Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Алғашқы әскери дайындық - маңызды міндетіміз


23 июля 2010, 10:39 | 3 916 просмотров



Өзіміз қызмет істеп жүрген №4 мектепте жастарға алғашқы әскери дайындық тәрбиесін беруде бірқатар оң тәжірбиелер қалыптасқан. Жастарға әскери – патриоттық тәрбие беру ісінде үгіт – насихат жұмыстары кеңінен қолданылуда. Бұл орайда әр түрлі тақырыптарға өткізілген кештер, оқылған дәрістерді айтуға әбден болады.

Оқушы ер балалардың дер кезінде әскери газет – журналдарға жазылуын қамтамасыз етіп отыру немесе ондайларды мектепке жаздырып алу, аса маңызды істе кезек күттірмес мәселе ретінде қарастырылып отыр. Сонымен қатар мектеп бітіргеннен кейін әскери мамандықты игеремін, әскери қызметкер боламын деушілерге де ерекше көңіл бөлінген. Оларға қарулы күштеріміздің қыры мен сыры жәйлі әңгімеленіп, тиісті бағыттар беріліп,қай жерде қандай әскери оқу орындары бар екені айтылып, мәліметтер ұсынылуда және де осындай мақсаттағы балалармен кездесулер өткізіліп,жасөспірімдерге әскерилердің тұрмысы турасындағы қызықты фактілер танытылып отыруда.

Әскери училищеде оқитын мектеп түлектерімен де дүркін – дүркін кездесулер ұйымдастырылып отыр. Жастардың денсаулығын шыңдауда, дене дайындығын қалыптастыруда да бірқатар маңызды шаралар өткізілуде. Мектеп тренажер залы, 2 спорт залдары, спорт алаңы өз денсаулығын нығайтам дегендерге әрқашан қызмет істейді.

Жылдың тағы да көктем айларында жоғары сыныптардағы оқушылар Жыл сайын мектебіміздің 10-11 сынып оқушылары көктем айларында «кросс» спорты бойынша бәсекеге түсуде.Спорттық жарыстар – жастардың дене тәрбиесі дайындығының көрсеткіші десе болады. арасында әскери саптық байқауларын өткізіп тұру бұлжымас әдетке айналған. Ұлдарымыздың саптық біліктілік деңгейін анықтауда осы байқаудың маңызы ерекше болып отыр.

Мектептегі бастапқы әскери дайындықтың нәтижелі ұйымдастырылуында оның материалдық техникалық базасын нығайтудың маңыздылығын алға тартпаса болмайды. Осы орайда тілге тиек ететін мәселе, мектебіміздегі атыс тирінің қалпына келтіріліп, қайтадан жарақтандырылуы. Соңғы кездері қаладағы көптеген оқу – жаттығу жұмыстары спорттық шаралар бізде өткізілуде. Ер балаларды әскери іске қызықтырып, олардың дүние танымдық белсендіктерін арттырып отыру да бізде дұрыс жолға қойылған. Оқу жылы басында қаладағы №18407 әскери бөлімінде өткізіліп тұратын «Ашық есік» күндері жастардың отан қорғау ісіне қызығушылықтарын оятып, ықыласын аударуда.

Мектепте еңбек және соғыс ардагерлерімен, ауған соғысына қатысушылармен жиі –жиі кездесулер ұйымдастырылып тұрады. Осыдан барып олардың бойында Отан қорғаушыларға деген құрмет, отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастырады.

Ардагерлердің айтқан әңгімелері ешкімді де бей – жәй қалдырмақ емес. Мектебіміздің 75 – жылдық мерей тойының атап өтілуіне орай, білім ордасына тарихи – өлкетану мұражайы ашылды. Осы мұражайдың бір бөлігі «Әскери даңқ бұрышына» арналды. Бұл жерде отан соғысына байланысты жәдігерлерді көруге болады. Жас ұрпақтың еліміздің өткені жәйлі нақтылы мәліметтер алуы, балалардың отан сүюге, елжандылыққа баулынуына үлкен көмегін тигізіп отыр. 9 – мамыр Жеңіс күніне арналған бұқаралық – мәдени шаралар көпшіліктің көңілінен шығып жүр деуге болады. Толып жатқан концерттік бағдарламада әскери сипаттағы ойындар, жарыстар өткізу дәстүрге айналған.

