Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Ұмтылыс. Жігер. Ізденіс


19 декабря 2017, 11:09 | 1 119 просмотров



Тәуелсіздік жылдарында табысқа жетіп, еліміздің өркендеуіне өзіндік үлесін қосып жүрген азаматтарды халыққа кеңінен насихаттау мақсатында  “100 жаңа есім” жобасы  ұйымдастырылған болатын. Еліміздің түкпір-түкпірінен өтініш білдірген азаматтардың арасынан оза шығып, “100 жаңа есімнің” қатарына жерлесіміз, жас кәсіпкер Елдос Баялышбаев  енді.

— Маған аталмыш жобаға қа-тысуға ең әуелі ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі, одан кейін облыстық әкімдік, ішкі саясат, жастар саясаты  ұсыныс білдірді. Қатысқаныма өте қуанышты болдым. Қаншама халық дауыс бергеніне қарап, менің өмірбаяным ұнаған ғой деген кеудемді қуаныш кернеді.  Ол жерде “аға-көкесі”, “тамыр-танысы” барлар өтеді деген жоқ. Өздерінің  еңбектерімен шынайы тұрғыда жеңіске жеткендер екені бірден көрініп тұрды. Барлығы да өте қарапайым адамдар. Әр түрлі сала бойынша жетістікке жеткендермен бас қостық. Ол жерде мың  сәбиге ота жасап, соншама шаңыраққа шаттық сыйлаған   дәрігер де болды.  Біз шынымен ол туралы білмейміз. Олардың жанынан өте шығамыз. Жасыратыны жоқ, барлығымыз да өнер адамдарын  үлгі тұтамыз. Ал, ол кісі қарап тұрсаңыз  адам өмірін сақтап қалған.  Расында да жеңіске лайықты деп ойлаймын. Ол жерде үлгі алатын адамдар көп болды. Күнделікті «Біз барлығын да ойдағыдай атқарып жатырмыз» деп ойлаймыз. Белгілі бір белестерді бағындырып, талмай еңбек етіп жатқандарға қарап әлі де көп жұмыс жасау керек екен деген ойға келесің. Елбасымызбен кездесу маған қанат бітірді десем, артық айтпаған болар едім.  “Қазақстанның болашағы сендерсіңдер, жастар. Көп еңбектеніңдер, осы қарқынмен тоқтап қалмаңдар. Кез келген салада мықты маман болуға болады. Әрдайым өз Отандарыңды ұмытпаңдар” деп ақылын айтып, біздерді жігерлендірді.

Фатима Омарова, Елдостың анасы: “100 жаңа есімнің” қатарына енгеніне өте қуаныштымын. Көптеген жақсы адамдармен кездесіп, жігерленіп қайттық. Ол жақта баламның жетістігін өте жоғары бағалады. 2011 жылы жол апатына ұшырағанда толықтай сал болып қалады деген. Тәуба! Құдайға шүкір! Отбасымыздың қолдауымен, көпшіліктің батасымен,  өзінің еңбегімен осы дәрежеге жетті. Мұнымен тоқтамаймыз.  Бұйырса, аяғынан толықтай тік тұрғызамыз деп ойлаймыз. Сол үшін жұмыс жасап жатырмыз. Алла бір жағынан қиыншылық берсе, екінші жағынан жолын  ашады екен. Бұған менің көзім анық жетті.

Елдос Қайыркенұлы аймағы-мызда тұңғыш болып мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған “Асар” спорттық-сауықтыру орталығын  ашып, ауқымды істі қолға алды. Сонымен қатар, Алакөлдің  жаға-лауында  пансионат ашты. Тал-дықорғандық жас кәсіпкер  әлеу-меттік және кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға арналған “Startup Bolashak” байқауында екі мың жобаның арасынан жартылай кезеңге өтіп, 20 үздіктің қатарына енді. Кәсіби мамандардан арнайы дәріс алып, мол тәжірибе жинады. Жүлделі екінші орынға ие болып 5 миллион теңгеге қол жеткізді. Жас кәсіпкердің жобасын сәтті қорғауының арқасында “BI Group”  компаниясы қатысушылардың арасынан Елдосты таңдап, қосымша 3 миллион теңге табыстады. Міне, соның нәтижесінде жалпы алаңы 170 шаршы метрді құрайтын, бір мезетте отыздан аса емделушіні  қабылдай алатын пансионат ашты. Кәсіпкердің айтуына қарағанда, суының емдік қасиеті бар бұл аймақ — тірек-қозғалыс және жүйке жүйесін қалпына келтіруге ықпал етеді. Жатын орын, үш мезгіл аспен қатар ем қабылдаушыларға инватакси, жүзу жаттықтырушылары, тренажерлік жаттығу сынды қызмет түрлері  көрсетіледі. Сондай-ақ, бөлмелердің ішінде және нысанның аумағында қоларбамен еш алаңсыз жүруге арналған кедергісіз жол да қарастырылған.

