Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Кім көп біледі?


23 июля 2010, 10:47 | 4 468 просмотров



Тәрбие сағатының тақырыбы: Кім көп біледі?

Мақсаты:

Білімділік: Компьютер пәні бойынша оқушылардың теориялық білімін практика жүзінде білім деңгейлерін көтеру.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, білім дағдыларын, танымдық белсенділігін, логикалық сауаттылығын және компьютерлік іскерлігін дамыту.

Тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылығын, жауапкершілігін, белсенділігін арттыру.

Әдіс-тәсілі: Ынталандыру әдісі.

Көрнекілігі: Электронды есептеуіш машинасы

Кәмшат: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінің 17 жылдығына орай информатика пәнінен өткізіліп отырған «Кім көп біледі?» тақырыбындағы 8 сынып оқушыларының білім сайысын өздеріңізбен бөлісуге шақырамыз.

Қуандық: Бүгінгі білім сайысына өздерінің бақтарын сынағалы отырған сайып қырандарымызбен таныс болыңыздар.

1. Нұрахметова Айгерім болашақта дизайнер болғанды армандайды. Сүйіп оқитын пәндері қазақ тілі, математика, информатика және география.

2. Қожахметова Құралай келешекте дәрігер болуды армандайды. Қызығып оқитын пәндері биология, информатика және ағылшын. Бос уақытын әртүрлі сөзжұмбақтар шешуге арнайды

Кәмшат:

3. Қашқынбай Азамат болашақта футболист болғысы келеді. Қызығып оқитын пәндері алгебра, физика, информатика, химия және биология. Бос уақытында спорт айналысқанды ұнады.

4. Қадыр Ақжол болашақта дәрігер болғанды армандайды. Бос уақытын әртүрлі үйірмелерге қатысып, кітап оқуға арнайды. Сүйіп оқитын пәндері физика, химия, алгебра және биология.

Қуандық: Осы сайысымызға әділ баға беретін қазылар алқасының құрамын сайлап алайық

Кәмшат: Қуандық, олай болса бүгінгі сайысымызды компьютердің даму тарихына арнайық. Сен білесің бе, ең алғашқы есептеуіш машинасын жасаған ағылшын оқымыстысы Чарлз Беббидж болған. Ал оның оның машинасына алғашқы болып 1846 жылы Ада Лавлейс бағдарлама жазған екен. Олай болса ойынымыздың бірінші кезеңі «Бәйге» кезеңін бастайық. Бұл кезеңде ойыншыларға информатика пәніне байланысты 10 сұрақ оқылады. Әр сұрақ 10 балдан тұрады. Бірінші ойыншы дұрыс жауап бермесе, екінші ойыншы жауап беруге құқылы. Ал, екеуі де дұрыс жауап бермесе, жауабын өзіміз айтамыз. Осы кезеңде төмен балл жинаған ойыншы ойыннан тыс қалады. Ойынның шарты түсінікті болса, іске сәт.

Қуандық: Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар

Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз!

Олай бірінші сұрағымыз.

1. Белгілі бір нәрсе туралы таңбалар мен сигналдар түрінде ұсынылатын мәліметтер тобы? (ақпарат)

2. Оның көмегімен адам немесе құрылғы ақпарат қабылдайтын физикалық процесс? (сигнал)

Кәмшат:

3. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал? (компьютер)

4. Ағылшын тілінен аударғанда “қапшық” деген мағынаны білдіретін ұғым? (файл)

Қуандық:

5. Баспаға басып шығаратын құрылғыны ата? (принтер)

6. Жалған немесе ақиқат болатын кейбір пайымдау қалай аталады? (пікір)

7. Миллиондаған компьютерлерді өзара байланыстыратын желілер жиыны? (интернет)

Кәмшат:

8. Графикалық объектілермен жұмыс істеуге арналған Windows қолданбалы бағдарламасы? (Paint)

9. Жақтаулармен шектелген экрандағы төртбұрышты аймақ? (терезе)

10. Экранның төменгі жағындағы жіңішке сұр жолақ? (есептер тақтасы)

Сонымен «Бәйге» кезеңіміз аяқталды. Осы кезеңді қорытындылайық.

