Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Сабақта бейнефильмдерді қолдану


23 июля 2010, 10:43 | 3 440 просмотров


Әлем күн сайын өзгереді. Жаңа адамдар, жаңа оқиғалар, үйреншікті заттардың жаңа сапасы.

Өткен уақыт бүгінгі күнмен алмасады, ал қазіргі уақыт келешекпен алмасады. Ақпарат біздің қасымыздан және біз арқылы орасан зор жылдамдықпен зымырап өтеді, ал сана айналада болып жатқаннын барлығын есте сақтауға қарсы болады.

Бірақ өткенді есте сақтай алатын, қазіргіні бейнелейтін және болашақты алдын ала болжау жасайтын технология бар. Бұл бейне , бейнені сабақта қолдану арқылы оқушыларға жаңа материалды көрнекі түрде көрсету құралы болатын болса, екінші жағынан, материалды дайындауды және оны қолдану процесінде жеңілдетеді және сабақтың қызғылықты өтуін қамтамасыз етеді. Ал ұстаздар ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалануға дағдыланады. Сонымен қатар мектептің жергілікті компьютерлік желісі болуы және бұл желінің Интернет жүйесіне қосылуы мұғалімдердің жұмысын біріктіре отырып дайындауға мүмкіндік беріп, сабақ берудің жаңа технологиясын игеру ісін оқытушылардың өздеріне де өте қызықты етіп көрсете алады Компьютер дыбыс пен бейнелерді өңдеудің керемет мүмкіндіктерін береді. Арнайы программалық жабдықтамалар көмегімен дыбыс жазбаларын түрлендіре отырып, өзіңіз жаңа күйлер мен саздар құрастырып, клиптар енгізіп, айта берсек, өз әуендеріңізді компьютерде орындай да алатын боласыз. Компьютер ортасында дыбыс пен бейнелер өңдеуді толық меңгеру үшін алдымен музыкалық саздарды ойнатып, бейнефайльдарды экранға шығаруды үйрену керек. Windows XP жүйесінің мультимедиалық мәліметтермен жұмыс істейтін қуатты құралы бар, ол – Windows Media дыбыс шығарғышы немесе ойнатқышы. Бірақ одан басқа медиа плейерлер түрлерін пайдалануға болады. Мысалы Winamp, Jet-Audio, Іnter VideoWinDVD, NeroStartSmart т.с.

Медиа-форматтары AVI, mp3, mpeg, wav.

Бейнедегі аудио видеодағы фрагменттерді қиып алу үшін басқа форматқа келтіру қажет.Ол үшін Total video konvertor программасын қолданамыз.

Егер компьютерде орнатылған болса, онда Total video konvertor программасы іске қосылады. Экранда

Содан кейін қажетті файлды Менің құжаттарым немесе Жұмыс үстелінен алдын ала арнайы бумаға импорттаймын да медиа форматына келтіремін.

Компьютердегі стандартты Movie maker бағдарламасы арқылы импорттап, қажетті фрагментті қиып алып орналастырып, жанадан бейне жасауға болады

Қазіргі уақыттағы графикалық., бейне, аудио және дыбыс, сөз бен кескін синтезін жасап, ақпараттың өте көлемді мөлшерін «Интерактивті тақтаға» енгізе отырып болашақта әр оқушының салауатты білімді ұрпақ ретінде мектепте тәрбиеленуіне кепілдік беруге болады.

Автор:
Мұхаметжанова Г. А, М. Ломоносов атындағы №5 мектеп-лицей информатика пән мұғалімдері, Талдықорған қаласы.