Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жетісу – рухани қазынаға бай


8 декабря 2017, 11:30 | 1 134 просмотра



Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген негізгі міндеттерді жүзеге асыру мақсатында бүгін І. Жансүгіров атындағы ЖМУ-да «Киелі — Жетісу» атты дөңгелек үстел өтті. Онда Қазақстанның макросакралды және микросакралды нысандар тізіміне енген қасиетті орындар жайында әңгіме өрбіді.

«Ұлттық құндылықтарымызды жоғалтпай, киелі мекендерді келешек ұрпаққа насихаттау – біздің басты борышымыз», — дейді жиынға келгендер. Арнайы басқосуға тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталықтың қызметкерлері, ЖМУ тарих кафедрасының профессорлары және оқытушылар мен студенттер қатысты.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы ұсынып отырған аталмыш үндеуге байланысты «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы жарияланған болатын. Жоба аясында республикалық көлемдегі белгілі ғалымдар мен сарапшылардың іріктеуі бойынша Алматы облысынан макросакралды нысандар тізіміне – 16, микросакралды нысандар тізіміне – 42 қасиетті орын ұсынылған. Дөңгелек үстелге жиналғандар әлі де құпиясы ашылмай, ескерілмей жатқан киелі орындардың барын айтып, тізімге енгізу керектігі жайында ұсыныстарын білдірді. Жойылудың азақ алдында тұрған нысандарды қалыпқа келтіріп, жастарды өткен тарихымызға құрметпен қарауға шақырды.


Комментарии


Комментариев нет.

Контент устарел, комментирование закрыто