Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Желтоқсандықтарға құрмет


12 декабря 2017, 12:33 | 1 168 просмотров



Дархан халықтың сенімін жоғалтып, қазына байлығын қасқырша талап,мәңгүрт жасауға тырысқан кеңестер одағының солақай саясатына қарсы шығып, қайсарлық танытқан жастарымыздың ерен ерлігі ел есінде қала бермек.

Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің бастауы болған Желтоқсан оқиғасына қатысқан талдықорғандық қыз-жігіттерді  аптаның алғашқы күні  Талдықорған қаласының әкімі Бағдат Қарасаев қабылдады. Ашық әңгіме форматында өткен кездесуде сол дүрбелең оқиға  қайта көз алдымызға келгендей.

Күллі әлемді дүр сілкінткен 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғасы қазақ топырағына ұлттық санасын намысы жетелеген жаңа әрі қайсар буынның келгенін әйгіледі емес пе.  Қазақ Республикасының 70 жыл уақыт аясында Орталықтың әкімші саясатынан іште беріш боп қатқан ашу-ызасы тұңғыш рет осы буынның мінезі арқылы сыртқа шықты және бұл қайта құру кезеңінің ұранына сай бүкіл Совет Одағындағы жаңа демократиялық қозғалыстың басы болды. Содан бері 31 жыл уақыт та қас қағым сәттей өте шықты.Осы жылдар ішінде атқарылған шаруалар аз емес.Жеріміз де еліміз де көркейіп, бүгінде озық мемлекеттер қатарынан ойып орын алуға ұмтылудамыз.Талдықорған қаласының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішімен таныстырған қала басшысы атқарылған жұмыстарға  тоқталды.  Өз кезегінде сөз алған желтоқсандықтар  да  Ел тәуелсіздігіне қосқан үлестерінің маңыздылығын ескеріп, жыл сайын түрлі деңгейде қабылдаулар өткізетін облыс,қала басшыларына алғыстарын білдірді. Кездесу соңында лайықты марапаттарға ие болған желтоқсандықтар Бағдат Әбілмәжінұлымен естелік суретке түсті.