— Зақым  алғаннан кейін Алакөлге жиі баратынмын. Менделеев кестесіндегі барлық байлық жинақтал-ған суының емдік қасиеті бар, денсаулыққа пайда-лы. Нәтижесін сездім. Жақсы жүре бастадым. Алайда, жан-жағыма қарап  өзім сияқты адамдарды байқамадым. Сол кезде неге  деген сауал туында-ды. Түсінгенім бойынша, ол жерде қолайлы жағдай жасалмаған. Судың жаға-сында еш қиындықсыз  қоларбамен жүре алатын арнайы жер жоқ. Сол себепті өзім тәрізді адамдар көп келмейді. Ойлана келе пансионат ашқым келді. Менің тоқтауыма еш себеп жоқ болды. Бірден осы істі қолға алдым. Бұның барлығын жасау оңай емес, әрине. Байқап қарасаңыз пансионат деген көп. Ал, мұның басты ерекшелігі — мүмкіндігі шектеулі жандарға арналғандығында.  Мен осы ойымды іске асыру үшін инвестицияны ұзақ уақыт іздедім.  “Startup Bolashak” байқауының арқасында ол орындалды. Мүгедек жандардың мұқтажын қамтамасыз етуді және олардың өздерін қоғамымыздың толыққанды мүшесі ретінде сезінуін жобаның басты мақсаты ретінде қарастырдым.

Кәсіпкердің кезекті  жетістіктерінің бірі — Жапон елінің “Корни травы” бағдарламасы аясында грант ұтып алуы.  Жобаның атауы “Оңалту құрылғыларын сатып алу” деп аталады. Халықаралық бұл бағдарламаның басты мақсаты — қарапайым халыққа қолдау көрсету және адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. 1997 жылдан бастап аталмыш бағдарлама бойынша біздің елімізден 75-тен астам шағын жоба іске асырылған. Екі айлық жұмыстың нәтижесінде Жапон елшілігі жас кәсіпкердің жобасына қызығушылық танытып, Мариоко Цунокаке мен бағдар-лама үйлестірушісі Ардақ Қыды-рова орталыққа келіп, атқары-лып жатқан жұмыстар легімен  танысып қайтқан болатын. Ал, орталықтың басшысы Астана қаласында Жапония елшісі Итиро Кавабатамен кездесіп, өтінім толығымен мақұлданды. Нәтиже-сінде емделушілердің аяқтарынан тік тұрып кетулеріне әсері мол жаттығу жабдықтары  орталыққа жеткізіліп, пайдаланылуда. Әлде-қайда сапалы, әрі  өте ыңғайлы  құрылғылар оң әсерін тигізуде.

Елена Фролова, Ресей Феде-рациясының азаматы:

— Мен орталық жайында ға-ламтордан білдім. Алғаш келгенде қолымды мүлдем жоғары көтере алмайтынмын. Ал, қа-зір жақсы қозғала бастадым.  Барлығы ойдағыдай.

Абдыкаар Адинаев, Қырғызстан Республикасының азаматы:

— Мен  Бішкек қаласының тұрғынымын. Дертіме шипа іздепосында келген едім. Екі аяғымның бар екенін сезіп, үздіксіз жатты-ғулардың арқасында жақсы нә-тижелерге қол жеткізудемін. Қуаныштымын!

Үнемі ізденісте жүретін Елдос байқауларға қатысудан бас тартпайды. Керісінше қуана-қуана келісім беретіндігін жеткізді. Қазіргі таңда да ауқымды  істі бастауға ұйытқы болар жобамен айналысуда. Емделушілер еліміздің түкпір-түкпірінен, алыс-жақын шетелден келетіндіктен  баспана жа-ғы қиыншылық тудырады. Осы олқылықтың орнын толықтыру мақсатында қоларбаға таңылған жандарға ыңғайлы болатын “Hostel” жобасын қолға алуда. Идея дайын, енді тек жүзеге асыру  ғана қалды.

Асарлықтар көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетуден ешқашан аянып қалмаған. 2016 жылы туылғанынан сал ауруына шалдыққан Радамираның еміне арнап “Жүректен жүрекке” атты қайырымдылық концертін ұйымдастырды. 1 маусым — халықаралық балалар күніне орай  мүмкіндігі шектеулі жасөспірім-дерге арналған мерекелік кеш өткізді. Сондай-ақ, “Bastau Camp”  байқауына қатысып, 38 жобаның арасында үшінші орынға ие болды. Нәтижесінде  “Асар автоеріктілер”  идеясы  іске асып, көптеген ел азаматтары әлеуметтік қорғалмаған топтағы азаматтарға көмек қолын созуда.

Автор:
Taldykorgan-online.kz


Комментарии


Комментариев нет.

Контент устарел, комментирование закрыто