Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Білім беру ұйымының табысты көшбасшысы


22 ноября 2017, 12:19 | 1 226 просмотров



Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен «Табысты басшы» жобасын жүзеге асыруда шығармашылықпен жұмыс жасайтын басшыларды анықтау, қолдау, мадақтау және білім беру ұйымының табысты көшбасшыларын насихаттау мақсатында «Білім беру ұйымының табысты көшбасшысы» облыстық байқау өтті.

Байқау келесі кезеңдерді қамтыды: «Мен табысты басшымын» интербелсенді таныстырылым, «Табысты білім беру ұйымының заманауи моделі» жобасы және шығармашылық көрме: авторлық тұжырымдама, авторлық бағдарламалар, әдістемелер, стратегиялық және тактикалық жоспарлау негізіндегі басқару жұмыс жүйесі.

Байқауға жалпы білім беретін білім беру ұйымдарынан 18 мектеп басшысы қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап, облыстық әдістемелік кабинетінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен, «Мектептің табысты менеджері», «Шағын жинақталған мектептің табысты менеджері» және алғыс хаттарымен марапаттады.

І орын – Г.Еспанова, Талдықорған қаласы №14 орта мектеп-гимназиясының директоры;

ІІ орын – Н.Нұрбаев, Қапшағай қаласы №6 орта мектеп директоры;

ІІ орын –Ш.Бозов, Ескелді ауданы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің директоры;

ІІІ орын – Л.Байсұлтанова, Текелі қаласы «№3 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ-нің директоры;

ІІІ орын – Н.Нұрғалық, Панфилов ауданы «А.В.Луначарский атындағы орта мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ-нің директоры;

ІІІ орын – С.Садиева, Алакөл ауданы «М.Төлебаев атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» КММ-нің директоры;

«Мектептің табысты менеджері» номинациясы - Г.Дихамбаев, Қаратал ауданы Бикен Римова атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп-гимназиясының директоры;

«Мектептің табысты менеджері» номинациясы – Ж.Кулиева, Қарасай ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің директоры; «Шағын жинақталған мектептің табысты менеджері» номинациясы - Е.Нусупбеков, Кербұлақ ауданы Шилісу негізгі мектебінің директоры.

Автор:
almaobledu-gov.kz