Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Өтенай ауылдық округінің әкімі сайланды


8 декабря 2017, 05:33 | 3 589 просмотров



Бүгін Талдықорған қалалық мәслихатының депутаттары Өтенай ауылдық округінің әкімін сайлады. 15 депутаттың жасырын дауыс беруі арқылы өткен сайлауда додаға қайта түскен округтің әкімі Жетібаев Ерлан Нұржігітұлы жеңіске жетті.

Талдықорған қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Ермұхан Жапсарбаевтың айтуынша, сайлау барлық талапқа сай өткен.

dauy-s-300x200.jpgавторы А.Нұршанов

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабы, 4-тармағы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36-бабы,  Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 28-қарашадағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы» №438 Жарлығына сәйкес, Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің  өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты өткізілген сайлауда 2 үміткер сынға түсті. Бірі Ерлан Жетібаев болса, екіншісі Нұртас Қиялбеков. Олар сайлау алды бағдарламаларын БАҚ беттерінде жариялап, мәслихатта қорғады. Сайлау қорытындысы бойынша 10 депутат Е.Жетібаевқа дауыс берсе, 5 депутат бұл лауазымға Н.Қиялбековты лайық деп тапты» дейді Ермұхан Жапсарбаев.

erlan-218x300.jpg

Жетібаев Ерлан Нұржігітұлы 1986 жылдың 3-желтоқсанында Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қайнарлы ауылында дүниеге келді. Ұлты — қазақ. Екі жоғарғы білімі бар. Еңбек жолын 2008 жылы Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімінен жетекші маман болып бастап, облыстық Кәсіпкерлік басқармасында бас маман қызметіне өскен. 2013 жылы желтоқсан айынан бастап Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған.

Әкімнің сайлауалды бағдарламасында «Ауылдық жерлерге тән ауыз су, суармалы арық суын жеткілікті көлемде жіберу, арық жүйелерін тазарту, қоғамдық жолаушылар тасымалдау көліктерінің ауылға қатынасы, көшелерге түнгі жарықтар орнату, апаттық күл-қоқыс алаңдарын жою, ауылды абаттандыру, тұрғындардың өмір сүру деңгейін жоғарылату және олардың заңды құқықтарының орындалу мәселелерін уақытылы шешу жұмыстарын бар мүмкіндігмше орындаймын» делінген.

Олай болса, іске сәт, Ерлан Нұржігітұлы!

Автор:
Taldykorgan-online.kz