Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жетісулық тәртіп сақшылары жаңа көлікке ие болды


4 декабря 2017, 13:29 | 1 136 просмотров



Тұңғыш Президент күні қарсаңында Алматы облыстық ішкі істер департаментіне 29 жаңа автокөлік берілді.

Салтанатты жиында жас мамандар ант қабылдап алғашқы офицерлік атақтарын алды. Мінсіз қызметтері үшін 120-дан астам полиция қызметкері құрмет грамотасы мен алғыс хаттармен марапатталды.

Сондай-ақ,төтенше жағдайлар қызметіне жол талғамайтын  әртүрлі 10 көліктің кілті табыс етілді. Жалпы  биыл өңірдің тәртіп сақшыларына әртүрлі санаттағы 100 автотехника табысталып, 63 учаскелік полиция пункттері ашылды. Келер жылы учаскелік инспекторларға тағы 150 қызметтік үй және пункт салынады деп жоспарлануда.

Автор:
Taldykorgan-online.kz


Комментарии


Комментариев нет.

Контент устарел, комментирование закрыто