Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Әкімшілік айыппұлдарды өндіруде кедергі көп


4 декабря 2017, 13:28 | 1 120 просмотров



Алматы облысының сот орындаушыларының өндірісінде 86 349 әкімшілік айппұлдарды өндіру туралы істер болған, оның ішінде 38 619 өндіру ісі өндіріспен аяқталып, ол өндірістердің 44,7% құрайды. Бұл туралы Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстық Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитет басқармасының басшысы Тазабеков Булат баяндады.

Әкімшілік айыппұл — бұл заң бұзушыларықтарды алдын алуға бағытталған, құқық бұзушыларға материалдық ықпал ету құралы. Оның негізгі мақсаты әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, құқық бұзушылықты жасаған тұлғаны заңнама талаптарын сақтауға тәрбиелеу.

Сондай-ақ, әкімшілік айыппұлдарды өндіру Заңда көрсетілгендей борышкердің ақшасынан, мүлкінен, дебеторлық қарызынан, жалақсынан және басқа табыстарынан өндіріп алу арқылы, сондай-ақ басқа да тәсілдер арқылы сот орындаушыларымен өндіріледі.

«Әкімшілік айыппұл салу туралы қаулыларды орындамау ең алдымен әкімшілік жазаның мақсаттарына жетпеуге әкеліп соғып, құқық бұзушылықты алдын алуға бағытталған жұмыстарды жоққа шығарады. Уәкілетті органдардың қаулыларының іс жүзінде орындалмауы формалды, керегі шамалы жұмысқа айналады. Сонымен қоса, мемлекет қазынасына қыруар қаражат түспейді. Әкімшілік айыппұлдар бюджетті толтырудың толыққанды көзі болудан қалды», — деді Б.Тазабеков.

Айта кетейік, ӘҚБтҚРК-нің 61 бабына сай әкiмшiлiк жаза қолданылып, кейін өтелген күннен бастап,  бiр жыл ішінде аталмыш жаза  автоматты түрде деректер қорынан жойылады.

Автор:
Taldykorgan-online.kz


Комментарии


Комментариев нет.

Контент устарел, комментирование закрыто