Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Әдеп – ізгілік бастауы


8 декабря 2017, 11:32 | 1 196 просмотров



Мемлекеттік қызметшілерге қойылатын басты талаптардың бірі – әдептілік. Бүгінде қарапайым халық пен билік арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, ізгілікті дәріптейтін бұл іске баса назар аударылуда. Мәселен, үстіміздегі жылдың 11 айында Алматы облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің 12 отырысы өтіп,  жалпы 92 мәселе қаралған. Оның 62-і  тәртіптік іс болса, 6-ы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қарсы ішкі талдау. Ал, 11-і  мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шарасы бойынша.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз  мәслихатында облыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменттің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Ұлан Қалжанов жеткізді. Сондай-ақ, Ұлан Серікұлы: « Жалпы Әдеп жөніндегі кеңес өз қызметін заңды түрде жүзеге асырады. Мұнда заңдылық, әдептілік, әділдік, жариялық және қоғамдық пікір жан-жақты ескеріледі. Осыған дейін өңірде 1300-ден астам іс-шара ұйымдастырылды. Бұл негізінен  мемлекеттік қызмет көрсету, қызметшілердің әдеп сақтауы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған. Сонымен бірге аймақтағы Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы азаматтардың жеке сұрақтары  бойынша 57 қабылдау өткізді. Міне, бұл әрбір мәселені дер кезінде шешуге тиімді. Осы уақыт ішінде  мемлекеттік қызметті бақылау басқармасы 100-ден астам тексеріс және 12 рейд  жүргізді. Нәтижесінде 568 бұзушылық анықталып, 41 мемлекеттік қызметші жазаланды. Қызметтік  көлікті  беталды пайдаланып,  Әдеп талаптарын бұзған 7 іске нүкте қойылды.

 Жалпы биыл Қазақстан Республикасының құқықбұзушылық Кодексі  бойынша 20 әкімшілік іс қозғалып, 1млн. 200 мың теңгеден астам қаражат өндірілді» -деді. Осыдан соң ол БАҚ өкілдері қойған түрлі сауалдарға жауап берді.


Комментарии


Комментариев нет.

Контент устарел, комментирование закрыто