Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Бала жанының бағбаны - мұғалімдер туралы аз сөз


23 июля 2010, 11:01 | 3 496 просмотров



Алматы облысы Көксу ауданы

№12 орта мектебі жанындағы интернатымен педагог-ұйымдастырушысы Жуман Мергенбек

Жұмыс өтілі 2 жыл, I санатты

Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев: «Қазақстанның болашағы-бүгінгі жастар. Сіздер оларға қалай білім берсеңіздер, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» - деген болатын.

Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің білгірі ғана емес педагогикалық- психологиялық, саяси экономикалық білімді және ақпараттық сауатты, заман талабына сай, білім беруде жаңашыл, шығармашылықпен жұмыс жасап, оқытудың жаңа технологияларын шебер меңгерген, іздену мен зерттеуден шаршамайтын жан болғанда ғана жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.

Қазақ ағартушысы М. Жұмабаев «...Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» деген.

Жас ұрпаққа білім-тәрбие беретін бала жанының бағбаны мұғалімдер қандай болуы керек? Біріншіден, мұғалімнің ары таза, адал, инабатты, иманжүзді, сыпайы, парасатты, байсалды, ұстамды, төзімді, кешірімді болуы шарт. Екіншіден, мұғалімнің ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, өз мамандығына сай, оны сүйетін, өз ойын шәкірттеріне анық, тұжырымды, дәл айтып түсіндіре білуі шарт. Үшіншіден, мұғалім өз оқушыларына беделді, ұжым арасында сыйлы болуы шарт. Әрдайым оқушыларымен әдептілік қарым- қатынаста болғаны жөн.

Бүгінгі күні ұстаз бен оқушы арасындағы қарым-қатынастың өз деңгейінде болмай тұрғаны жаныңды қинайды. Кейбір оқушылардың мұғалімдерді сыйламай, құрметтемей, болашақ ұрпақтың сапалы білім, саналы тәрбие алуына нұқсан келтіріп, кері әсерін тигізіп отырған жайы бар. Сондықтан ғылым-техника ұшқан құстай дамыған мына жаһандану заманында әрбір ұстаз оқушыдан қай жағынан болсын оқ бойы алда жүргені абзал.

Міне осы талаптардың барлығын қанағаттандырсақ ғана ұстаздардың қоғамдық ортадағы беделі арта түспек. Оқушылар үшін жан-жақтылы үлгі боларлық биік шыңдардан көріне білсек, жас ұрпағымыз «Ұстазыңды ұлы әкңдей сыйла!» - деген ұлағатты сөзге тоқталары анық.

Автор:
Жуман Мергенбек