Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Еңселі Елордам – рухани кең ордам


5 декабря 2017, 10:51 | 1 134 просмотра



Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы ЖМУ-да салтанатты  шара ұйымдастырылды.  «Еңселі Елордам – рухани кең ордам» тақырыбында өткен ауқымды акция Астананың 20 жылдығына арналған. Оған аталған білім шаңырағының студенттері, жастар ұйымының белсенділері  мен өнерпаздар қатысты.

Әуезді ән, мың бұралған би,  сахналық қойылыммен  басталған мәдени шара жиналған қауымның көңілінен шықты. Университеттің иннаовациялық жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі проректоры Мхтар Төлегеннің айтуынша, мұндағы мақсат – өскелең ұрпақты елін, жерін сүйіп, өз Отанының патриоты болуға тәрбиелеу. Сондай-ақ, еліміз Тәуелсіздік алған ширек ғасырдан астам уақыт ішінде жеткен жетістіктерді атап өту арқылы Астананың айбынын асқақтату. Осы барыста бас қаланың мәртебесін жалынды жыр жолдарымен жеткізем деушілер үшін арнайы байқау жарияланды. Облыс аумағындағы  жоғары оқу орындары мен колледждердің шәкірттері арасында өтетін жыр мүшәйрасының жеңімпаздары алдағы уақытта анықталмақ.


Комментарии


Комментариев нет.

Контент устарел, комментирование закрыто