолымен тәрбиелеу, дамыту.

12. Догматтық әдіс.

13. Түсіндіру әдіс – жаттығу жазу, теңестіру арқылы әңгімелесу, таблица, схеманы анализдеу.

14. Білім ғылым әдістемесі – сөздікті тану, практикалық, дидуктивті индивид.

15. Бақылау және өзіндік бақылау әдістері – ауызша, жазбаша бақылау, жеке, фронталдық сұрау, жазбаша сынақ лабораториялық – тәжірибелік бақылау.

16. Творчестволық мінездемелік әдіс – образға кіру.

Қортындылай келсек: Жоғарыда аталып өткен әр түрлі әдістерге талдасу жасай отырып тұлғаның өзін-өзі дамытуы адамның бойындағы зор әл- шамасымен көздеген деңгейінің арасындағы қарама-қайшщылықты шешуге бағытталған энергия, психологиялық тетік. Әрекет барысында ол өзін-өзі терең танып, өзінің өзектілігін арттыруға қызмет жасауы арқылы, өзін-өзі дамытатын кеңістік құрайды деген ой қортынды жасауға болады.

Автор:
Ускенбаева Асель Талгатовна 1985 ж. Талд.-экон. және көлік колледжі ЖЭИ 2007ж. 2 жыл экономист-бухгалтер, экон.саба.