Қуандық: 1946 жылы американ математигі Джон Фон Нейман өз мақаласында ЭЕМ-нің жұмысы мен құрылымының принциптерін баяндады. ЭЕМ жұмысының басты принципі – жадта сақталатын бағдарлама принципі. Мақалада баяндалған идеялар «Джон Фон Нейманның ЭЕМ архитектурасы» деп аталып, осы идеяның негізінде 1949 жылы EDSAC машинасы құрастырылған екен.

Кәмшат: Иә, Қуандық мұндай мәліметтерді құрбыларымызда біліп жүрсін. Ал ойынымыздың келесі кезеңі «Ғажайып жетілік» деп аталады. Бұл кезеңде ойыншыларымызға нөмірленген ұяшықта мектептегі жеті пән бойынша сұрағымыз және екі арнайы сұрағымыз бар. Ұяшықты бірінші болып ұпайы аз оқушы ашады. Егер ойыншы дұрыс жауап бере алмаса, келесі ойыншы жауап беру құқығына ие болады. Олай болса құрбыларымызға іске сәт демекпіз.

Қуандық:

Сол жақтағы 20: (Арнайы сұрақ) Арнайы сұрақты информатика пәнінен жүргізілетін «Web-жобалаушы» үйірмесінің мүшесі Асан Аяулым қояды.

Калькуляторды іске қосу жолын атап бер? (Пуск – Программы – Стандартные – Калькулятор)

Ортадағы 20: (Биология)

Сол жақ қарыншадан басталып, оң жақ құлақшаға құятын қан жолы қалай аталады? (қанайналымның үлкен шеңбері)

Оң жақтағы 20: (Химия)

Метал атомдарынан және қышқыл қалдықтарынан түзілген күрделі заттар қалай аталады? (тұздар)

Кәмшат:

Сол жақтағы 30: (Математика)

1-ден 50-ге сандар арасында 4 саны неше рет кезедеседі? (15 рет)

Ортадағы 30: (География)

Сібір антициклонының Алакөл ойысы арқылы солтүстік батыстан, оңтүстік шығысқа, Орталық Азияға қарай соғатын күшті жел. (Сайқан желі)

Оң жақтағы 30: (Орыс тілі)

Сколько наклонений имеет глагол? (3 наклонений)

Қуандық:

Сол жақтағы 40: (Физика)

Қандай жағдайда дене сұйықтың бетінде қалқып тұрады? (дененің тығыздығы сұйықтың тығыздығынан төмен болған кезде)

Ортадағы 40: (Қазақ әдебиеті)

Жүрегімнің түбіне терең бойла

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла... осы екі жол өлеңнің авторын ата және қалған екі жолын айтып бер?

(Соқтықпалы соқпақсыз жерде өстім

Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма) Абай Құнанбаев

Оң жақтағы 40: (Арнайы сұрақ) Арнайы сұрақты информатика пәнінен жүргізілетін «Web-жобалаушы» үйірмесінің мүшесі Айтмұқаш Аймухамед қояды.

Компьютермен жаңа танысқан кезде ең алғашқы үйренген графикалық редактор қалай аталады? (Paint бағдарламасы)

«Ғажайып жетілік» кезеңін қорытындылайық және ойынымыздың шарты бойынша ұпайы аз ойыншымызбен қоштасуға тура келеді.

Кәмшат: Кеңестер Одағындағы бірінші ЭЕМ 1947-1948 жылдары академик Сергей Алексевич Лебедевтің басшылығымен жасалып, оны МЭСМ яғни, Малая Электронная Счтеная Машина деп аталып, кейіннен 1952-1953 жылдары оның жетілдірілген түрі БЭСМ, Большая Электронная Счетная Машина пайда болды. Ол 1 секундта 10 000 амал орындаған екен.

Қуандық: Осы электронды есептеуіш машиналар бірнеше буындардан тұрады екен. 1960 жылдан бастап бұрынғы Кеңестер Одағы екінші буындағы ЭЕМ-дер шығара бастады. Олар: «М-220», «Урал - 16», «Минск - 32», т.б. Қазіргі біздің қоғамда қолданылып жүрген компьютерлер бесінші буындағы компьютерлерге жатады.

Кәмшат: Ең қиыны жарыстың жорға келді,

Мықтылары қалыпты, жеңсін енді.

Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай,

Осы ойыннан көреміз ерен ерді – дегендей «Жорға» кезеңіне көшейік. Бұл кезеңде бір минут ішінде 15 сұрақ оқылады және әр сұраққа 10 балл беріледі. Сұрақтар А және Б нұсқасынан тұрады. Нұсқаны таңдау құқығы ұпайы аз ойыншыға беріледі. Дайын болсаңдар бастайық.

А нұсқасы

1. Компьютердің ең кіші өлшем бірлігі? (бит)

2. Деректерді өңдеуге, компьютер жұмысын басқаруға арналған құрылғы. (процессор)

3. Адам мен компьютер арасындағы қатынас қалай аталады? (интерфейс)

4. Бағдарламалардағы ағылшын тіліндегі “EXIT” сөзінің мағынасы? (шығу)

5. Басқа бағдарламаларда “көбейтілетін” және “жұғатын” бағдарлама түрі. (вирус)

6. Файлда ақпаратты қысу процесі қалай аталады? (архивтеу)

7. Архивтелген файлдарды қалпына келтіру процесі.(архивтен шығару)

8. Компьютердегі мәліметтерді ұйымдастыратын бағдарлама. (Операциялық жүйе)

9. Ішкі және сыртқы болып бөлінетін деректерді және аралық мәндерді сақтайтын құрылғыны ата? (жад)

10. Өңделген нәтижелерді қолайлы түрде баспаға шығаратын құрылғыны ата? (принтер)

11. Сандарды белгілі бір мәні бар символдар көмегімен бейнелеу (санау жүйесі)

12. Ақпарат алмасу үшін қолданылатын стандартты код кестесі. (ASCII коды)

13. Билл Гейтс “Жас программисттер” клубын кіммен бірге құрды? (досы Пол Аленмен)

14. Билл Гейтс MICROSOFT фирмасын қай жылы құрды?(1975)

15. Бір жолға қанша символ жазуға болады? (256 символ)

Б нұсқасы

1. Компьютердің ең үлкен өлшем бірлігі? (гигабайт)

2. Компьютер экранына ақпарат шығаратын құрылғы. (монитор)

3. Телефон мен компьютер арасында байланыс ұйымдастыратын құрылғы (модем)

4. Бағдарламалардағы ағылшын тіліндегі “CANCEL” сөзінің мағынасы? (болдырмау)

5. Вирусқа қарсы бағдарлама қалай аталады? (антивирус)

6. Жазба әріптерді үлкен әріптерге және керісінше өзгертуге арналған перне. (CapsLock)

7. Латынның “Informatio” – сөзінің қазақ тіліндегі баламасы. (түсіндіру, баяндау)

8. Тышқанның астындағы кілемше не үшін пайдаланады? (тышқан сырғымау үшін)

9. PAINT бағдарламасы қандай редактор? (графикалық)

10. 1 Килобайт неше байтқа тең? (1024 байт)

11. Санау жүйесі қаншаға бөлінеді? (2-ге бөлінеді)

12. ASCII кодтау кестесіндегі 0-ден 128-ге дейінгі бөлігі қалай аталады? (стандартты бөлік)

13. Билл Гейтс алғашқы компьютерлік бағдарламасын неше жасында құрды? (13)

14. Кішігірім дыбыстық файлдарды дискіге жазуға мүмкіндік беретін бағдарлама (фонограф)

15. Файл аты неше символдан тұрады? (8 символдан)

Қуандық: Сонымен, бүгінгі «Кім көп біледі?» атты интелектуалды тәрбие сағатымызды қорытындылап, жеңімпазды ортаға шақырайық. Жеңімпазды мектебіміздің атынан «Мақтау қағазымен» марапаттаймыз.

Әлібаев Ерқанат Әуетбекұлы – 1980 жылы қазан айының 12 жұлдызында Панфилов ауданы, Алмалы ауылында дүниеге келген. Аталған ауылдағы Елтінді батыр атындағы орта мектепте 7 жылдан астам уақыт информатика пәнінен сабақ беріп келеді. І санаттағы тәжірибелі ұстаз. Облыстық, аудандық білім басқармаларыyнан алған марапаттары бар. Облыстық «Алтын диск» байқауының ІІІ дәрежелі диплом иегері және аудандық информатика пән бірлестігінің жетекшісі.

Автор:
Әлібаев Ерқанат Әуетбекұлы, информатика пәнінің мұғалімі, Елтінді батыр атындағы орта мектеп, Алмалы ауылы, Панфилов ауданы.