Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Түбір мен қосымшаның жазылуы


23 июля 2010, 10:49 | 6 704 просмотра


Тақырыбы: Түбір мен қосымшаның жазылуы

Мақсаты: 1. Түбір мен қосымшаның жазылу жолдарын түсіндіру.

2. Сөздер ойлату арқылы тілін, сөз қорын дамыту.

3. Ұқыптылыққа, таза, әдемі жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілі: Түсінідіру, сұрақ-жауап.

Пән аралық байланыс:дүниетану сабағы.

Көрнекілік: Суреттер, сызбалар, үлестірмелер.

Сабақтың өту барысы

І. Ұйымдастыру

Сынып даярлығын тексеру, оқушыларды түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Өтілген тақырыпты бекіту.

Қыста киімін тастайды,

Көктемде киіне бастайды.

Ол не?

- Терек.

- Біз дүниетану сабағында өсімдіктердің өсуі жайлы өтіп жатырмыз.

- Ендеше, балалар біз бүгін теректің өсіп-өну құрылысы арқылы сабағымызды тиянақтаймыз.

- Терек не арқылы өсіп, өзінің бойына нәрді қалай алады?

- Негізгі тамыр арқылы.

- Негізгі тамырымыз, түбір сөз.

- Түбір сөз дегеніміз не?

- Тағы қандай тамырлары болады?

- Қосымша тамырлары

- Қосымша дегеніміз не?

- Қосымша тамырларымыз жұрнақ, жалғау

- Енді теректің діңі болады.

- Ол туынды сөз.

- Туынды сөз дегеніміз не?

- Теректің діңінен не таралады.

- Бұтақтар таралады.

- Ол түбіолес сөз.

- Түбірлес сөздер деген не?

- Бұтақтар көктем кезінде бүршік атады, жапырақ жаяды.

- Ендеше балалар түбірлес сөздерден жапырақ сияқты бірнеше сөздер туады.

- Теректің сызбасы арқылы сабақты қайталап шығамыз.

ІV. Сабақтың тақырыбын және мақсатын хабарлау

VІ. Жыр-шы, жыр-лар, жыр-ды,

Талап-ты, талап-кер, талап-пен,

Сүт-тей, сүт-ке, сүт-тен.

Қосымша жалғанғанда түбір сөздер көбінесе өзгермейді.

Жұмыс+шы+лар, сурет+ші+лер.

Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымшалар да жуан болады.

264-жаттығу.

Сөйлемдерді түсініп оқу. Қарамен жазылған сөздерге қосымша жалғап жазу. Түбір сөзге жалғанған қосымшаның жуан, жіңішке екенін анықтау.

265-жжаттығу.

Көп нүктенің орнына -лар, -лер, -тар, -тер, -дар, -дер жалғауларының тиістісін қойып жазу.

VІІ. а) Үлестірмелі карточкаларды тарату.

Оқу

Жұмыс

Ой

Бала

Сөздеріне жалғаулар жалғап сөйлем құрап жазу.

б) Шығармашылық диктант.

Көктем... қар ериді. Күн жылына бастайды... . Жылы жақтан құс... келіп жатыр. Сайлар... су ағады. Дихан жер жыртады, егін сала... . Оқушылар мектеп ауласы... ағаш отырғызады. Адамдар ауыл маңын тазалау... кіріседі.

Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойып, жазылған сөздерді сөз құрамына талдау.

VІІІ. Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау.

ІХ. Үйге тапсырма

266-жаттығу. Ереже жаттау.

Автор:
Омарбекова Шайгүл, Сүмбе ауылы, Райымбек ауданы, Алматы облысы, «Абай атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесі бастауыш пәні мұғалімі.