Жыл сайын өткізіліп тұратын «Жас ұлан» әскери патриоттық – спорттық ойындар- осының дәлелі. Мектебіміздің сайыпқыран жастары осы жарыстарға қатысып, шеберліктерін шыңдауда. Атап айтқанда, 2008 жылғы мамыр айындағы болған «Жас ұлан» байқауында мектебіміздің командасы жүлделі ІІ – орынға ие болып, қала әкімшілігінің марапатына ие болды. Содан кейінгі жылдары да мектептің жас ұландары алдыңғы қатарлардан көрініп жүр.

Мектебімізде үстіміздегі айда ұйымдастырылып өткізілген «Дүлдүл ұлан» атты бозбала жігіттер сайысын атап кетпеске тағы болмайды.

Бәйгенің мақсаты: жоғары буын оқушылары арасынан қабілетті білімді, спортқа икемді, еңбекке бейімді, жан – жақты, сегіз қырлы бір сырлы жасты анықтау, оларды отан сүйгіштікке баулу, бойларына патриоттық сезім қалыптастыру болды.

«Сәлем – сөздің анасы» - атты бірінші кезеңде, сайыскерлер көпшілікпен сәлемдесіп, өздерін таныстырса, «Сөз қадірін тапқыр біледі» деп аталатын екінші кезеңде қатысушылар Отан, туған жер, ерлік хақындағы мақал –мәтелдерді айтып жарысқа түсті. Үшінші кезең «Спорт – денсаулық кепілі» деп аталады, мұнда жас спортшылар 16 кг – дық гирь көтеруден күш сынасты, ал «Мен өнерлі жігітпін» деп аталатын кезеңде үміткерлер патриоттық тақырыптағы әндерді айтып, өлеңдер оқыды. «Мен – болашақ сарбазбын» деп аталатын бесінші кезең бастапқы әскери дайындықта жүрген ұландарды автоматты бөлшектеп, жинаудан қабілеттерін сынады. Армия өміріне қатысты «Адамды адам еткен еңбек» кезеңінде болашақ жауынгерлер картоп тазалаудан өздерінің біліктілік, шеберліктерін көрсетті.

Мектептің 10 – сынып оқушылары Бекетов Медет, Бағжанов Болат, Жақыбаев Еркебұлан, Сейдікенов Рауан, Шәкербек Аманғазы, Қабдолдинов Нұрсұлтан, Тұралық Наурыз сынды бастапқы әскери дайындықтың озаттары күш сынасқан бұл жарыста жүлделі І – орынды Сейдікенов Рауан, ІІ – орынды Қабдолдинов Нұрсұлтан, ал ІІІ – орынды Шәкербек Аманғазы иеленді, қалған қатысушылар да грамоталармен марапатталды. Абай атындағы орта мектептің Махметов Марат Оразұлы, №20 мектеп – лицейдің әскери жетекшілері Қуандықов Азамат пен жасақталған әділ қазылар алқасына мектеп психологы Ерасылов Айтмұханбет бас төреші болды. Жалпы сайыс өте қызықты өтіп, жиналған жұртшылыққа игі әсер етті.

Жастарға әскери – патриоттық тәрбие беруге әскери өлеңдер байқауы да септігін тигізуде. Айта берсе тағы да көптеген фактілер келтіруге болады. Бірақ осының бәрінде ескеретін бір жағдай, ол мектебімізде бастапқы әскери дайындықты ұйымдастырудың дұрыс жолғы қойылуында.

Мектептің педагогикалық ұжымы осы орайда ұйымшылдық танытып, белсенділік көрсетуде. Әкімшілік басшымыз Елубаева Гаухар Сламғалиқызы осы бір маңызды істің басы – қасында өзі болып, жұмыстың алға басуына көп ықпал етеді. №4 орта мектептің ұжымы жастарға әскери тәрбие беруде әлі де алға баса бермек.

Автор:
Ақсубаев Серікқан Серікболұлы, №4 орта мектептің АӘД – мұғалімі Талдықорған қаласы.