Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жаңа журнал жарық көрді


26 декабря 2017, 05:32 | 3 560 просмотров



Алматы облысында «Рухани жаңғыру» бағытындағы жаңа журнал жарық көрді. Редакциясы Талғар ауданында. Салмақты сараптамалар мен бай мазмұнды қамтыған  республикалық басылымның сүйінші данасы алдымен Талдықорған қаласында таныстырылды.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында сөз алған аталмыш журналдың бас редакторы Бахтияр Қабасов: «Дүйім жұртқа мәлім. Биылғы сәуір айында Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласы  жарық көрген болатын. Ол, бізге тарихымызды таразылап, төл мәдениетімізді, салт-дәстүр, әдеп-ғұрпымызды қайта жаңыртуға тың  серпін берді. Осы арқылы біз көптеген құндылықтарымызды, мәдениетімізді, әдебиетімізді зерттеп, зерделеп, жария етуге мол мүмкіндік алдық. Жаңа басылымның ұстанған басты бағыты да осы. Халқымыздың  жаңғыру жолындағы жетістіктері мен жеңістерін, еңбегі көпке үлгі болған жандардың ұстанымдарын паш ету. Мұнда көне замандағы көрікті қалаларымызбен тарихи ескерткіштеріміз, мәдени мұраларымыз жайлы жан-жақты мағлұматтар береледі. Сондай-ақ, «100 жаңа есім», «100 жаңа оқулық», «Қасиетті Қазақстан», «Туған жер» жобаларының кейіпкерлері де осы басылым арқылы оқырманға өз іс-тәжірибелерімен бөлісе алады. Журналда негізі ақпараттық дүниелер басылмайды. Қайта,  мәдениетке, әдебиетке, тарихқа қатысты құнды да салмақты сараптамалар қамтылатын болады. Алдағы уақытта жалпы еліміздің әр аймағында журналдың  таныстырылымын өткізу жоспарланып отыр» — деді.